Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

1. «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ведомстволық бағыныстағы аумақта білім саласы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға уәкілеттілік алған, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарманың құрылтайшысы  Қызылорда облысының әкімдігі  болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субьектісінің құқықтарын «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма  мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

 функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. Басқарманың миссиясы:

облыс  аумағында білім саласының дамуының негізгі мақсаттарын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізделген білім берудің тиімді және біртұтас жүйесін қалыптастыру, білім беру, сонымен қатар, бала құқықтары туралы Конвенция мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көрсетілген заңды құқықтарды сақтау негізінде баланың үйлесімді дамуына жағдай жасау, қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестірудің  тиімді жүйесін құру.

15. Міндеттері:

1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

3) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы нормативтік-құқықтық акт жобасын әзірлеп, Қызылорда облысы әкімдігіне қарау үшін ұсынады;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

12) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

13) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

15) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

16) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;

19) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

20) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;

21) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

22) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

24) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

25) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін

ұйымдастырады;

26) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;

27) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

28) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

29) білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасының жобасын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

30) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидасын бекіту туралы жобасын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

31) балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;

32) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейді;

33) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;

34) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;

35) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

36) өз  құзыреті   шегінде   жұмылдыру   дайындығы    және    жұмылдыру

саласындағы шараларды іске асырады.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен бекітілген тәртіппен қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.

2) Басқарма:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған

өзге де міндеттерді іске асыруға  міндетті.


 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі н/з

Пошта индексі: 120002

Тел: 8(7242) 60-54-55

Факс: 8(7242) 60-54-55

Сенім телефоны: 8(7242) 60-54-56

Электрондық пошта: bilim@korda.gov.kz

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 15-02-2017 18:31

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика