Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылға орындалуы

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие.

Облыстағы 659 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 553 балабақша мен 106 шағын орталықтарда 60597 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 62,4 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 100%-ды құрап отыр. Балабақшалардың 71,2 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде.  

Жалпы орта білім беру

Қызылорда облысында жалпы орта білім беретін мектептер саны - 293  жалпы білім беретін күндізгі мектептер жұмыс істейді, оның ішінде бастауыш мектеп - 8, негізгі - 25, орта мектеп – 260 болса ондағы оқушы саны 147585.

2017 жыл есебі бойынша облыста үш аусымды және апатты білім беру ұйымдарының қатары жойылды.

2016-2017 оқу жылы жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер саны-9096 болып 43,8 пайызды құраса,  2017-2018 оқу жылы жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер саны 10055 болып 49,1 пайызға өсті. 

Өткен жылы  мектеп  бітірген  6196  түлектің  4123- і жаңа  форматтағы  ҰБТ  сынағынан өтіп, орташа  82,4  балмен  республика бойынша өз білім  деңгейлерінің жоғары екендігін тағы да дәлелдеді.

Облыс бойынша қазіргі таңда аймақ экономикасының сұранысына сай мамандықтар бойынша Ресей Федерациясының алдыңғы қатарлы үш университетінде барлығы 452 студент Қызылорда облысы әкімдігімен меморандум аясында Ресей Федерациясы бюджеті есебінен білім алуда.

Облыста 55-физика, 100-химия, 112-биология барлығы 267 пән кабинеттерімен, оған қоса мектептер интерактивті тақталармен жабдықталған. Қазіргі таңда 1 компьютерге 10 оқушыдан келіп отыр. 2017 жылы облыс бойынша жалпы білім беретін мектептерді 45 физика кабинетімен және 35 робототехника кабинеттерімен жабдықталып, 974 компьютерлер, 6507 партамен қамтамасыз етілді.

Кең жолақты интернет желісімен облыстағы 293 мектептің 207-і қамтамасыз етіліп, бұл 70,6 пайызды құрады.

2016 жылдың қазан-қараша айларында облыстың 125 білім беру ұйымында «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы енгізілсе, 166 білім беру ұйымы «BilimLand» білім беру платформасына қосылды. 2017 жылы аймақтың барлық мектебі интерактивті білім беретін контентке қосылды.

Жалпы білім беретін 293 мектептің 100 пайызы АКТ-ны білім беру процесінде қолданады.

2017 жылы Қызылорда облысы бойынша біліктілік арттыру курстарынан 7610 педагог қызметкерлер біліктілігін арттырды.  «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша ағылшын тілінің жеделдетілген біліктілік арттыру курстарынан 792 педагог біліктілігін арттырды.

2017 жылы облыста балалардың жазғы демалысы қала, аудан сыртындағы 9 лагерде ұйымдастырылды. Оның 6-ы жыл бойы жұмыс жасайтын лагерлер. Облыс бойынша 2017 жылы 1-10 сынып аралығындағы 135,7 мың баланың 128,9 мың (95%-ы) (2016 жыл-124,9 мың) жазғы тынығудың түрлерімен қамтылды.

Қызылорда облысы бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап 61 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. (2016-2017 ж 59 қосымша білім беру ұйымы болды ) Облыс бойынша жалпы қосымша біліммен 134935 бала қамтылып, ол 91,4 пайызды құрады.

         Кәсіптік-техникалық білім беру

         Облыс бойынша 30 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 22480 студент білім алуда. (16 мемлекеттік, 14 жекеменшік оқу орындары.

2017 жылдан бастап жастардың жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылды. (жұмысшы мамандығы бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Кәсіптік білім беру саласында 2017 жылы дуальды оқыту технологиясына негізделген білім беру жүйесі бойынша 23 колледжде 78 мамандық бойынша 1926 студент білім алуда.

2017-2018 оқу жылынан бастап техникалық және кәсіптік білім беретін 25 оқу орнында 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары эксперимент ретінде енгізілді.

2017 жылы 3 оқу орыны халықаралық институциональды аккредитациядан сәтті өтті. (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан» колледжі, «Болашақ медицина» колледжі).

2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін 3 оқу орыны жоғары колледж статусын иеленді. (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі).

2017 жылы кәсіптік білім беру саласында білім алушылардың жұмысшы мамандығы бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар алып шығуына қол жеткізілді. Қазіргі таңда, 11 колледжде 18 мамандық бойынша білім алушылар 38 жұмысшы біліктілігін алатын болады.

2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арнаулы пәндерін ағылшын тілінде жүргізуге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда, 3 колледжде 7 арнаулы пән ағылшын тілінде берілуде.

2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 240 инженер-педагогтары мен 11 директоры және 14 арнаулы пән мұғалімдері республикамызда және шетелдерде біліктілік арттыру курстарынан өтті.                                                                     

2017 жылы халықаралық «WorldSkills» жобасының Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы өткізілді.   2017 жылы 2 колледжге күрделі жөндеу 2 колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы «Талапқа талғам таразы» атты дәстүрлі кәсіби бағдар беру керуені ұйымдастырылды.

 

2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін дәстүрге айналған «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы ұйымдастырылып, өткізілді.


Қызылорда облысында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы (2017 жыл 3 тоқсан)

Облыста білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Сала бюджеті 2015 жылы 63,9 млрд. теңгені құраған болса, 2016 жылы ол 70,0 млрд.қа жетіп, 2017 жылы білім беру саласының қаржысы 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 89,3 млрд. теңгені құрады.

Облыстағы білім беру қызметі жалпы саны 293 болатын 9 бастауыш, 24 негізгі орта, 260 жалпы білім беретін орта мектептерде жүргізіледі. Оның ішінде шағын жинақталған мектептер саны – 22.

Облыстағы жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар контингенті 2017-2018 оқу жылында 6 мыңға дейін көбейіп, 147 583 бала білім алуда. Оның ішінде, 1- сыныпқа келген балалар саны 18242.

Облыс бойынша 2017 жылы педагогикалық кадрлар саны – 20466, жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 10055 құрап, бұл 49,1% жетті.

2016-2017 оқу жылында жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 9131 болып 44,8 % болды. (2016 жылы жоғарғы санатты мұғалім саны 1967, бірінші санатты мұғалім саны 7164) Жас педагогтердің жалпы педагогтердің санынан үлесі 3,0% құрайды.

 Өткен оқу жылы 13 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген болса, жаңа оқу жылының қарсаңында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарындағы апаттық жағдайдағы 11 мектептің құрылысы жергілікті бюджет есебінен, Жаңақорған ауданында 300 орындық 2 мектеп құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта салынып, пайдалануға берілді.

Облыстағы 791 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 542 балабақша мен 249 шағын орталықтарда 52899 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 54,3 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 % құрап отыр. Балабақшалардың 70,8 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда 7013 педагог маман жұмыс жасайды, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы жоғары және техникалық – кәсіптік  білімі бар 2846,  мамандар  үлесі –40,5 %  құрайды. 

Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі 3 пен 6 жас аралығындағы балабақша кезегінде тұрған балалар түгелімен мектепке дейінгі білім берумен қамтылып отыр.

Биылғы жылы мектеп бітірген 6196 түлектің 4123-і жаңа форматтағы ҰБТ сынағынан өтіп, орташа 82,4 балмен республика бойынша өз білім деңгейлерінің жоғары екендігін тағы да дәлелдеді.

Биылғы жылы мемлекеттік білім беру гранты конкурсының нәтижесінде облыс бойынша ҰБТ-ге қатысқан түлектердің 50 пайызға жуығы қазақстандық жоғарғы оқу орындарында білім алуға қол жеткізді.

Мұнан бөлек, 62 түлек Мәскеу мен Санкт-Петербург университеттеріне қабылданса, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 162 бітіруші Қызылорда облысы әкімінің грантына ие болды. 

Нәтижесінде, биылғы жылы ҰБТ-ге қатысқан балалардың 54,6 % ЖОО-да білім гранты негізінде оқуға қол жеткізді. Бұл жақсы көрсеткіш. Өткен оқу жылы бұл көрсеткіш 35 %-ды ғана құраған еді. 

Облыс бойынша 59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Жалпы қосымша біліммен 99815 бала қамтылып, бұл 70 % құрап отыр.

 Жалпы білім беретін мектептерде 4661 үйірмеде 134500 бала тартылған. Жалпы мектеп оқушыларының 50587-і спорттық секциялармен қамтылған, бұл 35,6 пайызды құрайды

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымында облыс бойынша 68 мыңға жуық мүшесі тартылып, бұл жалпы оқушының 48% құрайды.

Облыс бойынша жалпы орта білім беретін 293 мектептің бүгінгі күні 207-і, яғни 70,6%, электрондық оқытуды техникалық қамтамасыз ету үшін кең жолақты интернет желісіне қосылған.


Қызылорда облысында білім беруді және ғылымды дамытудың    2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы (2017 жыл 1 жартыжылдық)

Білім саласының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар, білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру. Осыған сәйкес өңірдегі білім саласы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы негізінде білім беру деңгейлерінің бірінші сатысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру болып табылады. Облыс бойынша 791 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 52899 бала  тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 54,3 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 % құрап отыр. Облыстағы 542 балабақшада 42005 бала тәрбиеленуде. Жекеменшік балабақшалар желісі жылдан-жылға өсіп келеді. Қазіргі таңда  облыста 384 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды, онда 25915 бала тәрбиеленуде. Ол барлық балабақшаның 70,8 %-н құрайды. Облыс бойынша педагогикалық кадрлар саны – 20409, оның жоғары білімдісі - 18777, арнаулы орта білімдісі -1632.  2015-2016 оқу жылында жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер саны 9096 болып 43,8 % құраса, 2016-2017 оқу жылында жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 9131 болып 46,3 % жетті. (2016 жылы жоғарғы санатты мұғалім саны 1967, бірінші санатты мұғалім саны 7164). Жас педагогтердің жалпы педагогтердің санынан үлесі 3,0% құрайды.


Қызылорда облысында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы 

Білім саласының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Сонымен қатар, білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

Осыған сәйкес өңірдегі білім саласы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы негізінде білім беру деңгейлерінің бірінші сатысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру болады.

2017 жылдың 1 қаңтарға облыс бойынша 791 (542 балабақша, 249 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 52899 бала  тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 54,3 %-ды құрайды.

3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 %  құрап, 45489 баланы қамтиды.

Облыс бойынша 542 балабақша жұмыс жасаса, оның ішінде  384-і жекеменшік балабақша, ол барлық балабақшаның 70,8% құрап отыр.

Қызылорда облысында жалпы орта білім беретін мектептер саны 293 құрап, онда 1-11 кластарда 141943 бала оқып, тәрбие алуда.

2013 жылдан бастап облыста 3 ауысымда оқу жойылған.Сонымен қатар кезең-кезеңімен облыстағы апаттық мектептердің қатары азаюда. Облыс бойынша 11 апаттық мектептің құрылысын бастау үшін облыстық бюджеттен 1,8 млрд. тенге қаржы бөлінді. Аталған апаттық мектептердің 5-ін жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Қалған мектептердің құрылысы келесі жылы аяқталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  2015-2016 жылдарға өңірімізге 1 балабақша 2 мектеп салынуға 1657,1 млн. тенге қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда:

Қызылорда қаласы Көшербаев көшесіндегі 280 орындық балабақша құрылысына – 2015-2016 жылға 472,8 млн. теңге  бөлініп, толық игеріліп 2016 жыдың 24 тамызында пайдалануға берілді.

Шиелі ауданы Тәжібаев ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысына – 2015-2016 жылға 614,8 млн.теңге, бөлініп, толық игеріліп 2016 жылдың 11 мамырда пайдалануға берілді.

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі 300 орындық мектептің құрылысына – 2015-2016 жылға 569,1 млн теңге бөлініп, толық игеріліп 2016 жыдың 30 маусымда  пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қоры есебінен Жаңақорған ауданындағы Төменарық және Нәлібаев елді мекендерінде орналасқан  әр қайсы 300 орындық мектептер құрылысын бастау үшін 298,4 млн. тенге қаржы бөлінді.

Ағымдағы 2016-2017 оқу жылында облыс бойынша 12 жылдық білім берудің алғашқы қадамына 1-ші сыныпқа қабылданған 18034 оқушы жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алуда.

Жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытуға орай оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер толық алынып берілді. Мұғалімдер арнайы даярлық курстарынан өтті.

Кезең-кезеңімен 12 жылдық білім беруге көшуде:

2017-2018 оқу жылында - 2, 5, 7 сыныптар,               

2018 -2019 оқу жылында -3, 6, 8, 10 сыныптар,

2019 -2020 оқу жылында – 4, 9, 11, 12 сыныптар көшетін болады.

Облыс бойынша мектеп басшылары, орынбасарларының қатысуымен арнайы жиналыс өткізіліп, жаңа мазмұнда білім беру,         12 жылдыққа кезең-кезеңімен көшу, үш тілде оқыту  жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыста ерте жастан ағылшын тілін оқыту 2013-2014 оқу жылынан бастау алып, бүгінгі күні бастауыш сыныптардың барлығында үшінші тіл - ағылшын тілі оқытылуда.

Қызылорда қаласындағы  №2 «Мұрагер» мектебінде биология пәні ағылшын тілінде оқытылуда.

Сонымен қатар №9,10 қазақ-түрік лицейлерінде және №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылуда.

Облыстағы 75 мектепке дейінгі ұйымдарда жас бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйретуде.

2016 жылы Қызылорда облысы бойынша біліктілік арттыру курстарынан 5842 педагог қызметкер біліктілігін арттырды.

Оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламалары бойынша 3423 педагог (2016 жылы бастауыш сынып-1140, бастауыш сынып пәндерінен-2283 педагог) біліктілігін арттырды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында және критериалды бағалау бойынша мектеп басшылары, мектеп басшысының орынбасарлары және аудан (қала) әдіскерлерінен-624 тыңдаушы біліктілігін арттырды.

12 жылдық білім беруге көшудің кезең-кезеңімен тиісті дайындық деңгейін бастаудың облыстық іс-шара жоспары бекітілген.

2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде облыс бойынша орташа көрсеткіш 82,7 балл болды.(2015 жылы 81,7 болған.)

Облыста 59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда 42429 бала қамтылған.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі 91918 бала 4221 түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысады.

Қызылорда қаласында балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық шығармашылығын әрі қарай дамыту мақсатында  Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығындағы «Картинг» үйірмесіне жергілікті бюджеттен қосымша картинг көліктері сатып алынды. Жаңадан «Планетарий» үйірмесі ашылды.

1-10 сынып оқушыларының 2016 жылы жазғы мезгілінде демалу және сауықтыру лагерлерімен 121,6 мың бала (2015 жылы 108,7 мың бала) немесе 93,9% (2015 жылы 92%) қамтылды. Аталған сыртқы балалардың тынығу және сауықтыру лагерлерінің ұйымдастыру қызметінің негізгі бағыты – жыл бойы жұмыс режиміне көшуі болып табылады. Қазіргі уақытта сыртқы 8 тынығу лагерінің 4-і (2015 жылы 3 лагерь) жыл бойы жұмыс жасайды. Бұл лагерлерде жаңа форматтағы ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Облыс бойынша 31 колледж жұмыс жасайды. Оның ішінде 16 мемлекеттік, 15 жекеменшік. 2016 -2017 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауға жергілікті бюджеттен 2788 орын, қосымша жұмысшы мамандықтарына 300 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, оқу орындарына конкурстық негізде орналастырылды.

18 колледжде дуальді оқытудың технологиясын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

2016-2017 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауға жергілікті бюджеттен 3 088 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, оқу орындарына орналастырылды.


Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (2016ж III тоқсан бойынша)

Бағдарламаның мақсаты - экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің жəне ғылымның бəсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары - жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан əрі – НЗМ) тəжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен мектептердің үлесі, үлгерімі «жақсы» жəне «үздік» оқушылардың үлесі (оқытудың сапасы), мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан жəне еңбекпен қамтылған техникалық жəне кəсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО бітірушілерінің үлесі.

2016  жылдың  1 шілдесіне  облыс  бойынша  708 (450 балабақша, 258 шағын  орталық)  мектепке  дейінгі  ұйым  жұмыс  жасайды, онда  47216 бала  тәрбиеленуде. 1-6 жастағы  балалардың  мектепке  дейінгі  ұйымға қамтылуы - 55,0 %, 3-6  жастағы  балалардың  қамтылуы  -100 %  құрады.

2015 жылғы 1 қазаннан 2016  жылғы  1  шілдеге  дейінгі  аралықта облыс  бойынша  60 (59  жеке, 1  мемлекеттік)  балабақша   ашылып, мектепке  дейінгі  ұйымның  желісі  60  бірлікке   өсті.

Бүгінгі  күні  облыс бойынша  450 балабақша жұмыс жасаса, оның ішінде  293-і  жекеменшік  балабақша, ол  барлық   балабақшаның  65,1%  құрап  отыр.

Қызылорда облысында жалпы орта білім беретін мектептер саны  299 құрап отыр. Биылғы жылы облыстың ұстаздары, мектеп бітірушілері өз білімдерінің жоғары деңгейін дәлелдеп, Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде облыс бойынша орташа көрсеткіш 82,7 балл болды.

2013 жылдан бастап облыста 3 ауысымда оқу жойылған.

Сонымен қатар кезең-кезеңімен облыстағы апаттық мектептердің қатары азаюда.

Облыс бойынша 11 апаттық мектептің құрылысын бастау үшін облыстық бюджеттен 1,8 млрд. тенге  қаржы бөлінді. Аталған апаттық мектептердің 5-ін жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Қалған мектептердің құрылысы келесі жылы аяқталады.

2015-2016 оқу жылынан бастап 59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 2 бірлікке өскен. Онда 42429 бала қамтылып, ол 30,9 пайызды құрап отыр. (2013-2014 жылы 32080 бала қамтылып, ол 25,5 пайызды құрады)

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі 91918 бала 4221 түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысады. (2014-2015 жылы 75558 бала қамтылған)

2016 жылы орта білім беру мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Үздік педагог» байқауына 54 үміткер қатысып, республикалық кезеңге 14 педагог қызметкердің құжаттары жолдама алды.

2016 жылы Қызылорда облысы бойынша біліктілік арттыру курстарына жобамен 5305 педагогты оқыту жоспарланып, қаңтар-тамыз айлары аралығында 4032 педагог қызметкер біліктілігін арттырды. Атап айтқанда:

Педагог қызметкерлердің деңгейлік оқу бағдарламасы бойынша 3 айлық қурстарға жобамен 531 педагогты,  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламалары бойынша 2903 педагог және мектеп тренерлері бойынша 312 педагог, қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарына 740 педагогты және Педагогикалық шеберлік орталығының «Робототехника» элективті курсы бағдарламасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына 167 информатика пән мұғалімдерін оқыту жоспарланған.

Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен қол жеткен жетістіктерін жас ұрпаққа таныстыру, балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру, мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында облыстың білім беру ұйымдарында «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» жалпыұлттық, «Мың бала», «Ұрпақ+» т.б. республикалық мәдени-ағартушылық жобалары іске асырылуда.

Оқушылар арасында салуатты тамақтануды насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарында үйде оқушылардың тендестыру тамақтану ереже жөнінде білімдері мен машықтарын  дамытуға бағытталған шаралар  тоқсанда бір рет өткізіледі: пайдалы таңғы асты қалай дайындау, үйдің қаржысын ескере отырып үйде дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және т.б. Оқушылардың деңсаулық жағдайы және белгілі ауралар кезіңде тамақтануды ұйымдастыру ерекшелігі жөнінде ата-аналар жиналыстарында медбикелердің сөз сөйлеулер мен лекциялар ұйымдастырылды.

Облыс бойынша 18 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 5-і ПМПК (психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация), 7-ы ППТК (психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті), 3-і  оңалту орталықтары , 3-і арнайы түзету мектеп-интернаттары.

 Мектепке дейінгі жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 1729 ды құрайды.  Арнайы топтарда  - 150  бала білім алады.

Білім беру ұйымдарының асхана мен буфеттерде  дұрыс тамақтану, пайдалы дәрумендер туралы плакаттар мен постерлер орналастырылған.

Оқушылар арасында тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім басқармасымен «Оқушылардың бойында  салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру» әдістемелік нұсқасын дайындау жоспарлануда. Жаңа 2016-2017 оқу жылдан бастап денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп оқушылардың арасында аурулар жөнінде талдау жүргізіледі және ата-аналарға ішек-қарын жолын, сүйек-етті және басқа аурулармен ауратын балаларға тамақтануды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар шығарылады.

2016 -2017 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауға жергілікті бюджеттен 2788 орын, қосымша жұмысшы мамандықтарына 300 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, оқу орындарына конкурстық негізде орналастырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын салаландырудың жол картасын жүзеге асыру бойынша 2013-2014 жылдары облыстағы оқу орындарын мамандық бағыттары бойынша салаландыру нәтижесінде екі жыл ішінде 23 мамандық жаңадан ашылып, 17 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс тоқтатылды.

Дуальді оқытуды енгізудің жол картасын іске асыру бойынша 2014 жылы 8 колледж 17 мамандық, 2015 жылы 10 колледж 10 мамандық бойынша екі жылда 18 колледжде 27 мамандық 4 жақты келісім-шарт негізінде дуальді оқытудың технологиясын егнгізу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2016 жылға тағы да 12 колледжде дуальді оқыту технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 26-01-2018 12:56

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика