Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 01/06/2018 - 15:10
    Мазмұны:

    Бүгін балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен «Достық» Үйінен орталық алаңға дейін музыкалық шеру жалғасты. Облыс бойынша шеруге 14000 жуық оқушы, оның ішінде Қызылорда қаласы мен облыстық мекемелерден 5000 оқушы мен колледж студенттері қатысты. Сондай-ақ, бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және Астананың орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтті. Шеруде әр қатысушының көркем-эстетикалық дамуы, балалардың, педагогтер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктері көрсетілді.

     

  • Дата публикации: 28/05/2018 - 15:44
    Мазмұны:

    Қызылорда облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес №1 қосымшада берілген білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы жайлы хабарлайды.

    Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.

          Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

          1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

          2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

          3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

          4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

          5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

          Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

    Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

    Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

    Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

    Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

    Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

    Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

          1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

          2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

          3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

          4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

          5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

          6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

          7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

          8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

          9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

          10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

          Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

    Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстар Облыстық білім басқармасына Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 мекен-жайы бойынша қабылданатындығы жайлы хабарлайды.

    Қосымша №1

    «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне

    қарасты ұйымдардың тізбесі

    1. «Қызылорда облысының білім басқармасының «М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    2. «Қызылорда облысының білім басқармасының «И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    3. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    4. «Қызылорда облысының білім басқармасының Смағұл Ысқақов атындағы «Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    5. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    6. «Қызылорда облысының білім басқармасының Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    7. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    8. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал индустриалды-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    9. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    10. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы аграрлы- техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    11. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    12. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    13. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    14. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    15. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

    16. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№2 облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    17. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    18. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№3 облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    19. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    20. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    21. «Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    22. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

    23. «Қызылорда облысының білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    24. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

    25. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  • Дата публикации: 18/05/2018 - 17:17
    Мазмұны:

    «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы негізінде «мемлекеттік-жекешелік әріптестік  жобаларын жоспарлаудың іске асырудың кейбір мәселелері туралы» жобасын іске асыруға жеке қаржылық бастама бойынша қызығушылық білдірушілер бойынша сұраныс білдіретіндігін хабарлайды. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 96 орындық «Рауан» инклюзивті балабақша ашу.

    1.Жобаның мақсаты:  

    Мектепке дейінгі мекемеде оның жасын және жеке ерешеліктерін, толыққанды дайындықты  және мектепте оқытудың тең мүмкіндіктерін ескере отырып, сөйлеудің ауыр бұзылулары бар балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту бойынша отбасылардың сұранымын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі мекемеде оңтайлы жағдай жасау.

    2. Жобаның техника-экономикалық талаптары:

    1) Обьектінің  орналасқан орны - Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

    2) Жер учаскесінің алаңы – 1.3040 га

    3) Жалпы алаңы – 747,8 ш.м.

    4) Құрылыс ауданы – 445,2  ш.м.

    3. Басты көрсеткіштері:

    - Мектепке дейінгі балаларды оқыту және  тәрбиелеу;

     - Сөйлеу бұзылыстары бар балаларды зияткерлік, сенсорлық, эмоцианалды-сауатты даму ерекшеліктерін түзету;

     - Сөздің бұзылуын жеңу;

     - Балаларды қоғамға бейімдеу және интеграциялау;

     -мектепке дейінгі балалардың бастамасын, қызығушылығын, еркіндігін және өзінің шығармашылық өзіндік жетілдіруі дағдыларын дамыту;

    - балалардың мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін жағдай жасау;

    4. Байланысу деректері:

    «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, тел 8/7242/ 605460, электронды пошта: e.alpisbaev@korda.gov.kz  жауапты орындаушының А.Т.Ә.Жоспарлау және есеп жүргізу бөлімінің бөлім басшысы  Е. Алпысбаев

     5. Жоба ұсынысын берудің түпкілікті мерзімі: бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.

     

  • Дата публикации: 16/05/2018 - 16:06
    Мазмұны:

    «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы негізінде «Қызылорда қаласындағы Али Мүсілимов атындағы №101 мектеп- лицейінің бу қазандығын қайта жаңғырту және сервистік қызмет көрсетуге»  туралы жобасын іске асыру мақсатында   жекеше әріптесті айқындауда конкурс өткізілетінін  хабарлайды.

    1.Жобаның мақсаты:  Жылу маусымында қаржын мәселесін тиімді пайдалану үшін  мектептерді газға қосу.

    Жобаның іске асырылу мерзімі: 3 жыл

    2. Жобаның техника-экономикалық талаптары:

    1) Объектінің орналасқан орны – Қызылорда қаласы Сәулет мөлтек ауданы Жібек жолы көшесі 60 үй  Али Мүсілимов атындағы №101 мектеп- лицейі;

    -Газбен жаңа нысандарды қамтамасыз ету ;

    - Бу қазандығын қайта жаңғырту және сервистік қызмет көрсету;

    -Аймақтағы экологиялық жағдайды жақсатру;

    - Қызметкерлерге және оқушыларға жылыту кезеңінде ынғайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;

    3. Басты көрсеткіштері:

    Осы жобаны іске асыру облыстың экономикасына инвестірлерді тарту мүнкіндік беріледі және қазіргі жағдайда мемлекеттік экологиялық саясаттың стратегиялық бағыты болып табылады.

    Жобаны іске асыру білім беру саласында оң әлеуметтік- экономикалық әсерге ие болады, сондай- ақ халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында қосымша инвестицияларды  тартуға жағдай жасалады.  

    4. Байланысу деректері:

    «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, тел 8/7242/ 605460, электронды пошта: e.alpisbaev@korda.gov.kz  жауапты орындаушының А.Т.Ә.Жоспарлау және есеп жүргізу бөлімінің бөлім басшысы  Е. Алпысбаев

    5. Жоба ұсынысын берудің түпкілікті мерзімі: бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.

  • Дата публикации: 14/05/2018 - 19:16
    Мазмұны:

    Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымына Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы тағайындалды. М. Мелдебекова 1971 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика және информатика пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы №8 мектеп-гимназиясының мұғалімі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бас маман, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары. 2017 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

     

  • Дата публикации: 05/05/2018 - 18:18
    Мазмұны:

    Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың ерен ерлігін, Отаны үшін от кешкен ержүрек жауынгерлеріміздің батырлығын дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, елжандылыққа, Мәншүк ізбасарлары ретінде Мәңгілік Елдің айбынды азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында Қызылордада «ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМ – МӘҢГІЛІК ЕЛІМЕ» атты студент қыздардың дәстүрлі «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі өтті.

    7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында облыстық білім басқармасының Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұжымының бастамасымен облыстағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының студент қыздарынан құралған жастардың дәстүрлі «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

    Аталған шеру 2017 жылы Мәншүк Мәметованың туылғанына 95 жыл толуына орай колледж студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылған болатын.

    Бұл бастама облыстық білім басқармасының, облыстық ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармаларымен  қолдау  тауып, студент жастардың «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі биылғы жылдан бастап, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелерінің қарсаңында «Жастық жалыным-Мәңгілік Еліме!» тақырыбында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын болып шешілді.

    Жалпы саны 450 адамнан тұратын студент қыздар мен әскери қызметші қыздардан құралған колонна салтанатты шараны Мәншүк ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюдан бастап, қаланың Қорқыт Ата-Желтоқсан -Толыбеков көшелерімен жүріп өтіп Тағзым алаңында сап түзеді.

    Патриоттық шеру қала жұртшылығы, Соғыс ардагерлері, облыс және қала әкімдігі мен облыстық маслихат хатшылығы, Нұр отан партиясының Қызылорда облыстық филиалы басшылығы мен қала жастары қатысатын салтанатты шарамен жалғасты.

    Салтанатты мереке М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің өнерпаз жастары мен  «Япурай» хор ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен көркемделе түсті. 

    Шара барысында Оңтүстік өңірлік Қолбасшылығының Ұлттық Ұлан №55-47 әскери бөлімінің жауынгерлері әскери қимылдарын көрсетті.

    Көшбасшы студенттердің флэшмобтық қолдау биі орындалып, «Отан», «Жеңіс» сөздері  көпшлілік студенттің көмегімен жазылды.

    Шара соңында «Мәншүк маршына» қатысушылар, ардагерлер мен құрметті қонақтар Тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті.

    Аға ұрпақ алып берген ҰЛЫ ЖЕҢІС мерекесі қарсаңындағы «Мәншүк маршы» шеруі жастарымызды жетістіктерге жігерлендіріп, қиындықтарды жеңуге, алға ұмтылуға жетелейтін рухани бастаманың көзіне айналды.

  • Дата публикации: 23/04/2018 - 15:04
    Мазмұны:

    2018 жылдың сәуір айының 20-22 аралығында Қызылорда жоғары медициналық колледжінің ғимаратында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жұмыс жасайтын мамандардың (әлеуметтік педагогтар, психологтар) кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған семинар өткізілді.

    Семинар «Өмірлік қиын жағдайға тап болған (бұдан әрі ӨҚЖ)  7 жастан 15 жасқа дейінгі  балаларға/отбасына арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартын енгізуге бағытталған ӨҚЖ балаға және отбасына қолдау корсету Орталығы» жобасының 2-кезеңі аясында өткізіледі. Жоба "Арал Балалары" ҚҚҚ мен Қызылорда облысының білім Басқармасы  арасындағы  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша әлеуемттік қызмет көрсету келісім-шартына сайкес жүзеге асырылуда.

    Семинар өткізу мақсаты: Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы мен баланы кешенді сүйемелдеу үшін семинар қатысушыларын қажетті теориялық біліммен, практикалық ептіліктермен және дағдылармен қамтамасыз ету. Пилоттық мектептердің мамандарының ӨҚЖ балаларға/отбасына әлеуметтік сүйемелдеу арқылы кешенді интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтерінін Стандартын енгізу.

    Тренер: Голомолзина Татьяна Владимировна – әлеуметтік қызметкерлерді және психологтарды оқыту бойынша семинарлардың авторы мен жаттықтырушысы. ӨҚЖ балаларға АӘҚ стандартарын енгізу бойынша сарапшысы, жоғары санатты, біліктілігі жоғары деңгейдегі психолог.

    Қатысушылар: ӨҚЖ  7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға/отбасына әлеуметтік қызмет көрсететін Қызылорда қаласының 20 пилоттық мектептерінің (психологтар, әлеуметтік педагогтар) және Қармақшы, Қазалы, Шиелі аудандарының 30 мамандары.

    Семинар барысында қатысушылар «Арал балалары» ҚҚҚ жобасының жұмысы туралы ақпарат алып,  ӨҚЖ  7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға отбасына арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша білімдерін арттырып, дағды қалыптастырды.

     

  • Дата публикации: 02/04/2018 - 10:18
    Мазмұны:

    Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен № 10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында 2018 жылғы 30 наурызда «Полицияның жас көмекшілері» отрядының І-облыстық форумы» өтті. Форумға облыстық ішкі істер департаментінің, облыстық денсаулық сақтау, білім , есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының, сонымен қатар, «Жастар» ресурстық және «Сыр ұландары» орталығы мен «Қызыл ай» қоғамының өкілдері қатысты.

    Форумның мақсаты - білім және тәрбие беру бағытында мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен серіктестікті дамыту, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және құқықтық сана-сезімін арттыру.

    Облыстық форум екі бөлімнен тұрды. І-бөлімде «Менің елімнің болашағы – менің қолымда» атты құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған облыстық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.ІІ бөлімде «Полицияның жас көмекшілері» отрядының құрамына мүшелікке қабылдау салтанатты шарасы болып, жаңадан мүшелікке қабылданған оқушылар ант қабылдап, төсбелгі тақты.

    Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымова форум қатысушыларын салтанатты жиынның ашылуымен құттықтап, ««Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының мүшелігіне қабылданатын жас патриоттар, кәмелетке толмағандар тарапынан қоғамға қайшы келетін әрекеттер мен құқықбұзушылықтың алдын алуда ел жастарына үлгі бола біліңіздер. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Аға ұрпақтың өнегесі, орта буынның ерен істері және жастардың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз Мәңгілік Ел боламыз» деген еді.  Мектеп қабырғасындағы жас сақшылар мен аға буын сақшылардың арасындағы осындай байланыс Ұлы дала ұрпақтарына ұлағатты тәрбие беруде жақсы бастама болып отыр.Бұл игі жұмыстар жалғасын таба бермек» деді.

    Жалпы қазақстандық патриотизмнің заманауи үлгісін қалыптастырып келе жатқан Сыр еліндегі «Полицияның жас көмекшілері» 2016 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Олардың нақты мақсаттары, жоспарлары, жүйеленген міндеттері бар. Облыста «полицияның жас көмекшілері» жасақтарының қызметі 207 мектепте құрылып, қазіргі таңда оның 3 мыңға жуық мүшесі бар. Жас патриоттар өз жұмыстары барысында ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, өз құрдас-құрбыларының арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында патриоттық шараларды жүйелі жүргізіп келеді.

     

  • Дата публикации: 02/03/2018 - 18:21
    Мазмұны:

    2018 жылғы 2 наурыз күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

    Жұмыс сапарында ҚР Білім және ғылым вице-министрі бірқатар білім беру ұйымдарында болып, жұмыс барысымен танысты. Ең әуелі, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру саласынындағы тың жаңалықтар танысу бағытында «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінде болды, бұдан кейін облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернатының оқу-тәрбие жұмысымен танысты.

    Қызылорда облысының білім саласы қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Биылғы жылғы Елбасы Жолдауында білім саласы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, ұстаздар мен білім алушылар үшін жаңалықтарға толы жыл болды. Кездесу мақсаты Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын білім саласы бойынша мәселелер, қазақстандық білім жүйесіндегі өзгерістер жөнінде облыстың білім және ғылым саласы қызметкерлерімен талқылау.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов жұмыс сапары барысында 2 наурыз күні сағат 14:30-да азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді. 

     

  • Дата публикации: 26/02/2018 - 18:58
    Мазмұны:

    Қызылорда облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатында 26 ақпан күні «Шаңырақ» жобасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар» атты TED форматында диалог алаңы өтті.

    Облыстық TED форматындағы диалог алаңының мақсаты:

     –
    рухани жаңғыру аясындағы бағдарламалармазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие үдерісіндегі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының әлеуметтік жобаларымен үйлестіру;

    -    Мектеп – интернаттың тәрбие үдерісіндегі  инновациялық іс – тәжірибесімен танысу;

    - Әлеуметтік жобалар арқылы жас ұрпақты ұлтжанды, елжанды, елін –жерін сүйетін саналы азамат болуға тәрбиелеу жолындағы әріптестердің пікір алысуын ұйымдастыру;

    Шара аясында мектеп – интернат ұжымы әзірлеген Рухани жаңғыру мен «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сабақтастығын оқу – тәрбие үдерісінде ұйымдастырудың Үлгілік нұсқаулығының презентациясы таныстырылды.

    «Әлеуметтік жобалар  - тәрбие үдерісінде»  тақырыбындағы  жоба  жетекшілері мен белсенді оқушылардың таныстырылымы ұсынылды. Олар «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Көшбасшы», «Қоғамға қызмет ету», «Қазақ әндер» әлеуметтік жобалары бойынша атқарылған жұмыстар мақсаты, тиімділігі, нәтижесі туралы тәжірибелерімен бөлісті.

    Облыстық TED форматындағы диалог алаңына қатысушылар әлеуметтік жобалар бойынша 6 тәрбие сағаттарының серияларына қатысып, тәрбие сабақтары жаңа форматта, интербелсенді әдістерге негізделіп, кіріктірілген оқыту түрімен жүргізілді.

    Шараға облыстағы 46 инновациялық мектептердің басшылары, оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты. Барлығы 300-ден астам адам қатысты.

    Спикерлер: Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы – А.Б.Қасымова

    Облыстық оқу (әдістемелік) орталық директоры – С.Қ.Асқаров

    Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры – Н.К.Мыңжас

    Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы – Ә.Ж.Әбдіхалықова

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика