Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

2018-2019 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру ұйымдарына орналастыру жөніндегі комиссия отырысынң ХАТТАМАСЫ


2018-2019 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру


2017-2018 оқу жылына орта білімнен кейінгі білім бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру ұйымдарына орналастыру жөніндегі комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Қызылорда қаласы                           №1                 2017  жылғы «12» шілде

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

                                                                                 

Комиссия мүшелері:

 

Р/с

Аты-жөні

-

Лауазымы

1

Қарабалаев Ерлан Жағыппарұлы

-

Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары,

комиссия төрағасы

Комиссия мүшелері

2

Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы

-

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының  стратегиялық даму және адами ресурстарды басқаруды жетілдіру жөніндегі орынбасары,

(келісімі бойынша)

3

Скакова Жанна

Бақытқызы

-

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы,

(келісімі бойынша)

4

Ескалиева Гүлнар

Бабабекқызы

 

Қызылорда облысының білім және ғылым

қызметкерлерінің кәсіподағы комитеті төрайымының орынбасары

(келісімі бойынша)

5

Халыкова Гульнар

Дайрабайқызы

-

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы

(келісімі бойынша)

6

Пеисова Гульнар

Милтикбаевна

-

"Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуды және біліктілікті берудің республикалық ғылыми әдістемелік орталығы" АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры

(келісімі бойынша)

7

Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы

-

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты (келісімі бойынша)

8

Есенбаев Бекжан

Шахизатұлы

-

Қызылорда облысының білім басқармасының бөлім басшысы

9

Дүрманов Бақдаулет Дербісәліұлы

-

Облыстық оқу орталығының (оқу әдістемелік кабинет) техникалық және кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі

Комиссия хатшысы

10

Еденбаев Абылай

Ақарысұлы

-

Қызылорда облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің статист-маманы

2017-2018 оқу жылына орта білімнен кейінгі білім бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы ___________________________________________________________

 

Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары-комиссия төрағасы Е.Қарабалаевтың «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығының талаптарына сәйкес 2017-2018 оқу жылына орта білімнен кейінгі білім бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысуға өтінім берген оқу орындары жөніндегі хабарламасын қаперге алып, оны жан-жақты талдай отырып конкурстық комисссия ШЕШІМ ЕТТІ:

2017-2018 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырыс орналастырылатын білім беру ұйымдарының тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітуге ұсынылсын.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                                            Е.  Қарабалаев

 

Комиссия мүшелері

Ж. Абдусаметов

Ж. Скакова

Г.  Ескалиева

Г.  Халыкова 

Ж. Нұрымбетов

             Г.  Пеисова

Б.  Есенбаев

Б.  Дүрманов

 

 

Комиссия хатшысы                                                           А.  Еденбаев

 


2017-2018 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру ұйымдарына орналастыру жөніндегі сараптама қорытындысы

 

Қызылорда қаласы                           №1                 2017  жылғы «11» шілде

 

                                                                                 

Р/с

Аты-жөні

 

Лауазымы

1

Есенбаев Бекжан

Шахизатұлы

-

Қызылорда облысының білім басқармасының бөлім басшысы

2

Дүрманов Бақдаулет Дербісәліұлы

-

Облыстық оқу орталығының (оқу әдістемелік кабинет) техникалық және кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі

3

Еденбаев Абылай

Ақарысұлы

-

Қызылорда облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас инспекторы






        1 қосымша
2017-2018 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша оқу орындарына орналастыру бөлінісі
Колледж атауы Мамандықтар коды мен атауы Біліктіліктер коды мен атауы Барлығы Оның ішінде
9 сынып негізінде 11 сынып негізінде
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі 1508000-Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) 1508063-Техник-технолог 25   25
1114000-Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 1114063-Техник-механик 25 25  
1412000-Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі 1412093-Техник-технолог 25 25  
1303000-Темір жол көлігіндегі автоматика,

телемеханика және қозғалысты басқару
1303043-Электр механигі 25 25  
1224000-Сүт өнімдерінің өндірісі 1224073-Техник-технолог 25 25  
0902000-Электрмен қамтамасыз ету

(салалар бойынша)
0902033-Техник-электрик 25   25
1232000-Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі 1232183-Техник-технолог 25 25  
1410000-Автомобиль жолдары мен

аэродромдар құрылысы
1410013-Техник-құрылысшы 25 25  
0907000-Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) 0907033-Техник-жылу технигі 25 25  
1513000-Ветеринария 1513083-Ветеринарлық фельдшер-инспектор 15 15  
1304000-Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
1304073-Техник-электроник 25   25
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504113-Фермер 15   15
Барлығы 280 190 90
Қазанғап атындағы Қызылорда

музыкалық колледж
0404000-Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) 0404013-Балалар музыка мектебінің

оқытушысы, концертмейстер
4 4  
0404023-Балалар музыка мектебінің

оқытушысы, ансамбль, оркестр әртісі (жетекшісі)
18 18  
0404033-Балалар музыка мектебінің

оқытушысы, халық аспаптар оркестрінің әртісі (жетекшісі)
32 32  
0405000-Хор дирижеры 0405013-Оқытушы, хормейстер 10 10  
0407000-Ән салу 0407013-Балалар музыка мектебінің

оқытушысы, академиялық ән салу әртісі, ансамбль солисі
10 10  
0407023-Балалар музыка мектебінің

оқытушысы, домбырамен халық әндерін орындау әртісі
2 2  
0408000-Хореография өнері 0408023-Би ансамблі әртісі 12 12  
Барлығы 88 88  
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі 0105000-Бастауыш білім беру 0105083-Ағылшынша білімі бар

бастауыш білім беру мұғалімі
50 50  
0108000-Музыкалық білім беру 0108013-Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі 20 20  
0103000-Дене тәрбиесі және спорт 0103023-Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі 25 25  
0101000-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 0101033-Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі 50 50  
0111000-Негізгі орта білім беру 0111013-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 25 25  
  0111093-Информатика мұғалімі 25 25  
0111000-Негізгі орта білім беру 0111083-Шетел тілі мұғалімі 25 25  
0111000-Негізгі орта білім беру 0111123-Ағылшынша білімі бар физика пәні мұғалімі 25   25
0111000-Негізгі орта білім беру 0111113-Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі 25 25  
0106000-Бейнелеу өнері және сызу 0106013-Бейнелеу өнері және сызу

пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі
15 15  
0403000-Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы (бейін бойынша) 0403013-Ұйымдастырушы-педагог 15 15  
Барлығы 300 275 25
Қызылорда медициналық жоғары колледжі 0301000-Емдеу ісі 0301013-Фельдшер 25 25  
  0301023-Акушер 25   25
0302000-Медбикелік іс 0302033-Жалпы практикадағы медбике 100 25 75
0306000-Фармация 0306013-Фармацевт 50   50
Барлығы 200 50 150
Академик С.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі 1309000-Оптикалық және электрондық құрал-

жабдықтар (түрлері бойынша)
1309023-Техник-электроншы 25 25  
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401213-Техник-құрылысшы 25   25
Барлығы 50 25 25
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 0601000-Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) 0601013-Стандарттау технигі 25 25  
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504113-Фермер 10   10
1510000-Ауыл шаруашылығын механикаландыру 1510043-Техник-механик 25   25
1227000-Баспа өндірісі 1227103-Техник-технолог 25 25  
1202000-Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)  1202063-Техник 25 25  
1513000-Ветеринария 1513083-Ветеринарлық фельдшер-инспектор 10 10  
Барлығы 120 85 35
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі 1305000-Ақпараттық жүйелер

(қолдану саласы бойынша)
1305033-Техник 25 25  
1302000-Автоматтандыру және басқару 1302023-Электромеханик 25 25  
Барлығы 50 50  
Жас Өркен колледжі 0902000-Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) 0902033-Техник-электрик 25 25  
1404000-Сумен қамтамасыздандыру

және су бұрғыш жүйелерінің тазартқыш

ғимараттары
1404033-Су құбыры-кәріз шаруашылығының

желілері мен құрылыстарын пайдалану

технигі
25 25  
Барлығы 50 50  
Болашақ университетінің колледжі 0902000-Электрмен қамтамасыз ету

(салалар бойынша)
0902033-Техник-электрик 25 25  
1305000-Ақпараттық жүйелер

(қолдану саласы бойынша)
1305033-Техник 25 25  
Барлығы 50 50  
«Абылай хан» атындағы колледжі 1517000-Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша) 1517033-Техник 25   25
1304000-Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
1304043-Техник-бағдарламашы 25 25  
Барлығы 50 25 25
Қызылорда көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледжі 1516000-Өрт қауіпсіздігі 1516013-Өрт сөндіру инспекторы 25 25  
0401000-Кітапхана ісі 0401013-Кітапханашы 25 25  
Барлығы 50 50  
Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі 1509000-Экология және табиғатты

қорғау қызметі (түрлері бойынша)
1509043-Техник- механик 25 25  
0902000-Электрмен қамтамасыз ету

(салалар бойынша)
0902033-Техник-электрик 25   25
Барлығы 50 25 25
Қызмет колледжі 0511000-Туризм (салалар бойынша) 0511043-Менеджер 25 25  
Барлығы 25 25  
Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі 1509000-Экология және табиғатты

қорғау қызметі (түрлері бойынша)
1509023-Ерекше қорғалатын

табиғат аумақтарының технигі
25 25  
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401213-Техник-құрылысшы 25   25
Барлығы 50 25 25
Жиыны 1413 1013 400
           

 


2017-2018 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы

 

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығының талаптарына сәйкес 2017-2018 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын білім беру ұйымдарының тізбесі №1 қосымшаға сәйкес бекітуге ұсынылсын.

 

        Сараптамалық топ                                                    Б. Есенбаев

                                                                 

           Б. Дүрманов

                                                                 

           А. Еденбаев

 

 

 






        1 қосымша
2017-2018 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының бөлінісі
Колледж атауы Мамандықтар коды мен атауы Біліктіліктер коды мен атауы Барлығы Оның ішінде
9 сынып негізінде 11 сынып негізінде
Қызылорда медициналық жоғары колледжі КМҚК 0304000-Стоматология 0304032-Стоматологиялық гигиенашы 25 25  
Барлығы 25 25 0
Арал көпсалалы  колледжі КМҚК 1201000-Автомобиль көлігіне техникалық қызмет

көрсету, жөндеу және пайдалану
1201052-Автосервис менеджері 25 25  
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504062-Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист 25   25
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401182-Құрылыс слесарі 25 25  
0513000-Маркетинг (салалар бойынша) 0513042-Коммерциялық агент 25 25  
0901000-Электр станциялары мен желілерінің

электр жабдықтары (түрлері бойынша)
0901012-Электромонтер (барлық атаулар) 25 25  
Барлығы 125 100 25
Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі КМҚК 1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504072-Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын реттеуші               25 25  
0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508022-Кондитер  25 25  
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401032-Құрылыс шебері 25 25  
1114000-Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 1114022-Газбен кесуші 25   25
0901000-Электр станциялары мен желілерінің

электр жабдықтары (түрлері бойынша)
0901032-Күштік тораптар мен электр жабдықтарының электр құрастырушысы 25 25  
Барлығы 125 100 25
Қазалы көлік-техникалық колледжі КМҚК 1108000-Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) 1108162-Локомотивті (тепловоз және электровоз) жөндеу бойынша слесарь 25 25  
1114000-Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 1114042-Электр газымен дәнекерлеуші 25   25
1203000-Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару 1203082-Тасымалдау құжаттарының операторы 25 25  
1303000-Темір жол көлігіндегі автоматика,

телемеханика және қозғалысты басқару
1303032-Байланыс аппаратурасы мен құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электр монтері 25 25  
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401252-Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері 25   25
1405000-Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен

жүйелерін құрастыру және пайдалану
1405012-Газ құбырларын пайдалану

және жөндеу слесарі
25 25  
0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508022-Кондитер 25 25  
Барлығы 175 125 50
C.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі КМҚК 1403000-Ішкі санитарлық- техникалық

құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану

(түрлері бойынша)
1403012-Слесарь-сантехник 50 25 25
1414000-Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша) 1414072-Ағаш және жихаз өндірісінің шебері 25 25  
1234000-Керамикалық өндіріс 1234012-Керамикалық өндіріс құрал-жабдықтарын реттеуші 25 25  
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401102-Қаптаушы-тасшы 25 25  
Барлығы 125 100 25
Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі КМҚК 0513000-Маркетинг (салалар бойынша) 0513032-Бақылаушы-кассир 25   25
0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508012-Аспаз 25 25  
1211000-Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 1211062-Арнайы тігінші 25 25  
0502000-Телекоммуникациялық құралдар мен

тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет

көрсету (салалар бойынша)
0502012-Радиоэлектрондық жабдықтарды жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі радиомеханик (радио,теле-, аудио-, бейне) 25 25  
1119000-Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар

және қондырғылар
1119032-Жабдықтарды жөндеу шебері (өнеркәсіпте) 25 25  
1306000-Радиоэлектроника және байланыс

(түрлері бойынша)
1306012-Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер 25 25  
Барлығы 150 125 25
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі КМҚК 1402000-Жол-құрылыс машиналарын техникалық

пайдалану (түрлері бойынша)
1402172-Кран машинисі (краншы) 25   25
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401032-Құрылыс шебері 25   25
1403000-Ішкі санитарлық- техникалық

құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану

(түрлері бойынша)
1403072-Электромонтаждаушы-реттеушi 25 25  
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504092-Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері 25 25  
1513000-Ветеринария 1513032-Ветеринарлық санитар 25 25  
0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508012-Аспаз 25 25  
Барлығы 150 100 50
С. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі КМҚК 0907000-Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) 0907022-Қазандық пен шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу слесарі 25 25  
1403000-Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді пайдалану және монтаждау (түрлері бойынша) 1403082-Электргаз дәнекерлеушi 50 25 25
1402000-Жол-құрылыс машиналарын техникалық

пайдалану (түрлері бойынша)
1402162-Автомобиль кранының машинисі 25   25
0816000-Химиялық технология және өндіріс

(түрлері бойынша)
0816022-Химиялық талдау зертханашысы 25 25  
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504092-Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері 50 25 25
Барлығы 175 100 75
Сырдария аграрлы-техникалық колледжі КМҚК 1211000-Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 1211072-Модельер-пішуші 25 25  
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504062-Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист 25 25  
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401012-Тас қалаушы 25   25
Барлығы 75 50 25
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі КМҚК 1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504062-Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист 25 25  
1211000-Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 1211032-Тігінші 25 25  
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401012-Тас қалаушы 25 25  
0901000-Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)                                                                                                                           0901012-Электромонтер (барлық атаулар) 25   25
1501000-Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 1501022-Машина мен механизмдерді пайдалану және жөндеу шебері 25 25  
Барлығы 125 100 25
Шиелі  индустриалды-аграрлық колледжі КМҚК 1211000-Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 1211072-Модельер-пішуші 25 25  
0706000-Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу 0706032-Бұрғылау қондырғысының машинисі 25 25  
0706082-Ұсатқыш қондырғылары машинисі 25 25  
0706022-Экскаватор машинисінің көмекшісі 25 25  
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504102-Слесарь-жөндеуші 25 25  
1114000-Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 1114012-Дәнекерлеуші (барлық атауларымен) 25   25
Барлығы 150 125 25
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі КМҚК 1201000-Автомобиль көлігіне техникалық қызмет

көрсету, жөндеу және пайдалану
1201062-Автокөліктердің электр

құрылғыларын жөндеуші электрик
25   25
1504000-Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 1504092-Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері 25   25
1513000-Ветеринария 1513032-Ветеринарлық санитар 25 25  
0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508012-Аспаз 25 25  
0707000-Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 0707142-Сығымдағыш қондырғының машинисі 25 25  
0707042-Жер асты қондырғыларының

машинисі
25 25  
Барлығы 150 100 50
Арал индустриалды – техникалық колледжі КМҚК 1221000-Балық өндірісі 1221012-Балық өңдеуші 25   25
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 1401032-Құрылыс шебері 25 25  
1401192-Құрылыс электр слесарі 25 25  
1109000-Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) 1109062-Фрезерлеуші 25 25  
1112000-Өнеркәсіп машиналары мен

жабдықтарын пайдалану
1112032-Слесарь-жөндеуші 25 25  
Барлығы 125 100 25
Жиыны 1675 1250 425

2017-2018 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы

Хабарландыру


 

Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. «Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» деп айтқан болатын. Мемлекет Басшысының бұл тапсырмасы араға бірнеше жыл салып нақты жүзеге асып отыр. Ол Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30-қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты дәстүрлі жолдауында Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын деген болатын. Қазіргі таңда, облысымызда 2015-2016 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандықтың 160 біліктілігі бойынша барлығы 22527 студент білім алуда. Осы оқу орындарында барлығы 2095 басшы және инженер-оқытушылар жұмыс жасайды. Олардың 415-і өндірістік оқу шеберлері. Биылғы оқу жылында 3555 орын мемлекеттік тапсырыс негізінде, оның ішінде 2788 орын жергілікті бюджет, 767 орын республикалық бюджет бойынша оқушылар қабылданды. Қазіргі таңда, аймақтың еңбек ресурстары баланысы мен жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобалар, шағын және орта бизнес өкілдеріне қажетті жұмысшы кадрларға деген сұраныстың жыл санап артуы кәсіптік білім беру саласын түбегейлі модернизациялауды қажет етіп отыр. Бүгінгі күні, аймағымызда кәсіптік білім беру саласына оның ішінде жұмысшы мамандар даярлауға деген көзқарасы өзгеріп, жаңаша талаптар қойылып отыр. Қазіргі таңда, облысымыздан 7 жоба республикалық индустриаландыру картасына енгізіліп, ұлттық қор есебінен қаржыландырылуда. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы «Шалхия цинк» түрлі-түсті металл кен өндіру жобасы, Шиелі ауданындағы уран, ваннадий, цемент өндірісі, Қызылорда қаласындағы «Шыны талшықтарын өндіру» зауыты, «Феррақортпа» зауыты, «Үй құрылыстары» комбинаты, Арал ауданындағы «Кальцинерленген сода шығару» т.б. жобалар. Облыстағы кәсіптік білім беретін оқу орындарында негізінен ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, байланыс, телекоммуникация және информациялық технологиялар, автокөлік, энергетика, мұнай-газ және химиялық өндіріс, геология, тау-кен өндірісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет, медицина, фармацевтика және білім саласы мамандық бағыттары бойынша кадрлар даярлануда. Облыстың еңбек ресурстары балансына және жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға қажетті кадрларға деген сұранысқа сәйкес және соңғы екі жылда колледждердегі жүргізілген салаландыру жұмыстарының нәтижесінде 23 жаңа мамандық ашылып, 17 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыру тоқтатылды. Қазіргі таңда, оқу орындары мен кәсіпорындар арасында әлеуметтік-әріптестік бағытында және дуалды оқытуға негізделіп жасалған келісім-шарттар бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуына өз ықпалын тигізуде. Мәселен, 2013-2014 оқу жылында облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын 8314 оқушы бітірді. Оның ішінде 4028 мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алғандар. Жалпы бітірушілердің (5640-і)  65,7 пайыз жұмысқа орналасты. Ал, мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірген 4028 студенттің 70,0 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Ал, 2014-2015 оқу жылын 7884 оқушы бітіріп, олардың ішінде дипломмен бірге жұмыс беруші әлеуметтік кәсіпорын тарапынан еңбек кітапшасын алып оқуды бітірісімен тұрақты жұмысқа орналасқандары 970 оқушы, бұл бітірушілердің 13,7 пайызын құрап отыр. 2015 жылдың 1-ші желтоқсанына жалпы 7884 бітірушінің 5361 жұмысқа орналасып 68,0 пайыз болса, ал мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірген 4359 студенттің  74,4 пайызды құрады. Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, тәжірибе ретінде дуалды оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы жұмыстар атқарылуда. Мәселен: И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінде «Агрономия» мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен сынақ алаңы ретінде 3 жылдан бері дуальді жүйеде жұмыс жасап келеді. Сонымен бірге, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген «Дуалды оқыту Жол картасына» 2 жылда енгізілген облыстағы 18 колледжде 27 мамандық сынақ алаңы ретінде белгіленіп, оқу процесіне дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу мақсатында облыстық білім басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, оқу орны мен әлеуметтік әріптес кәсіпорын арасында 4 жақты келісім-шарттар жасалынды. Жұмысшы және орта буын мамандарын дуальды білім беру жүйесінде даярлау әрбір мамандықтың кәсіптік стандартын әзірлеуден басталады. Бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттау және оларға берілетін біліктілікті тәуелсіз сертификаттау білім беру мекемесі мен кәсіпорынның, яғни жұмыс берушінің бірлескен іс-қимылы арқылы ғана жүзеге асырылады. Сондықтан бізге кәсіптік білім беру мен бизнестің интеграциясы қажет. Мұндай интеграция біріншіден жұмыс беруші мен оқу орнының арасындағы қалыптасқан әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы, екіншіден колледждердегі білім беру қызметін бірлесіп (коорпоративті) басқару және оқу орындарын сенімгерлік басқаруға беру арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін «Қызмет көрсету саласы компаниялары Ассоциациясымен» бірлесіп басқару жөнінде республикада алғаш болып арнайы жоба жасалынып, пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, Қызылорда құрылыс және бизнес колледжін облыстағы «Құрылыс саласы компанияларының қамқоршылық кеңесі» арқылы басқаруға беру бағытындағы жұмыстар кәсіпкерлік палатасымен бірге атқарылуда. Сонымен қатар, Қазалы аграрлы-техникалық колледжін «РЗА» АҚ-мен, Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжін «Ералы» ЖШС-мен бірлесіп басқаруды жүзеге асыру жоспарлануда. 2014 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы аймақтың еңбек ресурстары балансына сәйкес соның ішінде сұранысқа ие 10 мамандық бойынша орналастырылды. Осы жаңа мамандықтардың оқу-зертханалық базасын жетілдіру үшін өткен жылы 106,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті құрал-жабдықтар алынды. Қазіргі таңда, техникалық және кәсіптік білімді мамандарды теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып даярлауда колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқу-материалдық базаларын жаңғыртуға соңғы 3-4 жылда  475,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар алынды. Оның ішінде, облыстағы теміржол саласына қажетті кадрларды даярлайтын Қазалы көлік-техникалық колледжінде «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу дәнекерлеушісі» мамандығы ашылып, осы мамандықтың  шеберханасын жабдықтауға жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлінді. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен 25,0 млн. теңге және Дүниежүзілік банктың қайтарымсыз 58,0 млн. теңге қаржысы оқу орнының материалды-техникалық базасын жетілдіруге жұмсалды. Алдағы уақытта теміржол саласына білікті кадрлар даярлау мақсатында колледжді жоғары-техникалық мектеп ретінде қайта құрылымдау бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, Смағұл Ысқақовтың есімі берілген Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің 200 орынды жатақханасы бар 600 орынды жаңа кешенінің құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, колледж құрылысын әрі қарай «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүймелдеу орталығы» ЖШС-нің қолдауымен жобаның тиісті құжаттары дайындалуда. Алдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.   Қазіргі таңда, Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде 6 мамандық бойынша кадрларды қайта даярлау, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін құрылыс саласы мамандары үшін тренингтік орталық  7,5 млн. теңге қаржыға оқу орнының өз қаражаты есебінен жүргізіліп, орталық өз жұмысын бастады.   Ал, Қазалы көлік-техникалық колледжі ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан темір жолы АҚ-ы арасындағы келісім-шарт негізінде еліміздегі теміржол саласына дуальді оқыту жүйесін енгізу «Жол картасына» 17-ші оқу орыны ретінде қосылып, оңтүстік аймақ бойынша теміржол саласы мамандарын даярлайтын ресурстық орталық ретінде жұмыс жасайтын болады.   Сонымен бірге, «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасының үшінші кезеңінің грант иегерлері 15 колледждің қатарына 16-шы болып Қазалы көлік-техникалық колледжі енгізіліп, колледж жанынан ресурстық оқу орталығын ашу жоспарланып отыр.   Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары нақты 100 қадам» бағдарламасы бойынша еліміздің негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлайтын 10 алдыңғы қатарлы  колледждің, елімізде жүзеге асырылып жатқан 2015-2019 индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыруға қажетті жұмысшы мамандарын даярлайтын оқу орындарының қатарына облысымыздан ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі 2 мамандық бойынша енгізілді. Атап айтқанда, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының «Техник-электрик» біліктілігі бойынша және «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының «Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник» біліктілігі бойынша кадрлар даярланатын болады. Қазіргі таңда, «Кәсіпқор-Холдинг» АҚ-мен келісім-шартқа қол қойылып, жоба аясында 10 инженер-педагог біліктілік арттыру курстарынан өтіп келді. Сонымен қатар, ұлт жоспарында мектептердің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуды енгізу тапсырылған болатын.

Осы мақсатта, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мен «КАТЕV» халықаралық қоры арасындағы келісім нәтижесінде 2015-2016 оқу жылынан бастап ағылшын тілін тереңдетіп оқыту арқылы мектептердегі негізгі пәндер математика, физика, химия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау республикада алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынып отыр. Қазіргі таңда, «КАТЕV» халықаралық қоры тарапынан оқу орнына жауапты қызметкер бекітіліп,  шет тілі мамандығы бойынша білім алушыларды іріктеу, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағытындағы жұмыстар ұйымдастырылып жатыр.


Техникалық және кәсіптік білім бітірушілері туралы ақпарат

Жүктеу...955Кб

 
Құрылған күні: 12-02-2016 16:29
Жаңартылған күні: 10-08-2018 12:16

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика