Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы «19»қыркүйек  №583

Қаулысымен бекітілген

«Қызылорда облысының білім басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің ережесі

Жалпы ережелер

1. «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ведомстволық бағыныстағы аумақта білім саласы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға уәкілеттілік алған, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

2. Басқармада ведомстволар жоқ.

3. Басқарманың құрылтайшысы  Қызылорда облысының әкімдігі  болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.

4. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Басқарма  мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

6. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

7. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

10. Заңды тұлғаның тұрған жері: 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.

11. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

12. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

13. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

14. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi,  функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. Басқарманың миссиясы:облыс  аумағында білім саласының дамуының негізгі мақсаттарын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізделген білім берудің тиімді және біртұтас жүйесін қалыптастыру, білім беру, сонымен қатар, бала құқықтары туралы Конвенция мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көрсетілген заңды құқықтарды сақтау негізінде баланың үйлесімді дамуына жағдай жасау, қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестірудің  тиімді жүйесін құру.

16. Негізгі міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат

мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;

6) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ, құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;

7) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;

8) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ, баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;

9) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

17. Функциялары:

1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

3) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

12) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

13) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

15) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

16) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;

19) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

20) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

21) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

22) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

24) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

25) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін  ұйымдастырады;

26) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;

27) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

28) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

29) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

30) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидасын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

31) балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;

32) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейді;

33) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;     34) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;

35) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады.

36) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

37) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

38) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

39) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қолданады;

40) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

41) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2) Басқарма:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға  міндетті.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

19. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

20. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда  Басқарманы бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;                 

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

12) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

14) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

24. Басқарманың жұмыс режимі:

1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) Басқарманың жұмыс уақыты: жергілікті уақыт бойынша сағат 09-00-ден сағат 19-00-ге дейін. Сағат 13-00-ден сағат 15-00-ге дейін үзіліс;

3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

25. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарма әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкi

26. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкiн.

Басқарманың мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

27. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi

және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

29. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы « 19 » қыркүйек № 583 

қаулысына қосымша

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың тізбесі

1. «Қызылорда облысының білім басқармасының «М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2. «Қызылорда облысының білім басқармасының «И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

4. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

5. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

6. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

7. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

8. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал индустриалды-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

9. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы көлік-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

10. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы аграрлы- техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

11. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

12. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

13. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

14. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

15. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

16. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№4  облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№7 арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

21. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

22. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Отбасы үлгісіндегі  балалар  ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

23. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№2 облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

24. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

25. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№3 облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

26. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

27. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ–түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

28. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№10 дарынды балаларға арналған  облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

29. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

30. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

31. «Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

32. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

33. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

34. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 07-02-2018 10:56

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика