Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жыл бойынша  аналитикалық ақпарат

Мектепке дейінгі білім беру

         Облыстағы 659 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 553 балабақша мен 106 шағын орталықтарда 60597 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 62,4 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 % құрап отыр. Балабақшалардың 71,2 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде.     

        Мектепке дейінгі ұйымдарда 6298 педагог маман жұмыс жасайды, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы жоғары және техникалық – кәсіптік  білімі бар -1600,  мамандар  үлесі – 25,4 %  құрайды. 

         Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі 3 пен 6 жас аралығындағы балабақша кезегінде тұрған балалар түгелімен мектепке дейінгі білім берумен қамтылып отыр.

Қосымша білім беру

Қызылорда  облысы бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап 61 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. (2016-2017 ж 59 қосымша білім беру ұйымы болды )

Облыс бойынша жалпы қосымша біліммен 134935 бала қамтылып, ол 91,4 пайызды құрады

Мүмкіндігі шектеулі баалалрдың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету

         2016 жылы мүгедектігі бар 6117 бала тіркелді, оның ішінде 2238 (36,5%) инклюзивті біліммен қамтылды.

         2017 жылы психологиялық, медициналық және педагогикалық консультациялардың деректері бойынша 6936 ерекше қажеттілігі бар балалар тіркелген, 3256 (46,9%) балалар инклюзивті біліммен қамтылған.

         Оқушылардың тасымалдануы мен тамақтануы барысы туралы

2017-2018 оқу жылында 7 аудандағы  мектебі жоқ 29 елдімекенде тасымалдауды қажет ететін балалар саны-169 құрауда. Оның ішінде 76 оқушыға күнделікті тасымал  ұйымдастырылса, 93 бала мектеп жаңындағы интернатта орналасқан. Жалпы облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендерде тұратын мектеп жасындағы балалардың тасымалдануы мен интернаттарда  орналасуына мүмкіндіктер жасалып, бүгінгі күнге балалардың уақытылы білім алуына жағдай жасалған.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2017 жылғы есеп бойынша облыста 0-18 жас аралығында 948 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 838 бала отбасында тәрбие алса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 708 бала, патронаттық тәрбиеде 130 бала), 110 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

Облыс бойынша 30 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 22480 студент білім алуда. (16 мемлекеттік, 14 жекеменшік оқу орындары)

2017 жылдан бастап жастардың жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылды. (жұмысшы мамандығы бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді)


Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жылдың IIтоқсаны бойынша  аналитикалық ақпарат

Мектепке дейінгі білім беру

Облыстағы 791 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 542 балабақша мен 249 шағын орталықтарда 52899 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 54,3 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 % құрап отыр. Балабақшалардың 70,8 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде.     

Жалпы орта білім беру

Облыстағы білім беру қызметі жалпы саны 293 болатын 9 бастауыш, 24 негізгі орта, 260 жалпы білім беретін орта мектептерде жүргізіледі. Оның ішінде шағын жинақталған мектептер саны – 22. Облыстағы жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар контингенті 2017-2018 оқу жылында 6 мыңға дейін көбейіп, 147 583 бала білім алуда. Оның ішінде, 1- сыныпқа келген балалар саны 18242. Облыс бойынша 2017 жылы педагогикалық кадрлар саны – 20466, жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 10055 құрап, бұл 49,1% жетті.

             Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 23560 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Өткен оқу жылы аяғында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы аз қамтамасыз етілген балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтыған болатын. Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды.

Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

2017-2018 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендерден тасымалдауды қажет ететін балалар саны  214. Оның ішінде 86 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 73 бала мектеп жаңындағы интернатта орналасқан. Тасымал ұйымдастырылмаған 55 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2017-2018 оқу жылында 30 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 163 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда. Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, оқу орындарына тәжірибе ретінде дуальді оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы біршама жұмыстар атқарылуда. 2014-2017 жылдар аралығында облыс бойынша 23 оқу орнында 78 мамандық бойынша оқу үдерісіне дуальді оқыту технологиясының элементтері енгізілді.


Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жылдың II тоқсаны бойынша  аналитикалық ақпарат

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы жөнінде ақпарат

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы облыста 20-22 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіліп, оған бітіруші 6412 түлектің 4188-і қатысты. Қатысу пайызы – 65,3%.

100-ден жоғары балл жинағандар саны: 800.

Биылғы жылғы тестілеудің қорытындысы төмендегідей болды: Қазалы ауданы – 88,11 балл, Сырдария ауданы – 86,6 балл, Арал ауданы – 82,76 балл, Қармақшы ауданы – 82,09 балл, Жалағаш ауданы – 81,6 балл, Қызылорда қаласы – 80,56 балл, Шиелі ауданы – 80,5 балл, Жаңақорған ауданы – 78,6 балл, №10 Білім-инновация лицейі – 104,4 балл, №9 Білім инновация лицейі – 104,1 балл, №4 дарынды балалар мектебі – 87,1 балл

Облыс бойынша орташа балл – 82,35 құрады.

 «TIMSS», «PISA», «PIRLS» халықаралық зерттеулері

2015 жылдың 3-14 сәуір аралығында «PISA-2015», «TIMSS-2015», «PIRLS-2016» халықаралық зерттеулері 28 білім беру мекемелерінде өткізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін өткізілген «PISA-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 12 білім беру мекемелерінің 15 жасар қатысушылары қамтылды. «TIMSS-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 13 мектептен 4 және 8 сыныптарының оқушылары, «PIRLS-2016» халықаралық апробациялық зерттеуіне дайындығы бойынша 3 мектептен 4 сыныптың оқушылары қатысты. 

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер

Алдағы 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуға көшетін болады.

Осыған орай, жаңа оқу жылында барлығы 1008701 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға баспалармен 98 келісім-шарт жасалды. 1-2-ші сыныпта оқитын барлық оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтылатын болады.

Қосымша білім беру

Қызылорда  облысы бойынша 2016-2017 оқу жылынан бастап 59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда 48069 бала қамтылып, ол 33,8 пайызды құрап отыр

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

2016 жылы 6117 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынса, олардың 5062-і дамуында мүмкіндігі шектеулі бала. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, 2020 жылы инклюзивтік біліммен қамтуды  70 %-ға  жеткізу қажет болса, бүгінгі күні инклюзивтік біліммен қамтылған мүмкіндігі шектеулі  бала саны 2238 (36,5 %) болып тұр.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша 2017 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде-мектепті ұстауға бөлінген қаржының 3,0%-ын құрады. Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 22588 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды.

Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

4080 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 148 бала мектеп жанындағы интернатта орналасқан.Тасымал ұйымдастырылмаған 83 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2017 жылғы 1 –жартыжылдықтағы есеп бойынша облыста 0-18 жас аралығында 952 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 841 бала отбасында тәрбие алса, (қорғаншылық пен қамқоршылықта  708 бала, патронаттық тәрбиеде 133 бала), 111 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 163 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда. Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, оқу орындарына тәжірибе ретінде дуальді оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы біршама жұмыстар атқарылуда.


Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жылдың I тоқсаны бойынша  аналитикалық ақпарат

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие

Қазіргі  таңда  облыс  бойынша  791 (2016  жылы- 712) (542  балабақша, 249  шағын  орталық)  мектепке  дейінгі  ұйым  жұмыс   жасайды, онда  52899  бала тәрбиеленуде.

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

2016 жылы 6117 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынса, олардың 5062-і дамуында мүмкіндігі шектеулі бала. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, 2020 жылы инклюзивтік біліммен қамтуды  70 %-ға  жеткізу қажет болса, бүгінгі күні инклюзивтік біліммен қамтылған мүмкіндігі шектеулі  бала саны 2238 (36,5 %) болып тұр.  Осыған орай, облысымызда 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 3 оңалту орталығы және 7 психологиялық-педагогикалық кабинеттер жұмыс жасайды. 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 163 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда. 2016-2017 оқу  жылында  облыс бойынша 13 оқу орнында 17 мамандық бойынша оқу үдерісіне дуальді оқыту технологиясының элементтері енгізілді.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 22 579 бала   тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.    Өткен оқу жылы аяғында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы аз қамтамасыз етілген балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтыған болатын. Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды.

Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

2016-2017 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендер мен бастауыш, негізгі мектептері бар елдімекендердің, қаланың немесе ауылдың шет аймақтарында 2 км-ден 3 км-ге дейінгі қашықтықтан мектепке қатынайтын оқушыларды қосқанда 4311 оқушы тасымалдауды қажет етеді. Оның ішінде 4080 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 148 бала мектеп жанындағы интернатта орналасқан.Тасымал ұйымдастырылмаған 83 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Облыста қазіргі таңда 973 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде, отбасы тәрбиесінде 866 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 723 бала, патронаттық тәрбиеде 143 бала), 107 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.


Аналитикалақ ақпарат

Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жылы бойынша аналитикалық ақпарат

Білім беру ұйымдарының құрылысы

Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық Қорынан, білім саласына 2015-2016 жылдарға өңірімізде 1 балабақша мен 2 мектеп салуға 1657,1 млн. тенге қаржы бөлініп қыркүйек айында пайдалануға берілді.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие

Қазіргі  таңда  облыс  бойынша  712 (2015 жылы 648) (463 балабақша, 249 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 47796 бала тәрбиеленуде. Былтырғы  жылмен салыстырғанда  мектепке  дейінгі ұйымның  желісі  64 –ке  өсіп, 4445  балаға көбейді. 463 балабақшаның 157-і мемлекеттік, 306-ы жекеменшік балабақшалар. Облыс бойынша  жекеменшік  балабақшаның үлесі 66 % (2015 жыл 60 %)  құрап  отыр. 2016 жылы 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуы – 52,4 % (2015 жыл 51 %)   құраса, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы  100 %.

Жалпы орта білім беру

Облыста 293  (2015 жыл 298)  жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Онда 141943 мың бала білім алуда (былтырғы оқу жылы 136991  мың бала болған) Бірінші сыныпқа 18034 бала (2015 жылы 17 мыңға жуық) қабылданды. Қазіргі таңда облыс бойынша педагогикалық кадрлар саны - 20409 (2016 жылы – 19828), оның жоғары білімдісі - 18777 (2016  жылы - 18374), арнаулы орта білімдісі -1632 (2016 жылы - 1454). 2015-2016 оқу жылы жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер саны 9096 болып 43,8 % құрады.  

Жазғы демалысты ұйымдастыру

1-10 сынып оқушыларының 2016 жылы жазғы мезгілінде демалу және сауықтыру лагерімен 121,6 мың бала (2015 жылы 108,7 мың бала) немесе 93,9% пайызға (2015 жылы 92 пайыз) қамтылды. 

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

Қызылорда облысында бүгінгі күні барлығы 6117 бала бар. Оның ішінде, 5062 бала дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар, 1055-і денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалар (бүйрек, бауыр, жүрек аурулары т.б.). Бұл балалар арнайы мектеп-интернаттарда, жалпы білім беретін орта мектептерде және үйден білім алады. Сонымен бірге, балалардың барлығы коррекциялық кабинеттерден түзету көмегін алады. Облыстағы бар 7 коррекциялық кабинет бүгінгі күні 500-ге жуық баланы қамтып отыр.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

2016 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде – мектепті ұстауға бөлінген қаржының 3,2 %-ын құрады. Аудандар бойынша Арал (3,2%), Қазалы (3,0 %), Қармақшы (2,8 %), Жалағаш (3,1%), Сырдария (3,0%), Шиелі (3,0%), Жаңақорған(4,0%), Қармақшы(2,8%), Қызылорда қаласы (3,0 %).

             Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

2016-2017 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендер мен бастауыш, негізгі мектептері бар елдімекендердің, қаланың немесе ауылдың шет аймақтарында 2 км-ден 3 км-ге дейінгі қашықтықтан мектепке қатынайтын оқушыларды қосқанда 3562 оқушы тасымалдауды қажет етеді. Оның ішінде 3331 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 148 бала мектеп жанындағы интернатта орналасқан.Тасымал ұйымдастырылмаған 83 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда. Облыстың еңбек ресурстары балансына және жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға қажетті кадрларға деген сұранысқа сәйкес және соңғы екі-үш жылда колледждердегі жүргізілген салаландыру жұмыстарының нәтижесінде 23 жаңа мамандық ашылып, 17 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыру тоқтатылды.


Аналитикалақ ақпарат

Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жылдың III тоқсаны бойынша ақпарат

«TIMSS-2015», «PISA-2015» халықаралық зерттеулері

 «TIMSS-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 13 мектептен 4 және 8 сыныптарының оқушылары қатысты. (Арал №262 мектеп-гимназиясы, Қармақшы №107 мектеп, Жалағаш №246, 116 мектеп, Сырдария №36 мектеп, Қызылорда қаласы №7, 10, 23, 176, 217, 233, 253, 143 мектептері). «PIRLS-2016» халықаралық апробациялық зерттеуіне дайындығы бойынша 3 мектептен 4 сыныптың оқушылары қатысты. (Қазалы №249 мектеп-лицей, Жалағаш №232 орта мектеп, Қызылорда қаласы №9 орта мектеп). Облыс бойынша халықаралық зерттеуге қатысушылар контингенті 28 білім беру ұйымдарынан 1 438 оқушыны құрады.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер

2016-2017 оқу жылына барлығы 766150 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін алуға 662,9 млн. теңге қаралып, баспалармен 104 келісім-шарт жасалды.

Ыстық тамақпен қамтамасыз

Қызылорда облысындағы мектеп интернатын қоспағанда 287 мектептің 272-де (95%) 140474 (100%) оқушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Олардың 23575 (100%)– әлеуметтік күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 10 мектепте тек буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.

Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарына 64 оқушы қатысып, 26 оқушы жеңімпаз атанды. ҮІІІ Президенттік олимпиадаға 3 оқушы білімін сынап, 1 оқушы жүлделі қола медаль иеленді. 2-4 сынып оқушыларының «Бастау» республикалық математикалық турниріне облысымыздан 6 оқушы қатысып, жалпы командалық ІІІ орынға ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру

2016 жылы «WorldSkills Kazakstan-2016» Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы 8 мамандық бойынша өткізіліп, жеңімпаздары 12-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізілген республикалық байқауға қатысып қайтты.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету

    Облыста 2016 жылдың 1 қазандағы есеп бойынша 997 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде отбасы тәрбиесінде  863 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 721 бала, патронаттық тәрбиеде 142 бала), 134 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.


Аналитикалақ ақпарат

Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жылдың II тоқсаны бойынша ақпарат

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие.

Қазіргі  таңда  облыс  бойынша  708 (450 балабақша, 258 шағын орталық) (2014 жылы 589, 2013 жылы 508) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 47216 бала (2014 жылы 40491, 2013 жылы 33605)  тәрбиеленуде. (2015 жылғы  1 қаңтардағы  мәлімет бойынша  611 мектепке  дейінгі  ұйымда 41939 бала, 2014 жылы 589 МДҰ  40491 бала, 2013 жылы 508 МДҰ  33605 бала тәрбиеленген)

Жалпы орта білім беру.

Қызылорда облысында жалпы орта білім беретін мектептер саны 2015 жылы 298-ге (2014 жылы 292, 2013 жылы 291), онда білім алатын оқушылар саны 136991-ге (2014 жылы 128303, 2013 жылы 125405) жетті. 

ҰБТ қорытындысы

Облыста 2-4 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді.Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 6564. Оның 4559-ы ҰБТ-ге қатысамын деп өтініш білдіргендер.

2-4 маусымда тестілеуге қатысқандар саны 4507.

Облыс бойынша орташа балл 82,7.

Аудандар бойынша орта балл: 

  1. Жалағаш ауданы – 89,8 балл
  2. Жаңақорған ауданы – 83,3 балл
  3. Қармақшы – 83,01 балл
  4. Қызылорда қаласы – 82,5 балл
  5. Қазалы ауданы – 82,9 балл
  6. Шиелі ауданы – 81,36 балл
  7. Арал ауданы – 80,4 балл
  8. Сырдария ауданы – 79,56 балл

Облыстық білім мекемелерінің орташа баллы:

  1. №4 облыстық дарынды балаларға арналға мектеп интернат – 93,1 балл
  2. №9 қазақ-түрік лицейі – 102,1 балл
  3. №10 қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі – 109 балл

Қосымша білім беру

Қызылорда облысы бойынша 2015-2016 оқу жылынан бастап 59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда 42429 бала қамтылып, ол 30,9 пайызды құрап отыр (2013 жылы 55, 2014 жылы  57 қосымша білім беру ұйымы болған)

4.«TIMSS-2015», «PISA-2015» халықаралық зерттеулері

2015 жылдың 3-14 сәуір аралығында «PISA-2015», «TIMSS-2015», «PIRLS-2016» халықаралық зерттеулері 28 білім беру мекемелерінде өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін өткізілген «PISA-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 12 білім беру мекемелерінің 15 жасар қатысушылары қамтылды. (Қазалы ауданы №70 орта мектеп, Қармақшы №30, 106 мектеп, Шиелі №41, 252 мектеп, Қызылорда қаласы №171, 212, 198, 173 мектептері және Қызылорда медициналық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі).

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету

Облыста 2016 жылдың 1 шілдедегі есеп бойынша жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының 18-жасқа толған балаларын қосып есептегенде 1014 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген. Оның ішінде отбасы тәрбиесінде  867 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 724 бала, патронаттық тәрбиеде 143 бала) 148 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

 

                      Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар

Халықаралық ғылыми жоба жарыстары мен олимпиадаларға 77 оқушы қатысып, 30 оқушы жеңімпаз атанды. (І орын-4, ІІ орын-7, ІІІ орын-19)

Республикалық ғылыми жоба жарыстарына 9 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлдегер атанып, 1 оқушы номинация иегері атанды. (І орын-2, ІІ орын-3)

Республикалық пәндік олимпиадаға 54 оқушы қатысып, 21-і жеңімпаз атанса, 3 оқушы грамоталармен марапатталды. (І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын-17)

Халықаралық олимпиадаларға іріктеуде Қазақстан республикасының құрамына Қызылорда облысы бойынша 3 оқушы ұсынылып, оқу-жаттығу жиынына қатыстырылуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30-қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты дәстүрлі жолдауында Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын деген болатын.

Қазіргі таңда, облысымызда 2015-2016 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандықтың 160 біліктілігі бойынша барлығы 22527 студент білім алуда.

 

 


Аналитикалақ ақпарат

Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жылдың I тоқсаны бойынша ақпарат

Мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқыту

2016  жылдың  1  cәуіріне  облыс  бойынша  708 (450 балабақша, 258 шағын  орталық)  мектепке  дейінгі  ұйым  жұмыс  жасайды, онда  46899 бала  тәрбиеленуде. 1-6 жастағы  балалардың  мектепке  дейінгі  ұйымға қамтылуы - 54,8 %, 3 - 6  жастағы  балалардың  қамтылуы - 100%  құрады.

12 жылдық білім беруге көшу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кезең-кезеңімен 12 білім беруге көшудің эксперименттік бағдарламасына сәйкес облыста 2 мектепте бастауыш білім берудің жаңа мазмұнына байланысты стандарты бойынша  апробациядан өткізілуде яғни 1+11.

Эксперимент Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер» мектебінде және  Жалағаш ауданындағы №31 орта мектебінде жүргізілуде. Аталған эксперимент №31 мектептің даярлық сыныбындағы 17 оқушымен және аталған екі мектептің 1-ші сыныптарындағы 18 сынып комплектісіндегі 450 баламен жүргізілуде.

ҮШ тілде оқыту

Облыста  бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңімен іске асыруда  оқушыларға ағылшын тілін еркін меңгертуді қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін жетік меңгерген пән мұғалімдерін даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша білім беру

Оқу  орталығында  5.01.2016 жылы  бөлім мамандары арасында бөлім бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау, анализдеу, перспективалық жоспарларын жасау мақсатында бөлім   отырысы өтті. 

3-5ақпан 2016 жылы   Оқу  орталығында  мектеп директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарларының қатысуымен тәрбие жұмысын  жоспарлау арқылы дамыту мақсатында тәрбие мамандарына  арналған  тренингтер«Тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыруды ұйымдастыру»    ұйымдастырылды.

Дарынды балалармен ұйымдастырылған  олимпиадалар мен байқаулар қорытындысы

2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 21 қыркүйегіндегі №565 санды бұйрығына сәйкес 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілген болатын.

Облыстық олимпиадаға жалпы білім беретін пәндер бойынша 212 оқушы қатысып, 97 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 14-19 наурыз аралығында Көкшетау қаласында өткен республикалық кезеңіне 33 оқушы  жаратылыстану-математикалық бағытта қатыстырылып, 12 оқушы жүлделі орындармен (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-10) және 1 оқушы грамотамен марапатталды. 25-30 наурыз аралығында Петропавл қаласында өткен республикалық кезеңге 21 оқушы қоғамдық-гуманитарлық  бағытта қатыстырылып, 9 оқушы жеңімпаз атанып, 2 оқушы грамотаға ие болды (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын -7).

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Облыста 2016 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша 1011 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде отбасы тәрбиесінде  859 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 719 бала, патронаттық тәрбиеде 142 бала) 150 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Ыстық тамақпен қамтамасыз етілу мәселесі

Облыс бойынша жалпы білім беретін 289 мектепте оқушыларға ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. 276 мектепте асханалар (95,5%) және 13 мектепте буфеттер (4,5%) жұмыс жасайды. Оның ішінде, жалпыға міндетті оқу қорынан әлеуметтік күнкөрісі төмен отбасының балалары 27098 тегін ыстық  тамақпен толық 100 % қамтамасыз етілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Елбасының «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспары бойынша еліміздің негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлайтын базалық 10 алдыңғы қатарлы  колледждің, елімізде жүзеге асырылып жатқан 2015-2019 индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыруға қажетті жұмысшы мамандарын даярлайтын оқу орындарының қатарына облысымыздан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі  2 мамандық бойынша енгізілді.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 11:15

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика