Қызылорда облысының білім басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жасалынған талдамалық анықтама


Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары


Қызылорда облысының білім басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2019 жылғы II тоқсан бойынша атқарылған шаралар

Басқарманың мемлекеттік қызметті өткеру кезінде мемлекеттік қызметшілердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның талаптарын сақтау Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі сақтау жөнінде құқықтық семинар өткізілді.


Қызылорда облысының білім басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2019 жылғы I тоқсан бойынша атқарылған шаралар

Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің тапсырмасымен 2019 жылғы 15 қаңтарда «Ақмешіт адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алғашқы отырысында, жобада айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін салалар бойынша жобалау топтарын қалыптастыру тапсырылған болатын. Бірінші кезекте, білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сондай-ақ мұндай келеңсіз көріністерін болдырмау және үнемі бақылауда ұстау мақсатында  ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Басқарма басшысының міндетін атқарушысының бұйрығымен жобалық топ құрылды. Осыған орай, басқарманың 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқаратын жұмыс жоспары бекітіліп, ондағы іс-шаралар негізінен қызметкерлердің осы әлеуметтік мәселеге төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға бағытталып,тиісті жұмыстар жүргізілу үстінде. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін осы сипаттағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын  ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Қылмыстық кодексінің нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын Түсіндіру парақтары әзірленіп, басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден сақтандыру, алдын алу мақсатында олардың кәсіби біліктілігі мен құқықтық деңгейін арттыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Нақтыласақ, ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығына арналған құқықтық оқудың жоспары әзірленіп, бүгінгі күнге 1 рет құқықтық оқыту ұйымдастырылып, басқарма қызметкерлері арасында және басқармаға қарасты мекемелердің қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы өзгерістер, қызметтік іссапар мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта құзырлы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік сатып алу, Әдеп кодексі заңнамалары тақырыптарында құқықтық оқулар өткізу жоспарланып отыр. Ашықтық пен жариялық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында, басқарма арқылы іске асырылатын білім саласына бойынша атқарылған шаралар Басқарманың интернет ресурсында жарияланып отырады. Бүгінгі таңда облыстың білім саласы бойынша 35 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызмет Басқарма арқылы көрсетіледі. Осыған сәйкес, Басқарма бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100 пайыз электронды түрде, корпорация арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының 2019 жылғы 12 ақпанында өткен отырысын барлық мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және мемлекеттік қызмет түрлерін жетілдіру бағытында жаңа жобалар әзірлеп, оны жүзеге асыру тапсырылған болатынОсы ретте, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында облыстық бюджеттен 44,1 млн. теңге бөлінген қаржы есебінен SitCen – мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүйесі арқылы 12 мемлекеттік қызмет автоматтандырылатын болады. Білім саласы бойынша 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 4 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған  үкімет»  мемлекеттік корпорациясымен жүзеге асырылатын болады. Ал, 2 мемлекеттік қызмет “Электронды үкімет” веб-порталымен жүзеге асыруға көшіріледі.Атап айтар болсақ:

1) Орта білім беру саласындағы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

2) Қала маңындағы және мектеп лагерьлерінде демалыс орындарына жолдама беру; 

3) Тегін тасымалдауды қамтамасыз ету;

4) Тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер автоматтандырылатын болады.

Осы қызметтерді ала отырып, композиттік түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер арқылы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау; Тегін тасымалдауды қамтамасыз ету; Тегін тамақпен қамтамасыз ету анықтамаларын бір мезетте алу бойынша мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігіне көрсетілетін 5 мемлекетттік қызмет стандартын “Электронды үкімет” веб-порталы арқылы көрсетуге ұсыныстар жолданды. 5 көрсетілетін мемлекеттік қызмет баламаны қажет етпейді. Жалпы, мемлекеттік қызмет саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар басқармамен тұрақты бақылауға алынған және бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.


Қызылорда облысының білім басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша  2018 жыл бойынша атқарылған шаралар

2018-2019 жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының білім саласына қатысты тармақтарын іске асыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелері енгізіліп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарлары бекітілуде. Соның негізінде, барлық білім беру ұйымдарында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі тақырыпта ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, акциялар т.б. шаралар өткізілді. Мұнан бөлек 2017-2018-2019 оқу жылында дәстүрге айналған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында жазғы және қысқы сессия барысында студенттік және жастар ұйымдарымен бірлесе «Таза сессия» акциялары ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында наурыз айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында эссе конкурсы өтті. Конкурс қорытындысында жүлделі орындарға ие болған студенттерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды. 

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың сәуір айында «Адал жол-честный путь» марафоны өткізілді. Марафон барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндеулер қабылданып, белсенді студенттердің арасында флешмоб және автошеру ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 19 маусым күні басқарманың ұйымдастырумен И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінің базасында колледждерде емтихандық кезеңнің басталуына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, басқарманың жауапты мамандарының, Қызылорда қаласындағы барлық техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының белсенді студенттері, жастар ісі жөніндегі комитеттерінің төрағалары, ЖОО белсенді студенттерінің қатысуымен «Таза сессия» акциясы болып өтті. Акцияның мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлық белгілерін азайту және колледждерде емтихандық кезеңдердің әділ әрі таза өтуі. Аталған акция барысында колледж студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында суреттер көрмесі (фотосушка) өтіп, кездесу соңында үздік деп танылған  сурет иелері дипломдармен марапатталды. Белсенді студенттер өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің ата-аналарынан ақша жинау фактілерін болдырмау бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Мұнан бөлек, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың ұсынысымен барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтары құрылды. Қызылорда облысының білім басқарасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың ІІІ-тоқсанында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қатысуымен барлық қала, аудан  сыртындағы 7 жазғы тынығу лагерінде өңірлік слеттер өткізілді. Облыс бойынша қамтылған бала саны 912 оқушыны құрады. «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбымен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыру мақсатында іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара жоғары деңгейде өткізілгенін және оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін байқай отырып, облысымыздағы басқа лагерлердеде жалғасын табуға ықпал жасадық. Адал ұрпақ бағдарламасы лагерлерде шағын байқаулар ретінде өткізілді. Осы іс-шаралар аясында клуб мүшелерінің белсенді қатысуымен жемқорлыққа қарсы тақырыптарда өлеңдер оқу, флешмобтар, «Жемқорлық індет – жою міндет!» пікірсайысы, «Қозғалыс – денсаулық кепілі!» эстафеталық ойындар мен шағын футболдар турнир, «Жемқорлық балалар көзімен!» тақырыбында бормен суреттер салу және «Жемқорлықсыз болашақ!» атты өнерпаздар концерті ұйымдастырылып, іс шаралар соңында Бір үйдің баласындай» атты кешкілік достық алауы жағылды. Осы айтылғандардың негізінде аталған іс-шаралдардың оқушылар бойында жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудағы және отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңыздылығы ескеріліп, облыстағы барлық қала сыртындағы лагерлерде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, тоқсан сайын Басқарма қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтау жөнінде тоқсан сайын түсіндірме жұмыстары мен құқықтық оқытулар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, басқармамен бақ құралдары мен әлеуметтік желілерді сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағымсыз контентерге мониторинг жүргізіп, нәтижесі бойынша шұғыл түрде алдын алу жұмыстары жүргізіледі

Сондай-ақ, 2018 жылы Қызылорда облысының білім басқармасында құзырлы органдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар  жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы шаралары жөнінде атқарылған жұмыстарды талқылау бойынша кездесулер өткізілді.


Қызылорда облысының білім басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2018 жылғы 3 тоқсан бойынша атқарылған шаралар

Қызылорда облысының білім басқармасымен 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Басқармаға қарасты барлық мемлекеттік ұйымдардың басшыларына жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне 2018 жылдың қаңтар айында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілермен таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқармаға қарасты ұйымдардың директорларына жазбаша түрде, әр қайсысына қол қойдыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде ескертулер берілді. Сонымен бірге, 2018 жылдың 05, 06 ақпан күндерінде басқарманың ұйымдастыруымен облыстың білім беру мекемелерінің мемлекеттік сатып алумен айналысатын қызметкерлеріне «POSITIVE PARTNERS» ЖШС-і 2 күндік семинар өткізді. 2018-2019 жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының білім саласына қатысты тармақтарын іске асыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелері енгізіліп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарлары бекітілуде. Соның негізінде, барлық білім беру ұйымдарында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі тақырыпта ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, акциялар т.б. шаралар өткізілді. Мұнан бөлек 2017-2018 оқу жылында дәстүрге айналған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында жазғы және қысқы сессия барысында студенттік және жастар ұйымдарымен бірлесе «Таза сессия» акциялары ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында наурыз айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында эссе конкурсы өтті. Конкурс қорытындысында жүлделі орындарға ие болған студенттерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың сәуір айында «Адал жол-честный путь» марафоны өткізілді. Марафон барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндеулер қабылданып, белсенді студенттердің арасында флешмоб және автошеру ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 19 маусым күні басқарманың ұйымдастырумен И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінің базасында колледждерде емтихандық кезеңнің басталуына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, басқарманың жауапты мамандарының, Қызылорда қаласындағы барлық техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының белсенді студенттері, жастар ісі жөніндегі комитеттерінің төрағалары, ЖОО белсенді студенттерінің қатысуымен «Таза сессия» акциясы болып өтті. Акцияның мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлық белгілерін азайту және колледждерде емтихандық кезеңдердің әділ әрі таза өтуі. Аталған акция барысында колледж студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында суреттер көрмесі (фотосушка) өтіп, кездесу соңында үздік деп танылған  сурет иелері дипломдармен марапатталды. Белсенді студенттер өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің ата-аналарынан ақша жинау фактілерін болдырмау бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Мұнан бөлек, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың ұсынысымен барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтары құрылды. Қызылорда облысының білім басқарасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың ІІІ-тоқсанында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қатысуымен барлық қала, аудан  сыртындағы 7 жазғы тынығу лагерінде өңірлік слеттер өткізілді. Облыс бойынша қамтылған бала саны 912 оқушыны құрады. «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбымен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыру мақсатында іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара жоғары деңгейде өткізілгенін және оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін байқай отырып, облысымыздағы басқа лагерлердеде жалғасын табуға ықпал жасадық. Адал ұрпақ бағдарламасы лагерлерде шағын байқаулар ретінде өткізілді. Осы іс-шаралар аясында клуб мүшелерінің белсенді қатысуымен жемқорлыққа қарсы тақырыптарда өлеңдер оқу, флешмобтар, «Жемқорлық індет – жою міндет!» пікірсайысы, «Қозғалыс – денсаулық кепілі!» эстафеталық ойындар мен шағын футболдар турнир, «Жемқорлық балалар көзімен!» тақырыбында бормен суреттер салу және «Жемқорлықсыз болашақ!» атты өнерпаздар концерті ұйымдастырылып, іс шаралар соңында Бір үйдің баласындай» атты кешкілік достық алауы жағылды. Осы айтылғандардың негізінде аталған іс-шаралдардың оқушылар бойында жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудағы және отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңыздылығы ескеріліп, облыстағы барлық қала сыртындағы лагерлерде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Өткізілген лагерлер атауы:

  1. «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» - 27 шілде 2018 жыл.
  2. «Балаларды  сауықтыру-демалыс орталығы «Шағала» - 15 тамыз 2018 жыл.
  3. «Ақтерек» сауықтыру лагері – 12 тамыз 2018 жыл.
  4. «Жалын» тынығу лагері – 17 тамыз 2018 жыл.
  5. «Сыр Ұланы» тынығу лагері - 22 тамыз 2018 жыл.
  6. «Тау самалы» тынығу лагері-7 тамыз 2018 жыл.
  7.  «Сырдария» балаларды сауықтыру лагері  - 16 тамыз 2018 жыл.

Сонымен қатар, тоқсан сайын Басқарма қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтау жөнінде тоқсан сайын түсіндірме жұмыстары мен құқықтық оқытулар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, басқармамен бақ құралдары мен әлеуметтік желілерді сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағымсыз контентерге мониторинг жүргізіп, нәтижесі бойынша шұғыл түрде алдын алу жұмыстары жүргізіледі


Қызылорда облысының білім басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2018 жылғы II тоқсан бойынша атқарылған шаралар

Басқарманың мемлекеттік қызметті өткеру кезінде мемлекеттік қызметшілердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның талаптарын сақтау Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі сақтау жөнінде құқықтық семинар өткізілді.


Қызылорда облысының білім басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2018 жылғы I тоқсан бойынша атқарылған шаралар

Қызылорда облысының білім басқармасымен 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара бекітілді. Басқармаға қарасты барлық мемлекеттік ұйымдардың басшыларына жиналыс өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне 2018 жылдың қаңтар айында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілермен таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқармаға қарасты ұйымдардың директорларына жазбаша түрде, әр қайсысына қол қойдыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде ескертулер берілді. Сонымен бірге, 2018 жылдың 05, 06 ақпан күндерінде басқарманың ұйымдастыруымен облыстың білім беру мекемелерінің мемлекеттік сатып алумен айналысатын қызметкерлеріне «POSITIVE PARTNERS» ЖШС-і 2 күндік семинар өткізді.


2017 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы ақпарат

Қызылорда облысының білім басқармасы 2017 жылдың қаңтар айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара бекітіліп соның негізінде төмендегі жұмыстар атқарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында құзырлы органдардың байланыс телефондары көрсетілген стенділер әзірленіп, арнайы «Сенім» жәшіктері мен «Сенiм телефондары» орнатылды.

Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының заңда белгіленген тәртіппен қаралып, уақытылы жауап берілуі қатаң қадағалануда.

2017 жылдың басынан бастап 7-і құқықтық лекциялар, 5 семинар-тренинг, 3  дөңгелек үстел,   2-мәжіліс өтті.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелері енгізіліп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарлары бекітілді. Соның негізінде, барлық білім беру ұйымдарында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі тақырыпта ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер т.б. шаралар өткізілді. Жылына екі рет барлық колледждердің студенттері арасында «Таза сессия» атты акциясы өтеді. Білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің ата-аналарынан ақша жинау фактілерін болдырмау бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Мұнан бөлек, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың ұсынысымен барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтары құрылды. Сондай-ақ, барлық аудандарда, Қызылорда қаласында және облыстық деңгейде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтарының Қауымдастығы құрылып, 2017 жылдың 14 сәуірде Басқарманың Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында Қауымдастықтың алғашқы облыстық слеті өтті.

Онан бөлек, құқықтық ақпаратқа халықтың барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың сайтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты арнайы айдар жұмыс жасайды.

Облыс әкімінің порталында басқарма басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жөніндегі кестесі орналастырылған. Осы орайда, веб-порталдағы басқарма басшысының блогы арқылы жеке және заңды тұлғалар тікелей байланыса алады. 


2017 жылдың III тоқсанына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы ақпарат

2017 жылдың 3-ші тоқсанында Басқармаға қарасты барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының білім саласына қатысты 53-тармағын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін түрлі тақырыпта ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер өткізілуде.

Сонымен қатар, Басқарманың мемлекеттік қызметті өткеру кезінде мемлекеттік қызметшілердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның талаптарын сақтау Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі сақтау жөнінде құқықтық семинар өткізілді.


2017 жылдың II тоқсанына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы ақпарат

2017 жылғы 21 қаңтар айында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қ.Әбдіраманов және Қызылорда облысының білім басқармасының бас маманы Б. Қыпшақбаев Басқармаға қарасты Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің инженер-педагог қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының құқықтық незіздері және оның алдын алу шаралары туралы» құқықтық лекция өткізді. 

2017 жылдың 31 қаңтарында Қызылорда қаласының №264 орта мектептің акт залында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы М. Искаков және Қызылорда облысының білім басқармасының бас маманы Б. Қыпшақбаев  Басқармаға қарасты арнайы, мамандырылған оқу орындары мен оқу орталықтарының (қазақ-түрік лицейлері, облыстық дарынды мектеп интернаты, көзі-нашар, құлағы нашар, арнаулы түзету мектеп интернаттары, оңалту орталықтары, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы т.б.) директорлары, есеп қисап мамандары, оқытушылыр мен әкімшілік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылы 2 наурызда Қызылорда облысының М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде Қызылорда облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы М. Искаков және Қызылорда облысының білім басқармасының бас маманы Б. Қыпшақбаев студенттермен кездесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы 10 наурызда Қызылорда қаласының №261 орта мектептің акт залында №112, 120, 212, 222, 253, 261, 267, 10, 173, орта мектептердің мұғалімдері, директор орынбасарлары қатысуымен облыстық білім басқармасының бас маманы Б. Қыпшақбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде құқықтық лекция оқыды.

2017 жылдың 17 наурызында №136 орта мектептің акт залында №№9, 1, 136, 211, 6, 5 орта мектептердің мұғалімдері мен директор орынбасарларының қатысуымен облыстық білім басқармасының бас маманы Б. Қыпшақбаев мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары бойынша құқықтық лекция оқыды.

2017 жылдың 30 наурызда облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық білім басқармасының колледждерімен «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру туралы» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге облыс әкімдігінің инфрақұрылымды дамыту бөлімінің қызметкері К. Айтбаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Ақ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қызметкерлері колледждердің жауапты қызметкерлері қатысты.

2017 жылдың 31 наурызда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы М. Искаков және Қызылорда облысының білім басқармасының бас маманы Б.Қыпшақбаев Қызылорда облысының «Қызылорда облысының білім басқармасының И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің студенттерімен кездесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар тренинг өткізді.

2017 жылдың 4 мамырда облыстық әкімдіктің ғимаратының 5-қабатының мәжіліс залында басқарма басшысы Б.Сайлыбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлері, Қызылорда қаласының және аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, жауапты қызметкерлері және басқармаға қарасты директорлардың қатысуымен мәжіліс өткізілді. Мәжілістің бір тақырыбы білім саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық фактілерге қатысты болды. Мәжілісте басқарма басшысы Б.Сайлыбаев білім саласында орын алған сыбайлас сипатындағы фактілерге тоқталып, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

2017 жылғы 17 мамырда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда білім басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда жоғары медицнналық колледжінің акті залында колледж оқытушылар және студеттермен кездесіп «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты акциясының аясында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысы бойынша партиялық бақылау инспекторы Жарекеев Қуаныш  баяндама жасады, сонымен бірге ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы М. Искаков кесдесушілермен семинар тренинг өткізді.

2017 жылғы 18 мамырда Қызылорда облысының білім басқармасы және Қызылорда әкімі апппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Басқармаға қарасты мекемелердің басшыларына «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-ның Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамалары егізілген өзгерістерге байланысты құқықтық оқыту өткізілді.

Бұған қоса, 2017 жылдың 26 мамыр және 15 маусым аралығында Қызылорда қаласында және барлық аудандарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып «Білім беру жүйесіндегі кадрларды таңдауды жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою» және «Мемлекеттік оқу орындарының басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту тәжірибесі» тақырыбында Қызылорда мен аудан әкімінің орынбасары, аудандық прокуратура, білім бөлімі, ішкі істер бөлімінің жауапты қызметкерлері мен колледж, мектеп директорлары мен тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары және балабақша меңгерушілерінің (меншік нысанына қарамастан) қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылғы 29 маусымда Қызылорда облысының білім басқармасы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қызылорда облысының білім басқармасының Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Педагокикалық кадрлардың еңбек ақысын көтеру үшін негіз болып табылатын педагогикалық кадрлардың дәрежесін арттыру; сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің проблемалары және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  Қызылорда облысының білім басқармасының мекемелері мен Қызылорда қаласының орта мектеп директорлары қатысты. 


2017 жылдың I тоқсанына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы ақпарат

Қызылорда облысының білім басқармасы мен барлық қарасты мекемелерде 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-жоспары бекітілді. Сонымен қатар, басқарма мен қарасты мекемелерде сенім жәшіктері мен сенім телефондары орнатылды. Басқарманың сайтында арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы арнайы айдар ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен 2017 жылдың басында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Облыстық білім басқармасының Қызылорда облысының білім беру ұйымдарына сыбайлас жемқорлықтың қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шаралары  туралы бірлескен құқықтық түсіндіру жұмыстарының кестесі бекітіліп осы кестеге сәйкес Қызылорда облысы барлық білім беру ұйымдарында құқықтық оқытулар мен семнарлар өткізілуде. Мұнан бөлек, Қазақстан Республикасының білім және білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кешенді жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 53 тармағына сәйкес 2016-2017 жылғада барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа тәрбиені оқу процесіне енгізіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте, Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз», «Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесейік», «Сыбайлас жемқорлық-қауіпті әлеуметтік құбылыс», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары», «Жастар – жемқорлыққа қарсы!», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және т.б. тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар,  пікірталастар өткізіліп, сыбайластыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде әңгімелер қозғалып, қызметкерлердің пікірлері тыңдалды. Қызылорда облысының білім басқармасы барлық аудан, қалалық білім ұйымдарының мұғалімдерінен және оқушылардың ата-аналарынан ақша қаражаттарын жинауға, бағалы сыйлықтар беруге жол бермеу жағдайлары бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп «Таза сессия!», «Жастар жемқорлыққа қарсы» акцияларын ұйымдастырылды. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, басқарма арнайы сенім телефонымен және білім беру ұйымдары арыз-шағымдарға арналған жәшікпен қамтамасыз етілді. Облыс әкімінің порталында басқарма басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жөніндегі кестесі орналастырылған. Осы орайда, веб-порталдағы басқарма басшысының блогы арқылы жеке және заңды тұлғалар тікелей байланыса алады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттар Қызылорда облысы әкімдігінің веб-порталында жарияланып, тоқсан сайын жаңартылып тұрады. Білім беру салаларында ахуалды оңалту, «Осал нүктелерді» айқындылықпен ашықтықты қамтамасыз ету үшін басқарма және барлық оқу орындарының басшыларының қабылдаған шешімдерімен жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында жұмыс жүргізуді аудан және қалалық білім ұйымдарына тапсырылды. Басқарма қызметкерлері мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарының жеті басымдығы шеңберінде белгіленген тапсырмаларды үнемі басшылыққа алып, жұмыс жасауда.


2016 жылға Қызылорда облысының білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы ақпарат

 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің  №277 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім және білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кешенді жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатындағы Министрліктің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №24 бұйрығымен бекітілген «Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес  бірқатар жұмыстар атқарылды. Басқармада және барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс шаралар жоспарлары бекітілді.

Осы ретте, Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз», «Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесейік», «Сыбайлас жемқорлық-қауіпті әлеуметтік құбылыс», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары», «Жастар – жемқорлыққа қарсы!», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және т.б. тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар,  пікірталастар өткізіліп, сыбайластыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде әңгімелер қозғалып, қызметкерлердің пікірлері тыңдалды.

Қызылорда облысының білім басқармасы барлық аудан, қалалық білім ұйымдарының мұғалімдерінен және оқушылардың ата-аналарынан ақша қаражаттарын жинауға, бағалы сыйлықтар беруге жол бермеу жағдайлары бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп «Таза сессия!», «Жастар жемқорлыққа қарсы» акцияларын ұйымдастырылды.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, басқарма арнайы сенім телефонымен және білім беру ұйымдары арыз-шағымдарға арналған жәшікпен қамтамасыз етілді. Облыс әкімінің порталында басқарма басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жөніндегі кестесі орналастырылған.

Осы орайда, веб-порталдағы басқарма басшысының блогы арқылы жеке және заңды тұлғалар тікелей байланыса алады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттар Қызылорда облысы әкімдігінің веб-порталында жарияланып, тоқсан сайын жаңартылып тұрады.

Білім беру салаларында ахуалды оңалту, «Осал нүктелерді» айқындылықпен ашықтықты қамтамасыз ету үшін басқарма және барлық оқу орындарының басшыларының қабылдаған шешімдерімен жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында жұмыс жүргізуді аудан және қалалық білім ұйымдарына тапсырылды.

Басқарма қызметкерлері мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарының жеті басымдығы шеңберінде белгіленген тапсырмаларды үнемі басшылыққа алып, жұмыс жасауда.

 


Қызылорда облысының білім басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдаудың аналитикалық анықтамасы


Қызылорда облысының білім саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептеріне

жүргізілген сыбайласқа жемқорлыққа қарсы мониторингтің

НӘТИЖЕСІ

МАЗМҰНЫ

I.                  Кіріспе

1.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Білім саласынында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу.

2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: Қызылорда облысының білім саласының білім беру ұйымдары.

3.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: басталды: 01.11.2017 жыл, аяқталды: 30.11.2017 жыл.

4.  Бақыланатын кезең: 2017 жылдың 10 айы қызметі.

II.  Ақпараттық-талдамалық бөлім

       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау арқылы жүзеге асырылды. Мәліметтер қалалық, аудандық білім бөлімдерінен және басқармаға келіп түскен арыз-шағымды талдау нәтижесімен алынған.

     2017 жылдың 9 айы бойынша білім саласы бойынша 17 қылмыстық іс тіркелді. Оның 2-і мектеп директорлары, 3-і жеке колледж директорлары мен өкілдері, 8-і қала және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, 4-і басқа тұлғалар тарапынан жол берілген.

     5-і ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша іс-қозғалған.

     9-і ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша іс-қозғалған.

1 кесте

р/с

Бап

Саны

1.

КР ҚК 189 бабы

2

2.

ҚР ҚК 386 бабы

13

3.

ҚР ҚК 361 бабы

1

4.

ҚР ҚК 369 бабы

1

Кестеде көрініп тұрғандай қылмыстық бұзушылықтардың басым бөлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 386 бабы бойынша іс-қозғалған, яғни пара алу дерегі бойынша.

Аталған қылмыстардың аймақ бойынша талдау жүргізу нәтижесі келесідей:

Қазалы ауданы – 2, Қармақшы ауданы – 1, Сырдария ауданы – 1, Шиелі ауданы- 2, Жаңақорған ауданы – 2.

2 кесте

р/с

Аудан атауы

Саны

1.

Қызылорда қаласы

10

2.

Қармақшы

3

  3.

Сырдария

1

4.

Шиелі

1

5.

Жалағаш

1

6.

Жаңақорған

1

 

Басқармаға келіп түскен арыз-шағымдарды талдау барысында барлық арыздардың басым бөлігі мектеп директорларының заңсыз ақша жинауға, сағат бөлінісі немесе басқада заңсыз әрекеттеріне қатысты болған.  

Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудиторлық тексеру барысында Қызылорда қалалық білім бөлімі, Шиелі аудандық білім бөлімі, мемлекеттік сатып алу мен балаларды ыстық тамақпен қамту кезінде қаржылық бұзушылықтарға жол берген.

Қазалы аудандық білім бөлімі, Арал ауданы, Арал қаласы әкімі аппараты, Қазалы «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты», Қармақшы ауданы, Жоасалы кенті апараты, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті аппараты, Шиелі ауданы, Шиелі кенті аппараты, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті әкімі аппараты, мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс орнату барысында түрлі қаржылықтар бұзушылықтар орын алған.

Қорытынды

Білім беру ұйымдарының басшылары өзінің лауазымдары өкілеттіктерін асыра пайдалану кезінде көп заң бұзушылықтар орын алады, сонымен қатар қаржылық бұзушықтар саралай келе білім беру басшылар мен есеп-қисап мамандарының сауаттылығы жетпейтінін немесе қаржылық іліктерді  (лазейка) пайдаланып, айла-амал қолданып бюджет қаражатын жымқыруға сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Ұсыныс

1.  Өз өкілеттіктерін асыра пайдаланудын және пара алу фактілерін алдын алу және қаржылық сауаттылық арттыру үшін білім беру ұйымдарының басшылары, есеп-қисап мамандары, педагогтарға біліктілік арттыру курстары мен сыбайлас жемқорлықтын алдын бойынша құқықтық оқытулар, семинарлар және курстар өткізу;

2.  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау жүргізіп, нәтижесін Басқармаға жолдансын;

3.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімсіздігіне талдау жасап, қосымша нақты шаралар қолдануға. 


2017 жылдың қыркүйек айының 20-на Басқарманың қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің міңез-құлқы стандартының талаптары бойынша құқықтық оқыту өткізілді.

2017 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында Басқарманың ұйымдастыруымен Басқарманың қызметкерлері және Басқармаға қарасты колледждердің бухгалтерлерінің қатысуымен «BOLASHAK» халықаралық академияның оқытушылары семинар-тренинг өткізді.

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 15-07-2019 15:19

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика