Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Еңбек шарты – еңбек қатынастарындағы сенімділік кепілі

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.

ҚР Еңбек кодексінің 24 бабына сәйкес, еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, ҚР заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Осы Кодекстің 33 бабы 3 тармағында адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылатындығы көзделген.

Аталған еңбек заңнамасының бұзылуы жұмыскерлердің  уақытылы және толық көлемде жалақы алмауына, оларға экологиялық өтемдердің төленбеуіне, жылына бір рет жалақысы сақталатын еңбек демалысының берілмеуіне, уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты әлеуметтік жәрдемақының төленбеуіне, еңбек қауіпсіздігін сақтандыруға қаржы бөлінбеуіне, зейнетақы қорына төлем аударылмауына, т.б. елеулі зардаптарға әкеп соғады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 86 бабы бойынша, жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және бұл үшін әкімшілік жауаптылық қаралған.

Яғни, жұмыс берушілердің жұмыскерлерді еңбек шартын жасаспай  жұмыс істетуі сонғыларының заңды мүдделеріне  елеулі түрде нұқсан келтіретін, олардың еңбек құқықтарын өрескел бұзатын заңбұзушылық болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдарына қарасты мекемелер мен кәсіпорындарда  аталған заң бұзушылықтар болдырмау мақсатында, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен  Облыстық жобалық кеңсеге «Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына қарасты мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек шарттарының бірыңғай үлгіде жасалуын қамтамасыз ету» жобасы ұсынылып, Облыс әкімдігімен 03.03.2018 ж. бекітілді.

Аталған жобаны енгізудің негізгі мақсаты Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына қарасты мекемелер мен кәсіпорындарда, еңбек шарттарының бірыңғай үлгіде рәсімделуін  қамтамасыз етуді көздейді және оның жүзеге асырылуы нәтижесінде  2018 жылғы 1 шілдесіне дейін Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына қарасты 824 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында 45000 еңбек шарттарының бірыңғай үлгіде жасалуына мүмкіндік береді.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 02-05-2018 15:12

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика