Новость:: 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қыркүйек айында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі өтеді.

Ойындар салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру жүйесіндегі субъектілердегі мектеп спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне мемлекет пен қоғамның назарын аудару үшін 5 мыңнан астам жасөспірімді жинайды.

Іріктеу кезенің бағдарламасында 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар қарастырылған.

Жарыстар Мектеп спорт федерациясымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен жалпы білім беретін мектептердің спорт нысандарында ұйымдастырылады.

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру сыйлықтары, дипломдар мен түрлі дәрежедегі медальдар күтуде.

 

Қазақ
Фото новости: 
Управление: 
Құрылған күні: 16-09-2019 10:52
Жаңартылған күні: 09-10-2019 15:22

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 10 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика