Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жыл бойынша  жұмыс туралы  есебі

Мектепке дейінгі білім беру

Облыстағы 659 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 553 балабақша мен 106 шағын орталықтарда 60597 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 62,4 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 % құрап отыр. Балабақшалардың 71,2 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде.     

Мектепке дейінгі ұйымдарда 6298 педагог маман жұмыс жасайды, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы жоғары және техникалық – кәсіптік  білімі бар -1600,  мамандар  үлесі – 25,4 %  құрайды. 

Қармақшы ауданында 90 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 7 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Мұнан бөлек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласының жаңа мөлтек аудандарында 320 орындық және 280 орындық 2 балабақшаның  құрылысы жүргізілуде. Жалағаш ауданының Таң ауылында 90 орындық 1 балабақшаның құрылысы   беріліп, жұмыс жасауда. Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі 3 пен 6 жас аралығындағы балабақша кезегінде тұрған балалар түгелімен мектепке дейінгі білім берумен қамтылып отыр.

Қосымша білім беру

Қызылорда  облысы бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап 61 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. (2016-2017 ж 59 қосымша білім беру ұйымы болды ) Оның ішінде 8 – оқушылар Үйі, 1 – қосымша білім беру оқу-әдістемелік және 1- облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары, 8 әуез және 5 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, 2 жыл бойы жұмыс жасайтын және 6 жазғы тынығу лагері, 6 мектеп жанындағы орталық, 2 жеке қосымша білім ұйымы. Онда 50155 бала қамтылыпол 34 пайызды құрап отыр. (2016-2017 жылы 48069 бала қамтылды)

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі 84780 бала 4654 түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысады.

Облыс бойынша жалпы қосымша біліммен 134935 бала қамтылып, ол 91,4 пайызды құрады

ҰББ деректері бойынша жалпы білім беретін мектептерінде 84780 (57,4%) балаларды қамтитын 4654 топ жұмыс істейді, оның ішінде: көркем-эстетикалық бағытта -10405, ДПИ – 7154, техникалық - 5114, қоршаған орта - 1273, туристік және жергілікті деңгейде -1198, әлеуметтік және гуманитарлық - 2561,  жаратылыстану-математика -5845, тіл - 7814, спорт -37306, басқалары – 6110 бала қамылған.

Оқулықпен қаматамасыз ету

Әр оқу жылында мектеп оқушылаын жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету жауапты жұмыстардың бірі. Биылға оқу жылында оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қаматамсыз ету үшін облыс бойынша 1,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 2, 5, 7 сыныптарда оқитын 46345 оқушыға жаңа оқулықтар сатып алуға қажетті 1,1 млрд. теңге қаржы толығымен қаралды. Алдағы оқу жылында 3, 6, 8, 10 сыныптарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері жаңаланады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету

2016 жылы мүгедектігі бар 6117 бала тіркелді, оның ішінде 2238 (36,5%) инклюзивті біліммен қамтылды. 2017 жылы психологиялық, медициналық және педагогикалық консультациялардың деректері бойынша 6936 ерекше қажеттілігі бар балалар тіркелген, 3256 (46,9%) балалар инклюзивті біліммен қамтылған.

Сонымен бірге, инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасайтын ұйымдардың үлесі әлі де төмен (мектепке дейінгі ұйымдарда 13,9%, республика бойынша 15%, жалпы білім беретін мектептерде - 28,3%, республика бойынша - 46%). ГПРО деректері бойынша, 2020 жылы инклюзивті білім беру үшін біз 70% жетуіміз керек).

Облыстық білім беру басқармасы 2016 жылы мамырдың 13-і күні облыстық әкімнің Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінде осы мәселені қарады (2016 жылғы 21 қазандағы № 18 хаттама) облыс әкімі Қ.Көшербаев отырысы  (2016 жылғы 15 қарашадағы № 943-хх хаттамасы).

Сонымен бірге, 2017 жылы білім басқармасы бірнеше облыстардың әкімдері мен Қызылорда қаласына хаттар жолдады.

2017 жылы облыстық прокуратурамен бірге «Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық» жобасы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны және инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасау ұлғайтылды. Мысалы,  2016 жылы бала-бақшаларда  инклюзивті және арнайы топтар саны 29 болса, қазіргі таңда бала 76 топ.

Бала-бақшалар саны бүгінде 544 болса,  0-ден 3 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар - 1796, ал мектепке дейінгі біліммен қамтылған - 689 (38%), осыған орай, барлық мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға   қолжетімділікті және  қажеттіліктерін шешуді қажет етеді.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мақсатында инклюзивті білім беру белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні ерекше қажеттіліктері бар балалардың 46% -ы инклюзивті біліммен қамтылған. 

Мұндай балаларды жалпы білім беру ортасына барынша қосу-оқытудың бастапқы  міндеті болып табылады. Бұл мәселе бойынша жетекші елдердің бірі Италия жалпы білім беру ортасында ерекше қажеттілігі бар балалардың 99% -ын қамтуға мүмкіндіктері бар екендігі белгілі...

Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше мәселені шешу қажет. Ең алдымен, бұл ерте  жастан түзеу және ерте  араластыру. Екіншіден, білім беру ұйымын осы санаттағы балалармен жұмыс істеуге дайындау. Үшіншіден, кадрларды дайындау. Төртіншіден, арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және т.б.

Осы оқу жылында Жалағаш және Шиелі аудандарында тағы екі түзету кабинеті ашылып, әр аудан орталығында және қалада психологиялық және педагогикалық кабинеттермен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

Бүгінгі таңда, арнайы білім беру ұйымдары мүгедектігі бар балаларға арналған түзету мекемелері  ғана емес, мектептер мен балабақшалардың мұғалімдері үшін ресурстық-әдістемелік орталықтары болып табылады.

Алайда, бүгінгі күні арнайы білім беру ұйымдарының әлеуетін толық пайдалану мүмкіндігі  материалдық-техникалық базасының төмендігі және мамандардың жетіспеушілігі ғана емес, сонымен қатар  ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің жаңа әдіснамасын енгізуге мүмкіндігі туындап отыр.  Облыста осы жылдан бастап «Ерте жастан  араластыру және  0-ден 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларды әлеуметтендіру»  мақсатында  итальяндық бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс басталды.  Бұл бағдарлама балалардың дамуындағы кемшіліктерді ертерек түзетуге және оларды жалпы білім беру ортасына енгізуге мүмкіндік береді. Осы бағдарламаға сәйкес Қызылорда қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандары және Қазалы ауданының инклюзивті орталығымен бірге жұмыс істей бастады. Бағдарлама ерте жастан бастап балалардың дамуындағы артта қалуды түзетуге және оларды жалпы білім беру ортасына енгізуге мүмкіндік береді. 

Оқушылардың тасымалдануы мен тамақтануы барысы туралы

2017-2018 оқу жылында 7 аудандағы  мектебі жоқ 29 елдімекенде тасымалдауды қажет ететін балалар саны-169 құрауда. Оның ішінде 76 оқушыға күнделікті тасымал  ұйымдастырылса, 93 бала мектеп жаңындағы интернатта орналасқан. Жалпы облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендерде тұратын мектеп жасындағы балалардың тасымалдануы мен интернаттарда  орналасуына мүмкіндіктер жасалып, бүгінгі күнге балалардың уақытылы білім алуына жағдай жасалған.

Мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту бойынша 2017 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде мектепті ұстауға бөлінген қаржының 3,0%-ын құрады.  Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 24 736 (100%)–ы   тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.    Өткен оқу жылы аяғында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы аз қамтамасыз етілген балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтыған болатын. Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2017 жылғы есеп бойынша облыста 0-18 жас аралығында 948 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 838 бала отбасында тәрбие алса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 708 бала, патронаттық тәрбиеде 130 бала), 110 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Соңғы жылдары интернаттық мекемелердің тәрбиенушілердің санында  төмендеу тенденциясы байқалады. Мәселен, 2013 жылы бұндай мекемелерде 187-190 балаға дейін тәрбиеленген болса, бүгінгі таңда олардың саны 110 балаға төмендеді және алдағы уақытта олардың санын төмендету тенденциясы сақталады.

Сонымен қатар, 2017 жылы интернаттық мекемелерден 7 бала отбасылық тәрбиеге берілді. Оның 4-і сәбилер үйінен (асырап алу – 2, қорғаншылыққа - 2), 3-еуі отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан (қамқоршылыққа-1, туған отбасына - 2) берілген.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы 42 бала жаңа пәтерге ие болды. Оның ішінде 25 бала балалар үйінің түлектері.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

Облыс бойынша 30 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 22480 студент білім алуда. (16 мемлекеттік, 14 жекеменшік оқу орындары)

2017 жылдан бастап жастардың жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылды. (жұмысшы мамандығы бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді)

 Кәсіптік білім беру саласында 2017 жылы дуальды оқыту технологиясына негізделген білім беру жүйесі бойынша 23 колледжде 78 мамандық бойынша 1926 студент білім алуда.

2017-2018 оқу жылынан бастап техникалық және кәсіптік білім беретін 25 оқу орнында 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары эксперимент ретінде енгізілді.

2017 жылы 3 оқу орыны халықаралық институциональды аккредитациядан сәтті өтті. (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан» колледжі, «Болашақ медицина» колледжі)

2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін 3 оқу орыны жоғары колледж статусын иеленді. (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі)

2017 жылы кәсіптік білім беру саласында білім алушылардың жұмысшы мамандығы бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар алып шығуына қол жеткізілді. Қазіргі таңда, 11 колледжде 18 мамандық бойынша білім алушылар 38 жұмысшы біліктілігін алатын болады.

2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арнаулы пәндерін ағылшын тілінде жүргізуге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда, 3 колледжде 7 арнаулы пән ағылшын тілінде берілуді.

2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 240 инженер-педагогтары мен 11 директоры және 14 арнаулы пән мұғалімдері республикамызда және шетелдерде біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2017 жылы халықаралық «WorldSkills» жобасының Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы өткізілді.

2017 жылы 2 колледжге күрделі жөндеу 2 колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы «Талапқа талғам таразы» атты дәстүрлі кәсіби бағдар беру керуені ұйымдастырылды.

12. 2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін дәстүрге айналған «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы ұйымдастырылып, өткізілді.


Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жылдың III тоқсаны бойынша  жұмыс туралы  есебі

Мектепке дейінгі білім беру

Облыстағы 791 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 542 балабақша мен 249 шағын орталықтарда 52899 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды қамту 54,3 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 % құрап отыр. Балабақшалардың 70,8 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде.     

        Мектепке дейінгі ұйымдарда 7013 педагог маман жұмыс жасайды, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы жоғары және техникалық – кәсіптік  білімі бар 2846,  мамандар  үлесі –40,5 %  құрайды. 

       Қармақшы ауданында 90 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 7 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Мұнан бөлек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласының жаңа мөлтек аудандарында 320 орындық және 280 орындық 2 балабақшаның  құрылысы, Жалағаш ауданының Таң ауылында 120 орындық 1 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

        Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі 3 пен 6 жас аралығындағы балабақша кезегінде тұрған балалар түгелімен мектепке дейінгі білім берумен қамтылып отыр.

Жалпы орта білім беру

       Облыстағы білім беру қызметі жалпы саны 293 болатын 9 бастауыш, 24 негізгі орта, 260 жалпы білім беретін орта мектептерде жүргізіледі. Оның ішінде шағын жинақталған мектептер саны – 22.

       Облыстағы жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар контингенті 2017-2018 оқу жылында 6 мыңға дейін көбейіп, 147 583 бала білім алуда. Оның ішінде, 1- сыныпқа келген балалар саны 18242.

         Облыс бойынша 2017 жылы педагогикалық кадрлар саны – 20466, жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 10055 құрап, бұл 49,1% жетті.

        2016-2017 оқу жылында жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 9131 болып 44,8 % болды. (2016 жылы жоғарғы санатты мұғалім саны 1967, бірінші санатты мұғалім саны 7164) Жас педагогтердің жалпы педагогтердің санынан үлесі 3,0% құрайды.

       Оқушылар контингентінің осылайша жыл сайын артқанымен, соңғы жылдары облыстағы мектеп құрылысының қарқынды жүргізілуі мектептердегі оқушы орнының тапшылығын азайтып, оқу процесін екі ауысымнан асырмай жүргізуге толық мүмкіндік беріп келеді.

     Өткен оқу жылы 13 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген болса, жаңа оқу жылының қарсаңында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарындағы апаттық жағдайдағы 11 мектептің құрылысы жергілікті бюджет есебінен, Жаңақорған ауданында 300 орындық 2 мектеп құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта салынып, пайдалануға берілді.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша 2017 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде-мектепті ұстауға бөлінген қаржының 3,0%-ынқұрады. Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 23560 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Өткен оқу жылы аяғында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы аз қамтамасыз етілген балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтыған болатын. Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды.

Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

2017-2018 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендерден тасымалдауды қажет ететін балалар саны  214. Оның ішінде 86 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 73 бала мектеп жаңындағы интернатта орналасқан. Тасымал ұйымдастырылмаған 55 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2017-2018 оқу жылында 30 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 163 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда.

Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, оқу орындарына тәжірибе ретінде дуальді оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы біршама жұмыстар атқарылуда.

2014-2017 жылдар аралығында облыс бойынша 23 оқу орнында 78 мамандық бойынша оқу үдерісіне дуальді оқыту технологиясының элементтері енгізілді.

2017 жылы «WorldSkills Kazakstan-2017» Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы 11 мамандық бойынша өткізіліп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен 3 студент, 4 жас маман, 18 колледжден 68 білім алушы қатысты. 6 мамандық бойынша байқау жеңімпаздары 3-5 мамыр аралығында Астана қаласында өткізілген республикалық байқауға қатысып қайтты.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына байланысты 2017 жылдан бастап – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен кәсіптік білім беруге 1515 орын, қысқа курстар бойынша 1335 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Қазіргі кезде, бағдарламаға қатысатын оқу орындары мен мамандықтар тізімі әзірленіп, облыстық комиссия шешімімен бекітіліп, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды. Оқу орындары бағдарламаға қатысушыларды жолдама арқылы оқуға қабылдады.

Қысқа мерзімді курстарда білім алушылар негізінен «Аспазшы», «Электр газбен дәнекерлеуші», «Слесарь-жөндеуші», «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту», «Даяшы», «Электрик», «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист», «Тігінші», «Шаштараз шебері», «Сылақшы», «Жеміс-көкөніс өсіруші», «Жиһаз жинақтаушы», «Наубайшы» т.б. кәсіптер бойынша жұмысшы біліктілігін алатын болады.

 

Қазіргі таңда, қысқа курстар арқылы оқыту ағымдағы жылдың 1-ші мамырынан бастап, 22 оқу орнында 1300 жас білім алуда


Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жылдың II тоқсаны бойынша  жұмыс туралы  есебі

Ұлттық бірыңғай тестілеу 

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы облыста 20-22 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіліп, оған бітіруші 6412 түлектің 4188-і қатысты. Қатысу пайызы – 65,3%.

Облыс бойынша  9 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті жұмыс жасады. Барлық тестілеу пункттері талапқа сай қажетті құралдармен толық жабдықталып, ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.

ҰБТ өткізу барысында Ереже талаптарын бұзушылық орын алған жоқ. Балаларды тасымалдау, тамақтандыру және жатын орындарында өз деңгейіндегі қызметтер көрсетілді.

Облыстық «Білім инновация» лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Әбдірәсіл Айзат және Қармақшы ауданы №250 орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері  Отарбай Дәурен тестілеуге қатысқандардың ішінде жоғарғы 136 балл жинады.

Облыс бойынша қорытынды балл – 82,35.

100-ден жоғары балл жинағандар саны: 800.

Қызылорда – 244 бала, Қазалы ауданы – 120 бала, Қармақшы  - 93 бала, Арал ауданы- 68 бала, Жаңақорған – 64 бала, Шиелі-63 бала, Сырдария – 46 бала, Жалағаш – 41 бала,  Білім-инновация лицейлері – 50 бала, №4 дарынды балалар мектебі – 11 бала.

Өздеріңізге белгілі, «Алтын белгі» иегерлерін ұсыну, мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша иегерлерді анықтау биылғы жылдан бастап мектеп директорының құзырында. Дегенмен, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 100 балдан төмен жинаған «Алтын белгі» иегерлері бар.

Жаңақорған ауданы – 27(52,9%), Арал ауданы – 13 (33%), Қызылорда қаласы – 31(29%), Шиелі ауданы – 11(27,5%), Жалағаш ауданы – 4 (25%), Қазалы ауданы – 10 (17,5%), Қармақшы ауданы – 7 (18,4%), Сырдария ауданы – 2(14,3%).

№4 ОДМИ – 2 (25%), №9 БИЛ – 2(13,3%), №10 БИЛ -1(8,3%).

Облыс бойынша – 397 «Алтын белгі» иегерінің 100-ден төмен (27,7%) жинағаны – 110.

«Алтын белгі» иегерлері арасында ең төменгі 66 балл жинаған Арал ауданынан.

Биылғы жылғы тестілеудің қорытындысы төмендегідей болды: Қазалы ауданы – 88,11 балл, Сырдария ауданы – 86,6 балл, Арал ауданы – 82,76 балл, Қармақшы ауданы – 82,09 балл, Жалағаш ауданы – 81,6 балл, Қызылорда қаласы – 80,56 балл, Шиелі ауданы – 80,5 балл, Жаңақорған ауданы – 78,6 балл, №10 Білім-инновация лицейі – 104,4 балл, №9 Білім инновация лицейі – 104,1 балл, №4 дарынды балалар мектебі – 87,1 балл

Облыс бойынша орташа балл – 82,35 құрады.

Үш күнгі тестілеу сынағының қорытындысы бойынша 6196 мектеп бітірушілердің ішінде 3829 (62,4%) талапкер жоғары оқу орнына мемлекеттік білім грантын иелену үшін конкурсқа қатыса алады. 

Жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алған балалардың санына тоқталсақ:

Қармақшы ауданы- 465 бала (74,5%), Қызылорда қаласы – 1263 (72,6%), Жалағаш ауданы – 199 (67,9%), Қазалы ауданы -  433 бала (60,6%), Сырдария ауданы – 187 бала (58,1%), Шиелі ауданы – 402 бала (51,4%), Арал ауданы – 355 бала (47,6%), Жаңақорған ауданы – 405 бала (47,5%).

Жоғары оқу орнына түсу үшін төменгі шекті 50 балдан кем жинаған талапкерлер саны – 147 (3,5%).

Жаңақорған ауданы – 26 бала (5,7%), Қызылорда қаласы – 71 бала (5,1%), Жалағаш ауданы – 10 бала (4,7%), Қазалы ауданы – 11 бала (2,4%), Шиелі ауданы – 9 бала (2,1%), Сырдария ауданы (2,0%) – 4 бала, Арал ауданы – 7 бала (1,9%), Қармақшы ауданы – 9 бала (1,8%).

Облыс бойынша апелляцияға 64 бітіруші өтініш беріп, оның 6-ы қанағаттандырылып, қосымша 63  балл алды.

  Шығармашылық мамандықтарға тест тапсырған талапкер                  саны – 152.

Пәндер бойынша орташа балл бойынша талдау жасасақ:

Математикалық сауаттылықтан:

Сырдария ауданы – 11,7 балл, Арал ауданы – 11,1 балл, Қазалы ауданы – 11,1 балл, Қызылорда қаласы – 10,8 балл, Жалағаш ауданы – 10,7 балл, Қармақшы ауданы – 10,6 балл, Шиелі ауданы – 10,4 балл, Жаңақорған ауданы – 10,0 балл.

№10 БИЛ – 16,4 балл, №9 БИЛ – 15,7 балл, ОДМИ – 12,8 балл.

Оқу сауаттылығынан:

Сырдария ауданы – 16,9 балл, Арал ауданы – 16,7 балл, Жалағаш ауданы – 16,4 балл, Қазалы ауданы – 16,3 балл, Қармақшы ауданы – 16,3 балл, Жаңақорған ауданы – 16,2 балл, Қызылорда қаласы – 16,1 балл, Шиелі ауданы – 16,1 балл.

№10 БИЛ – 17,9, №9 БИЛ – 17,6 балл, ОДМИ – 16,1 балл.

Қазақстан тарихынан:

Қазалы ауданы – 15,5 балл, Сырдария ауданы – 15,3 балл, Шиелі ауданы – 14,7 балл, Арал ауданы – 14,5 балл, Жалағаш ауданы – 14,5 балл, Қармақшы ауданы – 14,1 балл, Жаңақорған ауданы – 13,8 балл, Қызылорда қаласы – 13,8 балл.

№10 БИЛ – 16,4, №9 БИЛ – 16,2 балл, ОДМИ – 15,2 балл.

1-ші бейінді пәннен:

Қазалы ауданы – 23,1 балл, Сырдария ауданы – 22,4 балл, Арал ауданы – 21,3 балл, Қармақшы ауданы – 21,3 балл, Жалағаш ауданы – 21,0 балл, Қызылорда қаласы – 20,8 балл, Жаңақорған ауданы – 20,6 балл, Шиелі ауданы – 20,4 балл.

№9 БИЛ – 27,5 балл, №10 БИЛ – 27,3, ОДМИ – 21,8 балл.

2-ші бейінді пәннен:

Қазалы ауданы – 22,1 балл, Сырдария ауданы – 20,3 балл, Қармақшы ауданы – 19,7 балл, Арал ауданы – 19,3 балл, Қызылорда қаласы – 19,1 балл, Жалағаш ауданы – 19,0 балл, Шиелі ауданы – 18,6 балл, Жаңақорған ауданы – 18,0 балл,

№9 БИЛ – 27,1 балл, №10 БИЛ – 26,3, ОДМИ – 21,3 балл.

«TIMSS», «PISA», «PIRLS» халықаралық зерттеулері

2015 жылдың 3-14 сәуір аралығында «PISA-2015», «TIMSS-2015», «PIRLS-2016» халықаралық зерттеулері 28 білім беру мекемелерінде өткізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін өткізілген «PISA-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 12 білім беру мекемелерінің 15 жасар қатысушылары қамтылды. «TIMSS-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 13 мектептен 4 және 8 сыныптарының оқушылары, «PIRLS-2016» халықаралық апробациялық зерттеуіне дайындығы бойынша 3 мектептен 4 сыныптың оқушылары қатысты. 

Облыс бойынша халықаралық зерттеуге қатысушылар контингенті 28 білім беру ұйымдарынан 1 438 оқушыны құрады. 2016 жылы сәуір айында өткен «PIRLS-2016» негізгі халықаралық зерттеуіне Қызылорда облысынан 6 мектептің 183 оқушысы  қатысты.

 ICILS-2018 халықаралық зерттеуіне облыстан 6 мектеп іріктеліп белгіленді. ICILS - бұл 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын халықаралық салыстырмалы зерттеуі.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер

Алдағы 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуға көшетін болады.

Осыған орай, жаңа оқу жылында барлығы 1008701 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға баспалармен 98 келісім-шарт жасалды. 1-2-ші сыныпта оқитын барлық оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтылатын болады.

Қосымша білім беру

Қызылорда  облысы бойынша 2016-2017 оқу жылынан бастап 59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда 48069 бала қамтылып, ол 33,8 пайызды құрап отыр.     Облыс бойынша 16 оқушылар үйі жұмыс жасайды. Онда Шебер қолдар, Қылқалам, домбыра,  пианино, «Тоқыма», «Бейнелеу өнері» «Жас техник» үйірмелері бар. Оған 13089 бала қамтылған. Қызылорда қаласындағы қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында Планетарий, Картинг, Қолөнер үйірмелері жұмыс жасайды.  Облыс көлемінде 5 өнер мектебі және 7 балалар музыка мектептері жұмыс жасайды.  Онда  4659 бала қамтылған. Домбыра, Баян, Фортепиано,  Қобыз, Хореография, Вокал, Көркемсөз, Қолөнер, Бейнелеу өнері,  Дәстүрлі ән, Ансамбль үйірмелері жұмыс жасайды.

Сырдария ауданындағы Шаған ауылындағы №37 орта мектебінен «Домбыра», «Жас техник», «Анимациялық сурет салу/құммен сурет салу», Шіркейлі ауылындағы №129 орта мектебінен «Тоқыма», «Шебер қолдар», «Қылқалам» үйірмелерін және Шиелі ауданындағы №50 мектептің ескі ғимаратынан спорттық бағытта 8 үйірме ашылып, жұмыстар жүргізілуде. 

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ инклюзивті – жалпы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 2016 жылы 6117 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынса, олардың 5062-і дамуында мүмкіндігі шектеулі бала. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, 2020 жылы инклюзивтік біліммен қамтуды  70 %-ға  жеткізу қажет болса, бүгінгі күні инклюзивтік біліммен қамтылған мүмкіндігі шектеулі  бала саны 2238 (36,5 %) болып тұр.Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивтік білім алуға жағдай жасау -  білім беру ұйымдарында кедергісіз аймақ орнату және арнайы мамандардың сүйемелдеуін қамтамасыз етуді  білдіреді. Осыған орай, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында 216 жалпы білім беру мектепте және 142 балабақшада пандустар мен тұтқалар орнатылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін пандустар,  тұтқалар,  қабаттар арасындағы көтергіштер (подъемник) немесе лифт, арнайы әжетхана, арнайы демалыс орындары, көру, есту қабілеті бұзылған балалар үшін ақпараттандыру және телекоммуникация және т.б. құрылғылар орнату қаралуда.  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысында: жалпы білім беру ұйымдарына қажеттілігіне қарай дефектолог мамандарын бөлу қарастырылған болса, облысымыздағы  35 жалпы  білім беру ұйымдарында және 24 балабақшада   мүмкіндігі шектеулі балаларға   арнайы мамандардан түзету көмегін алу мүмкіндігі қарастырылған.   «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N343 Заңына сәйкес, балаларда дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге құқығы бар. Осыған орай, облысымызда 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 3 оңалту орталығы және 7 психологиялық-педагогикалық кабинеттер жұмыс жасайды. 

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша 2017 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде-мектепті ұстауға бөлінген қаржының 3,0%-ын құрады. Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 22588 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Өткен оқу жылы аяғында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы аз қамтамасыз етілген балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтыған болатын. Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды.

Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

2016-2017 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендер мен бастауыш, негізгі мектептері бар елді мекендердің, қаланың немесе ауылдың шет аймақтарында 2 км-ден 3 км-ге дейінгі қашықтықтан мектепке қатынайтын оқушыларды қосқанда 4311 оқушы тасымалдауды қажет етеді. Оның ішінде 4080 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 148 бала мектеп жанындағы интернатта орналасқан.Тасымал ұйымдастырылмаған 83 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2017 жылғы 1 –жартыжылдықтағы есеп бойынша облыста 0-18 жас аралығында 952 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 841 бала отбасында тәрбие алса, (қорғаншылық пен қамқоршылықта  708 бала, патронаттық тәрбиеде 133 бала), 111 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Соңғы жылдары интернаттық мекемелердің тәрбиенушілердің санында  төмендеу тенденциясы байқалады. Мәселен, 2013 жылы бұндай мекемелерде 187-190 балаға дейін тәрбиеленген болса, бүгінгі таңда олардың саны 111 балаға төмендеді және алдағы уақытта олардың санын төмендету тенденциясы сақталады.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 6 айына интернаттық мекемелерден 3 бала отбасылық тәрбиеге берілді. Оның 2-і сәбилер үйінен (асырап алу – 2), 1-еуі отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан (қамқоршылыққа-1) берілген.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 163 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда. Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, оқу орындарына тәжірибе ретінде дуальді оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы біршама жұмыстар атқарылуда. 2014-2016 жылдар аралығында облыс бойынша 22 оқу орнында 46 мамандық бойынша оқу үдерісіне дуальді оқыту технологиясының элементтері енгізілді.

2017 жылы «WorldSkills Kazakstan-2017» Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы 11 мамандық бойынша өткізіліп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен 3 студент, 4 жас маман, 18 колледжден 68 білім алушы қатысты. 6 мамандық бойынша байқау жеңімпаздары 3-5 мамыр аралығында Астана қаласында өткізілген республикалық байқауға қатысып қайтты.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына байланысты 2017 жылдан бастап – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жұмысшы мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімді тегін алуы мүмкіндігі  бірінші кезеңде  негізгі орта білім негізінде колледждерде жұмысшы мамандықтары бойынша білім беру.

Екінші кезеңде соңғы 3 жылда жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарында білім алумен қамтылмаған жастарға, сонымен бірге колледждер мен ЖОО-ынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған  жастарға  алғашқы жұмысшы мамандығын тегін беру

Қазіргі таңда, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен кәсіптік білім беруге 1515 орын, қысқа курстар бойынша 1335 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. 

Бүгінгі күні, бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан комиссия құрылып, барлық ауылдық округтерде мобильдік топтар жұмыс жасауда.

Қазіргі кезде, бағдарламаға қатысатын оқу орындары мен мамандықтар тізімі әзірленіп, облыстық комиссия шешімімен бекітіліп, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.

Бағдарламаның қысқа мерзімді курстар арқылы даярлау бағыты бойынша даярлау ағымдағы жылдың мамыр айынан басталды.


Қызылорда облысының  білім  беру  жүйесінің  2017 жылдың I тоқсаны бойынша  жұмыс туралы  есебі

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие

Қазіргі  таңда  облыс  бойынша  791 (2016  жылы- 712) (542  балабақша, 249  шағын  орталық)  мектепке  дейінгі  ұйым  жұмыс   жасайды, онда  52899  бала тәрбиеленуде. Былтырғы  жылмен  салыстырғанда   мектепке  дейінгі  ұйымның   желісі  79-ға   өсіп, 5103  балаға   көбейді.  542  балабақшаның   158-і   мемлекеттік, 384-і   жекеменшік  балабақша. Облыс  бойынша  жекеменшік   балабақшаның   үлесі  70,8 %  (2016   жылы  66 %)  құрап   отыр.  2017  жылы   1-6  жастағы   балалардың   мектепке  дейінгі   ұйыммен   қамтылуы -  54,3 %  (2016  жылы  52,4 %)   құраса,  3-6   жастағы   балалардың   қамтылуы  100%. 2016   жылдың ІV тоқсанында  78 жеке меншік, 1  мемлекеттік  балабақша   ашылды.

«TIMSS», «PISA», «PIRLS» халықаралық зерттеулері

2015 жылдың 3-14 сәуір аралығында «PISA-2015», «TIMSS-2015», «PIRLS-2016» халықаралық зерттеулері 28 білім беру мекемелерінде өткізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін өткізілген «PISA-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 12 білім беру мекемелерінің 15 жасар қатысушылары қамтылды. «TIMSS-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 13 мектептен 4 және 8 сыныптарының оқушылары, «PIRLS-2016» халықаралық апробациялық зерттеуіне дайындығы бойынша 3 мектептен 4 сыныптың оқушылары қатысты. 

Облыс бойынша халықаралық зерттеуге қатысушылар контингенті 28 білім беру ұйымдарынан 1 438 оқушыны құрады. 2016 жылы сәуір айында өткен «PIRLS-2016» негізгі халықаралық зерттеуіне Қызылорда облысынан 6 мектептің 183 оқушысы  қатысты.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер

2016-2017 оқу жылына барлығы 766150 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін алуға 662,9 млн. теңге қаралып, баспалармен 104 келісім-шарт жасалды.

1-ші және 8-ші сыныптар үшін барлық пән оқулықтары, 4-ші сынып үшін ағылшын тілі оқулықтары, 9-шы сынып үшін «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулықтары және басқа сыныптарға оқу-әдістемелік кешендері сатып алынып, мектептерге жеткізілді. Облыс бойынша 1-ші сыныпқа келген барлық оқушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілді. Алдағы 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуға көшетін болады. Осыған орай, жаңа оқу жылында 2, 5, 7 сыныптардың 46345 оқушыға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері алынады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ инклюзивті – жалпы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 2016 жылы 6117 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынса, олардың 5062-і дамуында мүмкіндігі шектеулі бала. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, 2020 жылы инклюзивтік біліммен қамтуды  70 %-ға  жеткізу қажет болса, бүгінгі күні инклюзивтік біліммен қамтылған мүмкіндігі шектеулі  бала саны 2238 (36,5 %) болып тұр.Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивтік білім алуға жағдай жасау -  білім беру ұйымдарында кедергісіз аймақ орнату және арнайы мамандардың сүйемелдеуін қамтамасыз етуді  білдіреді. Осыған орай, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфроқұрылымдардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында 216 жалпы білім беру мектепте және 142 балабақшада пандустар мен тұтқалар орнатылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін пандустар,  тұтқалар,  қабаттар арасындағы көтергіштер (подъемник) немесе лифт, арнайы әжетхана, арнайы демалыс орындары, көру, есту қабілеті бұзылған балалар үшін ақпараттандыру және телекоммуникация және т.б. құрылғылар орнату қаралуда.  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысында: жалпы білім беру ұйымдарына қажеттілігіне қарай дефектолог мамандарын бөлу қарастырылған болса,  облысымыздағы  35 жалпы  білім беру ұйымдарында және 24 балабақшада   мүмкіндігі шектеулі балаларға   арнайы мамандардан түзету көмегін алу мүмкіндігі қарастырылған.   «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы      11 шілдедегі N343 Заңына сәйкес, балаларда дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге құқығы бар. Осыған орай, облысымызда 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 3 оңалту орталығы және 7 психологиялық-педагогикалық кабинеттер жұмыс жасайды. 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 163 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда. Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, оқу орындарына тәжірибе ретінде дуальді оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы біршама жұмыстар атқарылуда. 2016-2017 оқу  жылында  облыс бойынша 13 оқу орнында 17 мамандық бойынша оқу үдерісіне дуальді оқыту технологиясының элементтері енгізілді. 2017 жылы «WorldSkills Kazakstan-2017» Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы 11 мамандық бойынша өткізіліп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен 3 студент, 4 жас маман, 18 колледжден 68 білім алушы қатысты. 6 мамандық бойынша байқау жеңімпаздары 3-5 мамыр аралығында Астана қаласында өткізілетін республикалық байқауға қатыстын болады. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына байланысты 2017 жылдан бастап – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жұмысшы мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімді тегін алуы мүмкіндігі  бірінші кезеңде  негізгі орта білім негізінде колледждерде жұмысшы мамандықтары бойынша білім беру. Екінші кезеңде соңғы 3 жылда жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарында білім алумен қамтылмаған жастарға, сонымен бірге колледждер мен ЖОО-ынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған  жастарға  алғашқы жұмысшы мамандығын тегін беруҚазіргі таңда, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен кәсіптік білім беруге 1515 орын, қысқа курстар бойынша 1335 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. Бүгінгі күні, бағдарламаға қатысатын оқу орындары мен мамандықтар тізімі әзірленіп, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

2016 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде – мектепті ұстауға бөлінген қаржының 3,2 %-ын құрады. Аудандар бойынша Арал (3,2%), Қазалы (3,0 %), Қармақшы (2,8 %), Жалағаш (3,0%), Сырдария (3,0%), Шиелі (3,0%), Жаңақорған(4,0%), Қармақшы(2,8%), Қызылорда қаласы (3,0 %). Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 22 579 бала   тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.    Өткен оқу жылы аяғында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы аз қамтамасыз етілген балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтыған болатын. Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды.

Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

2016-2017 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендер мен бастауыш, негізгі мектептері бар елдімекендердің, қаланың немесе ауылдың шет аймақтарында 2 км-ден 3 км-ге дейінгі қашықтықтан мектепке қатынайтын оқушыларды қосқанда 4311 оқушы тасымалдауды қажет етеді. Оның ішінде 4080 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 148 бала мектеп жанындағы интернатта орналасқан.Тасымал ұйымдастырылмаған 83 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Облыста қазіргі таңда 973 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде, отбасы тәрбиесінде 866 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 723 бала, патронаттық тәрбиеде 143 бала), 107 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» 1 балаға қамқоршылық белгіленді, 12 бала қонақжай отбасына берілді. 973 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 36-ның меншік құқығы бойынша және 50-нің жалпы меншік не үлестік меншік құқығында үйлері бар. 772 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қойылған.


Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жыл бойынша жұмыс туралы есебі

Білім беру ұйымдарының құрылысы

Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық Қорынан, білім саласына 2015-2016 жылдарға өңірімізде 1 балабақша мен 2 мектеп салуға 1657,1 млн. тенге қаржы бөлініп қыркүйек айында пайдалануға берілді (Шиелі ауданы, Тәжібаев ауылындағы 300 орындық, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіндегі 300 орындық мектептер мен Қызылорда қаласы, Көшербаев көшесіндегі 280 орындық балабақша).      

 Облыс әкімінің 2016 жылғы 9 маусымдағы  №484 қаулысына сәйкес апаттық мектептердің қатарын жою барысында 11 апаттық мектептің құрылысын  салу үшін облыстық бюджеттен 1,8  млд. тенге қаржы бөлініп 2017 жыл аяғына дейін пайдалануға берілу жоспарлануда.            

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие

Қазіргі  таңда  облыс  бойынша  712 (2015 жылы 648) (463 балабақша, 249 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 47796 бала тәрбиеленуде. Былтырғы  жылмен салыстырғанда  мектепке  дейінгі ұйымның  желісі  64 –ке  өсіп, 4445  балаға көбейді. 463 балабақшаның 157-і мемлекеттік, 306-ы жекеменшік балабақшалар. Облыс бойынша  жекеменшік  балабақшаның үлесі 66 % (2015 жыл 60 %)  құрап  отыр. 2016 жылы 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуы – 52,4 % (2015 жыл 51 %)   құраса, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы  100 %.

Жалпы орта білім беру

Облыста 293  (2015 жыл 298)  жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Онда 141943 мың бала білім алуда (былтырғы оқу жылы 136991  мың бала болған) Бірінші сыныпқа 18034 бала (2015 жылы 17 мыңға жуық) қабылданды.           

Қазіргі таңда облыс бойынша педагогикалық кадрлар саны - 20409 (2016 жылы – 19828), оның жоғары білімдісі - 18777 (2016  жылы - 18374), арнаулы орта білімдісі -1632 (2016 жылы - 1454). 2015-2016 оқу жылы жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер саны 9096 болып 43,8 % құрады.  

Дәстүрлі өткізілетін «Орта білім беретін үздік ұйым- 2016»  байқауында №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жүлдегер атанып, материалдық-техникалық базасын дамытуға жергілікті бюджет есебінен бөлінген грант көлемі 17 млн. теңге ұтып алды. Сонымен қатар,  «Үздік педагог-2016» республикалық байқауынан облыстың 3 педагогі жеңімпаз атанды.

Биылғы жылы облыстың 57 дарынды оқушылары (2015 жылы 33 бала) Ресей, Грузия, Саха елінде, Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында жүлдегер атанды. Олар облыс әкімінің арнайы қабылдауында болып, марапатқа ие болды.

2016 жылы 6564 оқушы (2015 жылы 6452) мектеп бітірсе, оның 4478-і (2015 жылы 4165-і) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ға қатысқан оқушылар саны өткен жылғымен салыстырғанда 3,7 пайызға артты. 2015 жылы облыс мектеп бітірушілері ҰБТ қорытындысында 81,7 балмен Республикада 13 орыннан 5-орынға көтерілсе, биылғы жылғы түлектер орташа 82,7 баллмен өз білім деңгейлерін тағы да дәлелдеді. 143 түлек (2015 жылы 139 түлек) «Алтын белгі» белгісіне ие болса, 54 түлек (2015 жылы 29түлек) үздік аттестат алды.

ҰБТ-ге қатысып, 50-ден жоғары балл жинаған бітіруші түлектердің 94,6 пайызы коледждер мен ЖОО-ындарында мемлекеттік грант және ақылы негізде білімдерін жалғастырып оқуда. (2014 жылы 88,3; 2015 жылы 91,2  пайызы)

Соңғы үш жыл көлемінде облыс әкімінің қолдауымен облыстың мектеп бітіруші түлектері Ресей федерациясындағы Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетіне (МИСиС), К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне және Санкт-Петербург технологиялық университетіне оқуға қабылдану мүмкіндігіне ие болды. Сыр елі жастарының Ресейдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ында білім алуға мүмкіндік алуы жастардың білімге деген құштарлығын арттырды. Бүгінгі күні 390 сырбойылық түлектер Ресей Федерациясының бюджеті есебінен оқуда.

Оның ішінде, ағымдағы жылы Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы ЖОО-на түсуге жүргізілген конкурс нәтижесінде 110 мектеп бітіруші білім грантына ие болды.

2016-2017 оқу жылында бірінші сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алуға көшті. Сонымен бірге, негізгі және жоғары сыныптарда үш тілде білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталды.

Елімізде жаңартылған білім беру мазмұны сынақтан өткізілген 30 пилоттық мектептің қатарында Қызылорда қаласындағы №2 Мұрагер мектебі мен Жалағаш ауданындағы №31 орта мектеп болды. Осы мектептерде 2-сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұны сынақтан өткізу жалғасуда.

Облыс бойынша 1-сыныпқа барған барлық оқушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен түгел қамтамасыз етілді. 1- сыныпқа сабақ беретін 2122 педагог «Өрлеу» біліктілігін арттыру институты мен Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық шеберлік орталығында арнайы даярлық курстарынан өтті.

Жаңартылған білім беру мазмұнына 1- сыныптар алдағы оқу жылында, 2, 5, 7 сыныптар келісі оқу жылында,  3, 6, 8, 10 сыныптар онан кейінгі оқу жылында көшетін болса, 4, 9, 11, 12 сыныптар  2019 -2020 оқу жылында көшіп болады.

Алдағы жаңа оқу жылында 2, 5, 7 сыныптарда дәріс беретін мұғалімдерді арнайы дайындықтан өткізіп, оқушыларды қажетті оқулық, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізумен қатар мектептер кезең-кезеңімен бескүндік оқу аптасына көшеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде балалардың білімін бағалау жаңа критериалды бағалау жүйесі бойынша жүргізілетін болады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Қызылорда облысының білім беру жүйесінде жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың әзірленген өңірлік іс-шаралар жоспары бойынша, біріншіден, оқушыларды ағылшын тілінде білім алуға даярлау бағытында, сонымен бірге мектептерді ағылшын тілінде дәріс беретін мұғалімдермен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар атқарылуда.

Мектептерде оқу пәндерін ағылшын тілінде оқыту алдағы оқу жылынан бастап НЗМ ДББҰ-мен жасалған меморандум негізінде құрылған 22 инновациялық мектептер мен 23 мектеп-лицейлерде (гимназияларда) жүргізіліп, бұл тәжірибе магниттік мектептер арқылы одан әрі қарай таратылатын болады.

2018-2019 оқу жылынан бастап жаратылыстану бағытындағы 2 пән барлық 45 мектепте ағылшын тілінде жүргізуді бастайды.

Аталған мектептердің 354 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерін 1 айлық қайта даярлау курсынан өткізу мақсатында бюджеттен 124. млн. теңге қаржы бөлінген. Курстар бүгінгі күні жүргізілуде.

Кадр даярлау мәселесі бойынша облыс әкімдігі мен КАТЕV халықаралық қоры арасындағы меморандум нәтижесінде М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде 2015-2016 оқу жылынан бастап ағылшын тілін тереңдетіп оқыту арқылы мектептердегі негізгі пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау жобасы республикада алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынды.

Қызылорда облысы бойынша  59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда 48069 бала қамтылып, ол 33,8 пайызды құрап отыр.

Қызылорда қаласында балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық шығармашылығын әрі қарай дамыту мақсатында Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығындағы «Картинг» үйірмесіне жергілікті бюджеттен қосымша картинг көліктері сатып алынды. Жаңадан «Планетарий» үйірмесі ашылды.

2016-2017 оқу жылында оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 662,9 млн теңге бөлінді. 1 және 8- сыныптар үшін барлық пән оқулықтары, 4-сынып үшін ағылшын тілі оқулықтары, 9-сынып үшін зайырлылық және дінтану негіздері оқулықтары және барлық сыныптарға оқу-әдістемелік кешендері толық алынды.

Жазғы демалысты ұйымдастыру

1-10 сынып оқушыларының 2016 жылы жазғы мезгілінде демалу және сауықтыру лагерімен 121,6 мың бала (2015 жылы 108,7 мың бала) немесе 93,9% пайызға (2015 жылы 92 пайыз) қамтылды.  Аталған сыртқы балалардың тынығу және сауықтыру лагерлерінің ұйымдастыру қызметінің негізгі бағыты - жыл бойы жұмыс жасау режіміне көшуі болып табылады.  Қазіргі  уақытта сыртқы 8 тынығу лагерінің 4-і (2015 жылы 3 лагерь) жыл бойы жұмыс жасайды. Бұл лагерлерде жаңа форматтағы ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ инклюзивті жалпы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Қызылорда облысында бүгінгі күні барлығы 6117 бала бар. Оның ішінде, 5062 бала дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар, 1055-і денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалар (бүйрек, бауыр, жүрек аурулары т.б.). Бұл балалар арнайы мектеп-интернаттарда, жалпы білім беретін орта мектептерде және үйден білім алады. Сонымен бірге, балалардың барлығы коррекциялық кабинеттерден түзету көмегін алады. Облыстағы бар 7 коррекциялық кабинет бүгінгі күні 500-ге жуық баланы қамтып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың – 1879-і мектепке дейінгі жастағы балалар (0-6 жас), 4238-і мектеп жасындағы балалар (0-18 жас).

3 пен 6 жас аралығындағы 1546 баланың  369-ы   (23,8 %) балабақшаларда білім алумен қамтылған. Оның 65-і балабақшаларда арнайы топтарда, 304-і инклюзивтік топтарда тәрбиеленуде. Көру қабілеті, сөйлеу қабілеті бұзылған, мұнан басқа әртүрлі бұзылыстары бар 65 бала 7 арнайы топта тәрбиеленеді.

Мектеп жасындағы 3342 дамуында мүмкіндігі шектеулі  бала жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алады. Олардың 1580-і (47% ғана) инклюзивтік біліммен қамтылып отыр. Сонымен бірге, мектеп партасында отырған мүмкіндіктері шектеулі балалардың  461-і білім алатын 35 мектеп арнайы мамандармен қамтамасыз етілген.

Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға 18 арнайы түзету білім беру ұйымдары жұмыс жасайды.

             Ағымдағы жылы облыстық білім басқармасы, Қызылорда қаласының әкімдігі,  «Дара» республикалық қайырымдылық қоры және  «Қор» Мұнай компаниясының төртжақты меморандум аясында Қызылорда қаласының әкімдігінің Қаулысына сәйкес Қызылорда қаласындағы № 278 орта мектептің жанында жаңадан «Психоголиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  ашылды.  Бүгінгі күні аталған кабинетте 92 бала арнайы мамандардың түзету көмегін алуда.

             Сонымен бірге, ағымдағы жылдың маусым айында Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорының демеушілігімен Қызылорда облысында тұнғыш рет «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларға арналған орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты - ерте диагноз қойып, кешенді түрде сауықтыру, инклюзивті білім беру және әлеуметпен араластыру арқылы аутизмі бар балалардың өмір сапасын арттыру, аутизмді анықтаудан бастап, қоғамда өз бетімен өмір сүруге дейінгі ғұмыр жолына қамқорлық жасау.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды, оның ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуды ұйымдастыруға жағдайларды жақсарту үшін 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қашықтықтан оқыту көзделген.Осыған орай, үйден оқитын балаларды барлығымен бірдей тең жаңа технологияны меңгеріп, білім алуға және дамытуға қол жеткізуіне жағдай жасау мақсатында 2016 жылы білім басқармасы  «Вееline центр» орталығымен үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін интернет желісіне қосу туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.  2016-2017 оқу жылы басқарма тарапынан  29 бала қашықтан оқыту желісіне қосылды.  

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Облыста қазіргі таңда 988 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде, отбасы тәрбиесінде 852 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 711 бала, патронаттық тәрбиеде 141 бала), 136 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» 10 бала қонақжай отбасында, «Облыстық мамандандырылған сәби үйінде» 5 бала асырап алуға, 1 бала патронаттық тәрбиеге, 1 бала қамқоршылық қорғаншылыққа берілді.

988 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 27-нің меншік құқығы бойынша және 64-сінің жалпы меншік не үлестік меншік құқығында үйлері бар. 906 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қойылған.

         Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтылуы 2014 жылы – 107 жеткіншек (13-і балалар үйінің түлегі) тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 2015 жылы  52 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді (Сырдария ауданы -2, Шиелі ауданы – 2, Жалағаш ауданы -6, Қызылорда қаласы -42).

         2015 жылы облыс әкімінің тікелей қолдауымен ПетроҚазақстан АҚ-ның демеушілік қаржысы есебінен салынған 20 га жерге орналасқан 8 коттеджден тұратын отбасы үлгісіндегі балалар  аулы ашылып,  Қызылорда облысы  жетім балаларға арналған балалар үйі жоқ аймаққа айналды. 

Биылғы оқу жылы  балалар аулын  бітірген 10 түлектің  100%-ы  кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында өз білімдерін жалғастыруда және бір оқушы (Дәли Медет) Мәскеу мемлекеттік институтының грант бөлімінде білім алуда. 

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы репродуктивтік денсаулықты қорғау туралы

             Бүгінгі күні жасөспірімдердің арасындағы репродуктивтік денсаулықты сақтаудың маңыздығын ескере отырып, биылғы оқу жылдан бастап Қазақстан Республикасының Аймақтық даму министірлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және БҰҰ-ның халықтың қоныстануы саласындағы қоры арасында жасасқан  «Әлеуметтік аз қамтылған топтарды қоса алғанда, тұрғылықты халыққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызмет көрсетуде инновациялық әдістерді енгізе отырып, Қызылорда облысының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру» бағытында 2014-2016 жылдарға арналған бірлескен  бағдарламасын жүзеге асыру аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жастарды «Валеология» курсы шеңберінде «Репродуктивті денсаулықты сақтау сұрақтары бойынша оқыту және ресми білім беру» пилоттық жобасы 20 колледжерге енгізілді. Пилоттық жоба «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі  БҰҰ-ның халықтың қоныстануы саласындағы қоры мен білім басқармасы арқылы жүзеге асырылуда.

             Сондай-ақ, жаңа 2016-2017 оқу жылы Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының «Мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған әрекет ету» бағдарлама аясында облысымызда  пилоттық жоба жүзеге асырылады. Пилоттық жобаға қаланың 5 мектебі және ауданның 2 мектебі қатысады. Жоба аясында бағдарламаны пилотты білім беру ұйымдарына тиімді енгізу, мастер-тренерлерді бағдарлама компоненттерімен, мұғалімдерді дайындау модульдерімен, бағдарламаны жүргізу және мониторинг құралдарымен таныстыру мақсатында семинар-тренингтер өткізіледі. Бұл жобаға мектептің 7 сынып оқушылары қатысады. Нәтижесінде, оқушылардың зорлық-зомбылық жөнінде білімдері арта түседі, мектепте мәдениетті ұстау әдептілігі қалыптасады, мектеп қызметкерлердің оқушыларға көмек көрсету жайлы білімдері жетілдіреді.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту барысы туралы

             2016 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде – мектепті ұстауға бөлінген қаржының 3,2 %-ын құрады. Аудандар бойынша Арал (3,2%), Қазалы (3,0 %), Қармақшы (2,8 %), Жалағаш (3,1%), Сырдария (3,0%), Шиелі (3,0%), Жаңақорған(4,0%), Қармақшы(2,8%), Қызылорда қаласы (3,0 %).

             Бүгінгі күні (5.10.2016ж) облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 23 552 (100%)–ы   тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.    Өткен оқу жылы аяғында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы аз қамтамасыз етілген балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтыған болатын.

             Жалпы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету  Қызылорда облысы бойынша 99,7 % құрайды.

Оқушыларды тасымалдау барысы туралы

             2016-2017 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ елдімекендер мен бастауыш, негізгі мектептері бар елдімекендердің, қаланың немесе ауылдың шет аймақтарында 2 км-ден 3 км-ге дейінгі қашықтықтан мектепке қатынайтын оқушыларды қосқанда 3562 оқушы тасымалдауды қажет етеді. Оның ішінде 3331 оқушыға тасымал ұйымдастырылған, 148 бала мектеп жанындағы интернатта орналасқан.Тасымал ұйымдастырылмаған 83 бала туысқандарының үйінде қатынап оқуда.     

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 22428 студент білім алуда.

Облыстың еңбек ресурстары балансына және жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға қажетті кадрларға деген сұранысқа сәйкес және соңғы екі-үш жылда колледждердегі жүргізілген салаландыру жұмыстарының нәтижесінде 23 жаңа мамандық ашылып, 17 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыру тоқтатылды.

Қазіргі таңда, оқу орындары мен кәсіпорындар арасында әлеуметтік-әріптестік бағытында және дуалды оқытуға негізделіп жасалған келісім-шарттар бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуына өз ықпалын тигізуде.

Мәселен, 2015-2016 оқу жылында бітіруші 6505 студенттің 4359 (67,9 пайыз) оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен бітірген 4417 студенттің 3212 жұмысқа орналасып 73,7 пайыз болды.

Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, оқу орындарына тәжірибе ретінде дуальді оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы біршама жұмыстар атқарылуда.

2014-2016 жылдары аралығында облыс бойынша 23 оқу орнында 46 мамандық бойынша 1470 студент оқу үдерісіне дуальді оқыту технологиясының элементтерін енгізу бойынша жұмыстар 4 жақты келісім-шарт негізінде (білім басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, оқу орын мен кәсіпорын) жүргізілуде.

Кәсіптік білім беру мен бизнестің интеграциясы біріншіден, жұмыс беруші мен оқу орнының арасындағы қалыптасқан әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы, екіншіден колледждердегі білім беру қызметін бірлесіп (корпоративті) басқару және оқу орындарын сенімгерлік басқаруға беру арқылы жүзеге асырылады.

Осы орайда, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін «Қызмет көрсету саласы компаниялары Ассоциациясымен» бірлесіп басқару жөнінде республикада алғаш болып арнайы жоба жасалынып, пилоттық режимде жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда, «Қызмет көрсету саласы компаниялары Ассоциациясы» тарапынан колледжге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5 млн. теңге қаржыға жоба сметалық құжаттары әзірленді, жергілікті бюджеттен 146,0 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне жергілікті бюджеттен бөлінген 136,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Кәсіпқор-Холдинг» АҚ-мы арқылы оқу орындарының 131 инженер-педагогтары модульдік білім беру жүйесі бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Биылғы жылы «WorldSkills Kazakstan-2016» Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы 8 мамандық бойынша өткізіліп, жеңімпаздары 12-15 қыркүйек аралығында республикалық байқауға қатысты.

Қазіргі таңда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары 77-қадамға сәйкес еліміздің 6 негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлайтын 10 алдыңғы қатарлы  колледждің қатарына облысымыздан ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі 4 мамандық бойынша енгізілді.

Атап айтқанда, «Электрмен қамтамасыз ету», «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Агрономия» және «Ветеринария» мамандықтары бойынша кадрлар даярланатын болады.

Сонымен қатар, ұлт жоспарының 79-қадамына сәйкес мектептердің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуды енгізу тапсырылған болатын.

Осы мақсатта, Қызылорда облысы әкімдігі мен «КАТЕV» халықаралық қоры арасында меморандумға қол қойылып, нәтижесінде М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту арқылы мектептердегі негізгі пәндер математика, физика және мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі мен ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау республикада алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынып отыр.

Қазіргі таңда, «КАТЕV» халықаралық қоры тарапынан оқу орнына жауапты қызметкер бекітіліп,  шет тілі мамандығы бойынша білім алушыларды іріктеу, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру қолға алынды.

2016-2017 жаңа оқу жылына жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік лицензия алынып, жергілікті бюджеттен 4 мамандыққа 100 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, талапкерлер конкурстық негізде оқуға қабылданды.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына байланысты 2017 жылдан бастап – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жұмысшы мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімді тегін алуы мүмкіндігі бірінші кезеңде негізгі орта білім негізінде колледждерде жұмысшы мамандықтары бойынша білім беру.

Екінші кезеңде соңғы 3 жылда жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарында білім алумен қамтылмаған жастарға, сонымен бірге колледждер мен ЖОО-ынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған  жастарға  алғашқы жұмысшы мамандығын тегін беру.


Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жылдың IІІ тоқсан бойынша жұмыс туралы есебі

«TIMSS-2015», «PISA-2015» халықаралық зерттеулері

2015 жылдың 3-14 сәуір аралығында «PISA-2015», «TIMSS-2015», «PIRLS-2016» халықаралық зерттеулері 28 білім беру мекемелерінде өткізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін өткізілген «PISA-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 12 білім беру мекемелерінің 15 жасар қатысушылары қамтылды. (Қазалы ауданы №70 орта мектеп, Қармақшы №30, 106 мектеп, Шиелі №41, 252 мектеп, Қызылорда қаласы №171, 212, 198, 173 мектептері және Қызылорда медициналық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі).

«TIMSS-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 13 мектептен 4 және 8 сыныптарының оқушылары қатысты. (Арал №262 мектеп-гимназиясы, Қармақшы №107 мектеп, Жалағаш №246, 116 мектеп, Сырдария №36 мектеп, Қызылорда қаласы №7, 10, 23, 176, 217, 233, 253, 143 мектептері).

«PIRLS-2016» халықаралық апробациялық зерттеуіне дайындығы бойынша 3 мектептен 4 сыныптың оқушылары қатысты. (Қазалы №249 мектеп-лицей, Жалағаш №232 орта мектеп, Қызылорда қаласы №9 орта мектеп).

Облыс бойынша халықаралық зерттеуге қатысушылар контингенті 28 білім беру ұйымдарынан 1 438 оқушыны құрады.

2016 жылы сәуір айында өткен «PIRLS-2016» халықаралық зерттеуіне Қызылорда облысынан 6 мектептің 183 оқушысы  қатысты. (Шиелі ауданы №48, 153, Қызылорда қаласы №№7, 8, 43, 235 мектептері)

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер

2016-2017 оқу жылына барлығы 766150 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін алуға 662,9 млн. теңге қаралып, баспалармен 104 келісім-шарт жасалды.

1-ші және 8-ші сыныптар үшін барлық пән оқулықтары, 4-ші сынып үшін ағылшын тілі оқулықтары, 9-шы сынып үшін «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулықтары және басқа сыныптарға оқу-әдістемелік кешендері сатып алынып, мектептерге жеткізілді.

Облыс бойынша 1-ші сыныпқа келген барлық оқушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілді. 

Ыстық тамақпен қамтамасыз

Қызылорда облысындағы мектеп интернатын қоспағанда 287 мектептің 272-де (95%) 140474 (100%) оқушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Олардың 23575 (100%)– әлеуметтік күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 10 мектепте тек буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.

Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар

2015-2016 оқу жылында Қазақстан, Ресей, Грузия, Якутия (Саха), Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен Халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға 77 оқушы қатысып 30-ы (Алтын медаль-4, Күміс медаль-7, Қола медаль-19)  жүлделі орындарды иеленсе, 37 оқушы ҰБТ-ден босатылу мүмкіндігіне ие болып, түрлі жоғары оқу орындарының грантына қол жеткізді. Халықаралық олимпиадаларға іріктеуде Қазақстан республикасының құрамына Қызылорда облысы бойынша 1 оқушы  (Анарбай Қуаныш – Туймаада) қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

2016 жылғы 11 маусым күні дарынды оқушыларымызды қолдау мақсатында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстары, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурсының  жүлдегерлерін (55 оқушы) облыс әкімінің қабылдауында болып, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарына 64 оқушы қатысып, 26 оқушы жеңімпаз атанды.

ҮІІІ Президенттік олимпиадаға 3 оқушы білімін сынап, 1 оқушы жүлделі қола медаль иеленді.

Сонымен қатар, 1-7 сынып оқушыларға арналған Республикалық «Зерде»  ғылыми зерттеу конкурсына  облысымыздан 18 оқушы қатысып, 15 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 2 оқушы алғыс хатпен марапатталды.

2-4 сынып оқушыларының «Бастау» республикалық математикалық турниріне облысымыздан 6 оқушы қатысып, жалпы командалық ІІІ орынға ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру

2016 жылы «WorldSkills Kazakstan-2016» Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауы 8 мамандық бойынша өткізіліп, жеңімпаздары 12-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізілген республикалық байқауға қатысып қайтты.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету

    Облыста 2016 жылдың 1 қазандағы есеп бойынша 997 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде отбасы тәрбиесінде  863 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 721 бала, патронаттық тәрбиеде 142 бала), 134 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» 10 бала қонақжай отбасында, «Облыстық мамандандырылған сәби үйінде» 5 бала асырап алуға, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілді. 997 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 27-ның меншік құқығы бойынша және 64-сінің жалпы меншік не үлестік меншік құқығында үйлері бар. 906 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қойылған. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтылуы 2014 жылы – 107 жеткіншек (13-і балалар үйінің түлегі) тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 2015 жылы  52 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді (Сырдария ауданы -2, Шиелі ауданы – 2, Жалағаш ауданы -6, Қызылорда қаласы -42).      

Облыстық оқу орталығы

Мектепке дейінгі білім

2016 жылдың  22 тамыз күні Қызылорда қаласы  «Алпамыс» балабақшасының базасында «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық секция отырысы өткізілді. Секция отырысына  облыстық білім басқармасының бас маманы,   мектеп директорларының орынбасарлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары,   аймақтық әдістемелік бірлестік жетекшілері, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының құрылтайшылары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері барлығы 48 педагог қатысты.  Секция барысында  2016-2017 жаңа  оқу жылының    өзгерістер мен негізгі  мәселелерді ортаға салып  сала мамандары бағдарламаға сәйкес, баяндамалар жасады. 2016 жылдың 30 қыркүйек күні оқу орталығының  мәжіліс залында   мектепке дейінгі білім беру ұйым мамандарына  арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологиялармен дамытушы әдістемелерді пайдалану» тақырыбында облыстық әдістемелік семинары ұйымдастырылып  өткізілді.  Шараға  жекеменшік балабақша тәрбиешілері мен психологтары барлығы 40 жуық маман қатысты.  Семинар барысында  оқу орталығының және  «Балапан»,  №19 санаторлық бөбекжай балабақшаларының мамандары  жаңа инновациялық  жұмыстар бойынша өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып тәжірибе алмасты.

Орта білім беру

2016 жылдың  17-ші тамызында облыстық оқу орталығының мәжіліс залында 2016-2017 оқу жылындағы «Білімді ел- Мәңгілік ел» тақырыбындағы мұғалімдердің тамыз конференциясы аясында жаратылыстану пәндері бағытындағы секция жұмысы ұйымдастырылды. Секция отырысы онлайн-режиминде өткізілді. Секция отырсында жаратылыстану пәндері бойынша облыстық пән бірлестік жетекшілері баяндама жасап, биылғы оқу жылының ерекшеліктері туралы баяндама жасалды. 2016 жылдың 17-18 тамыз күндері Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде (Бас ғимарат)17 тамызда  Қазақстан республикасы Білім беру қызметкерлерінің республикалық Тамыз педагогикалық кеңесі «Білімді ел – мәңгі ел!»тақырыбынды секция отырысы , 18 тамызда сағат 14.00-де Тәуелсіздік Сарайында білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің пленарлық мәжілісі өткізілді.Тамыз кеңесіне Қызылорда облысы бойынша 50-ге жуық қызметкерлер барды.Облыстық оқу орталығынан бөлім меңгерушісі Г.Смагулова қатысып қайтты. 2016 жылдың   17 тамыз күні оқу орталығының  мәзіліс залында «Білімді ел – мәңгі ел» мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «Қазақстан Республикасында білім  және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында жаратылыстану және қоғамдық  пәндерін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық  секция отырысы  өтті.  Секция отырысы он-лайн режимде өткізілді. Секция жұмысына облыстық қоғамдық және  жаратылыстану пән бірлестік жетекшілері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлері және пән мұғалімдері қатысты. Әр пән бойынша тоғыз тәжірибелі педагог өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісіп баяндама оқыды. Ү.ж. 22 тамыз күні  Назарбаев Зияткерлік  мектебінің базасында 42 инновациялық  мектеп  директор орынбасарларының  қатысуымен «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбында секция отырысы өтті.  «Инновациялық білім беру ұйымдарының қызметін дамыту туралы (мектеп-лицей, мектеп-гимназия және т.б.)» №4ОДМИ, №9ҚТЛ, №10ҚТЛ, НЗМ мектеп директорларының орынбасарлары мектеп    іс –тәжірибелерімен  бөлісті. Дәл осы күні Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінің базасында «Білімді ел – мәңгі ел» мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі және оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында облыстық  бастауыш білім беру пәндері бойынша секция отырысы ұйымдастырылды. «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқыту үдерісінің ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылып жан-жақты талқыланды.Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталғандықтан, әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерийлерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болатыны айтылды. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен таныстырылды. Қазақстан Республикасындағы Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2016-2017 оқу жылында 30 пилоттық мектептердің 2-сыныптарында ҚР МЖМБС-2015, білім мазмұны жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінің апробациясы, эксперимент режимінде оқыту сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу жалғасуда.Облысымызда апробациядан 2 мектеп өтеді, бірі Жалағаш ауданындағы №31 мектеп-гимназиясы болса, екіншісі – «Мұрагер» мектебі. 2-сыныптың оқу бағдарламалары оқушылардың нақты оқу мақсаттарына қол жеткізіп, жаңаша оқытудың тиімділігі туралы айтылды. Сондай-ақ жаңа пән бойынша «Көркем еңбек» пәнін оқытудағы жаңа амалдар, әдістер және формалар» тақырыбында апробациядан өтіп жатқан мектептердің бірі Жалағаш ауданы, №31 мектеп-гимназиясының мұғалімі өз ойын ортаға салды. БҒДМБ қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген болатын. Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс. TIMSS-2015 халықаралық зерттеуіне Қызылорда қаласы бойынша қатысқан мектептердің бірі №9 мектеп-гимназиясы секцияда өз ойымен бөлісті. Секция отырысында 1 сыныптың сабақ кестесі, журнал толтырылуы, сондай-ақ жазба жұмыстары бойынша сұрақтар туындады. Секция барысында барлық сұрақтарға жауап берілді. Отырысқа 70-ге жуық педагог қызметкерлер қатысты.

Қосымша білім

Үстіміздегі жылдың 22 тамызында №9 қазақ-түрік   лицейінің  акт залында аудандық, қалалық  білім  бөлімінің тәрбие  мамандары, білім беру  ұйымдары директорларының  тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарлары, сынып   жетекшілері мен ата-аналардың қатысумен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізіне сәйкес жалпы білім беретін мектепте тәрбие үдерісін ұйымдастырудың заманауи амалдары» тақырыбында білім беру ұйымдарының тәрбие мамандарына арналған секция отырысы болып өтті. Аталған іс-шарада  бүгінде заманауи озық технологияларды қолдана отырып, еліміздегі жас ұрпаққа ұлттық құндылықтармен өрілген тәрбиені сіңіруде, оны сапалы біліммен ұштастыруда  Сыр  өңірінің  білім  саласы да айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізгені және аймақтағы инновациялық білім берудің нүктелік өсуін  анықтау  мәселелерінде ынтымактастық орнатылып,  білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы мен негізгі  керсеткіштеріне баға бере отырып, Қызылорда облысының білім беру сапасын арттыруға байланысты пәрменді шараларын іске асыру мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы мен Қызылорда облысы Әкімдігі арасында  2015-2017 жылдарга арналған өзара ынтымақтастық туралы Мемарандумға  қол қойылып, осы мемарандум мен  Қазақстан Республикасында Білім  мазмұнын  жаңарту  аясындағы басым бағыттарды анықтай отырып, жаңаша форматта ұйымдастыратын іс-шаралар  жобасы жасалғаны туралы айтылды.Секциялық отырысқа 43 тәрбие маманы қатысты. 28 қыркүйек күні облыс тәлімгерлерінің қатысуымен тәрбие саласы бойынша шараларды жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында «Білім беру ұйымдарының тәлімгерлеріне жеке және топтық кеңестер беру» тақырыбында  семинар болып өтті. Семинарға 12 тәлімгер қатысты.22 қыркүйек күні музыка және өнер мектептерінің директорларының қатысуымен «Оқытудың (музыкалық) жаңа инновациялық өзгерістері арқылы ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарда қосымша білім арқылы білім беру сапасын арттыру, озық іс-тәжірибелер мен оқытудың жаңа технологияларын зерделеу және тәжірибеге ендіру мәселелері жайлы айтылды. Семинарға 13 музыка және өнер мектеп директорлары қатысты.28 қыркүйек күні сынып жетекшілеріне арналған «Тәрбие үрдісінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеуге әсер ететін факторлардың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар болып өтті. Семинарда сынып жетекшелірінің іс-тәжірибелері арқылы озық технологияларды насихаттау жайында айтылды.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет

2016 жылдың 18 тамыз күні облыстық оқу орталығының базасында дәстүрлі тамыз кеңесі аясында орта білім беру ұйымдарының педагог - психологтарына "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға педагог-психологтардың аудандық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, аудандық бірлестік жетекшілері, облыстық әдістемелік бірлестік мүшелері барлығы 40 маман қатысты.2016 жылдың 15 тамыз күні облыстық оқу орталығы базасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу» тақырыбында балабақша педагог-психологтарына арналған секция отырысы өткізілді. Секция отырысына барлығы 20 маман қатысты. 2016 жылдың 22 тамыз күні №278 орта мектеп базасында «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуын  психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында арнаулы білім беру саласындағы мамандарға секция отырысы өткізілді. Секция отырысына барлығы 51 маман қатысты. 2016 жылдың 24 тамыз – 5 қыркүйек аралығында бөлім әдіскері Ж. Махатаева Маңғыстау және Жамбыл облыстарының педагог-психологтарын «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» жобасы бойынша оқыту үшін арнайы іссапарға жіберілді. 

2016 жылдың 2 қыркүйек күні облыстық оқу орталығы акт залында колледж педагог-психологтарына «1-курс студенттерін білім беру ұйымына бейімдеу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 20 педагог-психолог қатысты.

8-10 қыркүйек аралығында Испания мемлекеті, Овьедо қаласында өткізілген 16-шы Еуропалық «Суицид және суицидалды әрекет» тақырыбындағы симпозиумға бөлім меңгерушісі С. Абдрахманова қатысып, «Қазақстанда жасөспірімдер арасында суицидтердің алдын-алу: Қызылорда облысының тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап келді

Кәсіптік білім

«Білімді ел-мәңгі ел»  тақырыбында Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2016 жылғы тамыз педагогикалық кеңес қарсаңында Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында  (Тамыз кеңесі болып өтті). Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын дамыту  барысында  жаңа бағдарламалары енгізілді.«Серпін -2050» бағдарламасы аясында жұмыстарды  үйлестіру барысында  үгіт –насихат жұмысшы топтарының  есебі  алынды. Дуалды оқыту құжаттарын реттеп, орындарына тапсыру, оқу орындарындағы жоспарлы дуалды оқытуға ену бойынша іс –құжаттары  дайындалуда. Астана қаласында 9-15 қыркүйек аралығында өтетін  WorldSkiIIs Kazakhstan республикалық  ұлттық чемпионатына дайындық жұмыстары   жүргізілді. Қатысушылармен  кездесу, іс-сапардағы  жұмыс  бағыттарымен  танысты.Астана қаласында 9-15 қыркүйек аралығында өтетін WorldSkiIIs Kazakhstan  республикалық ұлттық чемпионатына Қызылорда облысынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан аймақтық байқаудың 7 білім алушысы жеңімпазы қатысып  оралды.Нәтижесінде қатысушылар білім және ғылым министрлігінің арнайы сертификаттарымен марапатталды  және  облыстан  барған  екі сарапшыны түркия  мемлекетіне  тәжірибе  алуға жолдама  берілді.

Дуалды оқыту Жол картасы» бойынша оқу процесіне дуалды  оқыту жүйесінің элементтерін  енгізу мақсатында 10 колледждің атқарған жұмыстары  сараланып бекітілді. 2016-2017 оқу жылына  «Дуалды оқыту Жол картасы» бойынша оқу процесіне дуалды оқыту жүйесінің элементтерін ендіру мақсатында 12 оқу орнының құжаттары дайындалып 4-жақты келісім –шарттар жасалып дайындық жұмыстары жүргізіліп қажетті  құжаттар дайындалды.

«Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты»  YII –облыстық еңбек форумына арнайы жинақ  жасалып сараптама жүргізілді, сонымен бірге кәсіптік байқау қорытындылары дайындалып, еңбек форумында марапаттауға  ұсынылды.


Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жылдың II тоқсан бойынша жұмыс туралы есебі

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие.

Қазіргі  таңда  облыс  бойынша  708 (450 балабақша, 258 шағын орталық) (2014 жылы 589, 2013 жылы 508) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 47216 бала (2014 жылы 40491, 2013 жылы 33605)  тәрбиеленуде. (2015 жылғы  1 қаңтардағы  мәлімет бойынша  611 мектепке  дейінгі  ұйымда 41939 бала, 2014 жылы 589 МДҰ  40491 бала, 2013 жылы 508 МДҰ  33605 бала тәрбиеленген)

Жұмыс жасап жатқан 450 (2014 жылы 333, 2013 жылы 269) балабақшаның 157-і (2014 жылы 152, 2013 жылы 143) мемлекеттік, 293-і (2014 жылы 181, 2013 жылы 126) жеке  меншік  балабақшалар. Облыс бойынша  жеке  меншік  балабақшаның   үлесі  65,1 %   құрап  отыр.

Қазіргі  таңда  облыс  бойынша  258 (2014 жылы 256, 2013 жылы 239)  шағын  орталық  жұмыс  жасайды, оның 249-ы (2014 жылы 247, 2013 жылы 231) мемлекеттік, 9-ы (2014 жылы 9, 2013 жылы 8)  жекеменшік  шағын   орталық.   258  шағын   орталықтың   128-і   толық  күн   жұмыс  жасайды,  яғни шағын орталықтың 50 % толық күндік шағын орталық.                                                  

1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуы -  55 %  құраса (2014 жылы 47,7, 2013 жылы 41,8), 3-6  жастағы  балалардың   қамтылуы  - қазіргі  таңда   100  %  (2014 жылы 88,7%; 2013 жылы 80,9%) құрап  отыр.

Жалпы орта білім беру.

Қызылорда облысында жалпы орта білім беретін мектептер саны 2015 жылы 298-ге (2014 жылы 292, 2013 жылы 291), онда білім алатын оқушылар саны 136991-ге (2014 жылы 128303, 2013 жылы 125405) жетті. 

Биылғы оқу жылында бірнеше жылдан бері шешімі табылмай келген Байқоңыр қаласындағы Ресей білім беру стандартымен қазақ тілінде білім беріп келген 6 мектеп және 1 балабақша үкіметаралық келісімнің негізінде Қазақстан Республикасы қарамағына көшірліп, білім беру үдерісі 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР стандарты бойынша жүргізіле бастады. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытылатын 6 мектеп пен 1 балабақшаның оқу-тәрбие үдерісі еш кедергісіз жүргізілуде.

2014 жылы облыста 21 білім беру нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген, 2015 жылы 22 білім беру нысанының (19-ы мектеп, 3-і балабақша) құрылысы жүргізілді.

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында 3 мектептің құрылысы (Ақай елді мекені, Шиелі кенті, Жалағаш кенті) аяқталып, жыл аяғына дейін 19 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Қалған 3 білім беру нысанының құрылысы 2016 жылы аяқталады. (Арал ауданы – 1, Жаңақорған ауданы – 1, Қазалы ауданы-1). 

Мұнан бөлек, ҚР Ұлттық қоры есебінен «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 3 білім беру нысанының құрылысы (Шиелі ауданы – 1, Қызылорда қаласы – 2) 2016 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Облыс бойынша 2014 жылдардағы  25 апаттық мектептің  5-і пайдалануға  беріліп, 2015 жылдың қаңтар айында 20-ға азайды.

Жыл көлемінде 9 апаттық мектептің жаңа құрылысы басталып, 7-і пайдалануға  берілді. Қалған 11 апаттық мектептің жобалық-сметалық  құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен құрылыстарын бастауы үшін қаржы бөлінді.

2015 жылғы наурыз айында облыс әкімдігімен НЗМ ДББҰ арасында меморандумға қол қойылды. Облыс әкімінің өкіміне сәйкес аймақта Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін тарататын 22 мектеп бекітілді.  Бұл инновациялық мектептердің 700 ден аса мұғалімдері «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының арнайы білім жетілдіру курстарынан өтті. Аталған мектептердің оқу зертханалық базасын заманауи қондырғылармен толық жарақтандыруда мемлекеттік – жекеменшік әріптестікті қолдау орталығымен жұмыстар жүргізілуде. НЗМ-нің тәжірибесін аймақтағы білім беру ұйымдарына таратуды үйлестіру үшін облыстық білім басқармасы жанынан «Білім берудегі инновациялық технологиялардың әдістемелік орталығын» құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Қызылорда облысының білім беру жүйесінде жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шара жоспары әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шара негізінде өзіміздің өңірдегі мүмкіндікті пайдаланып, кадр даярлау мәселесі де іске асырылуда.

Осы мақсатта, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мен «КАТЕV» халықаралық қоры арасындағы келісім нәтижесінде 2015-2016 оқу жылынан бастап ағылшын тілін тереңдетіп оқыту арқылы мектептердегі негізгі пәндер математика, физика, химия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау республикада алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынып, оны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Қазіргі таңда, «КАТЕV» халықаралық қоры тарапынан оқу орнына жауапты қызметкер бекітіліп, шет тілі мамандығы бойынша білім алушыларды іріктеу, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағытындағы жұмыстар ұйымдастырылуда.

ҰБТ қорытындысы

  Облыста 2-4 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Облыс бойынша 9 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті жұмыс жасады. Барлық тестілеу пункттері талапқа сай қажетті құралдармен жабдықталып, ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.  ҰБТ өткізу барысында Ереже талаптарын бұзушылық орын алған жоқ. Балаларды тасымалдау, тамақтандыру және жатын орындарында өз деңгейіндегі қызметтер көрсетілді.

         Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 6564. Оның 4559-ы ҰБТ-ге қатысамын деп өтініш білдіргендер.

         2-4 маусымда тестілеуге қатысқандар саны 4507.

         Облыс бойынша орташа балл 82,7.

ҰБТ-ге қатысқан 4507 бітірушінің 50-ден балл жинап, жоғары оқу орнына және колледждерге ақылы негізде түсуге және мемлекеттік білім гранты үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік алған түлектер саны 4108 яғни 91 %-ы.

100 және 100-ден жоғары балл жинағандар саны – 722.

Жекелеген пәндер бойынша мүмкін болған 25 баллды 321 оқушы жинаған.

Жалағаш ауданында №123 мектеп-лицейі өткен жылы республикадағы «Ең үздік 100 мектеп» тізімінде болса, ағымдағы жылы да ең үздік мектептердің қатарына еніп отыр.

Бұл мектептегі бітірушінің барлығы ҰБТ-ге қатысып, орташа ең жоғары деген 104,1 балды жинаған. Мектептегі үш «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған үміткерлердің барлығы да өз білімдерін  дәлелдеп шықты. Мектептегі ең жоғарғы 120 баллды жинаған оқушы «Алтын белгі» белгісіне ие болды.

«Алтын белгі» белгісіне үміткер болған түлектердің 143-і өз білімдерін дәлелдеді.

Үздік аттестатты 33 түлек дәлелдеген. Одан бөлек «Алтын белгі» белгісі туралы Ереже талаптарына сәйкес 1 баллы жетпеген 35 түлек Үздік аттестат алды.

       Аудандар бойынша орта балл: 

  1. Жалағаш ауданы – 89,8 балл
  2. Жаңақорған ауданы – 83,3 балл
  3. Қармақшы – 83,01 балл
  4. Қызылорда қаласы – 82,5 балл
  5. Қазалы ауданы – 82,9 балл
  6. Шиелі ауданы – 81,36 балл
  7. Арал ауданы – 80,4 балл
  8. Сырдария ауданы – 79,56 балл

 

  1. Облыстық білім мекемелерінің орташа баллы:
  2. №4 облыстық дарынды балаларға арналға мектеп интернат – 93,1 балл
  3. №9 қазақ-түрік лицейі – 102,1 балл
  4. №10 қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі – 109 балл

Қосымша білім беру

Қызылорда облысы бойынша 2015-2016 оқу жылынан бастап 59 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда 42429 бала қамтылып, ол 30,9 пайызды құрап отыр (2013 жылы 55, 2014 жылы  57 қосымша білім беру ұйымы болған)

Қызылорда қаласында балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық шығармашылығын әрі қарай дамыту мақсатында  Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығындағы «Картинг» үйірмесіне жергілікті бюджеттен қосымша картинг көліктері сатып алынды. Жаңадан «Планетарий» үйірмесі ашылды.

«TIMSS-2015», «PISA-2015» халықаралық зерттеулері

2015 жылдың 3-14 сәуір аралығында «PISA-2015», «TIMSS-2015», «PIRLS-2016» халықаралық зерттеулері 28 білім беру мекемелерінде өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін өткізілген «PISA-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 12 білім беру мекемелерінің 15 жасар қатысушылары қамтылды. (Қазалы ауданы №70 орта мектеп, Қармақшы №30, 106 мектеп, Шиелі №41, 252 мектеп, Қызылорда қаласы №171, 212, 198, 173 мектептері және Қызылорда медициналық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі).

«TIMSS-2015» халықаралық негізгі зерттеуіне 13 мектептен 4 және 8 сыныптарының оқушылары қатысты. (Арал №262 мектеп-гимназиясы, Қармақшы №107 мектеп, Жалағаш №246, 116 мектеп, Сырдария №36 мектеп, Қызылорда қаласы №7, 10, 23, 176, 217, 233, 253, 143 мектептері).

«PIRLS-2016» халықаралық апробациялық зерттеуіне дайындығы бойынша 3 мектептен 4 сыныптың оқушылары қатысты. (Қазалы №249 мектеп-лицей, Жалағаш №232 орта мектеп, Қызылорда қаласы №9 орта мектеп).

Облыс бойынша халықаралық зерттеуге қатысушылар контингенті 28 білім беру ұйымдарынан 1 438 оқушыны құрады.

2016 жылы сәуір айында өткен «PIRLS-2016» халықаралық зерттеуіне Қызылорда облысынан 6 мектеп  қатысты. (Шиелі ауданы №48, 153, Қызылорда қаласы №№7, 8, 43, 235 мектептері)

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету

Қызылорда облысының білім басқармасы облыстағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы туралы төмендегіні баяндайды.

    Облыста 2016 жылдың 1 шілдедегі есеп бойынша жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының 18-жасқа толған балаларын қосып есептегенде 1014 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген. Оның ішінде отбасы тәрбиесінде  867 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 724 бала, патронаттық тәрбиеде 143 бала) 148 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» 9 бала қонақжай отбасында, «Облыстық мамандандырылған сәби үйінде» 5 бала асырап алуға, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілді.

1014 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 29-ның меншік құқығы бойынша және 66-ның жалпы меншік не үлестік меншік құқығында үйлері бар. 915 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қойылған.

         Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтылуы 2014 жылы – 86 жеткіншек (13-і балалар үйінің түлегі) тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 2015 жылы  56 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді (Сырдария ауданы -2, Шиелі ауданы -2, Қызылорда қаласы -52).

         Сонымен қатар, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2015 жылдың 1 маусымында облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда облысының өңірлік дамуына және кәсіпкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігіне ықпал ететін «Игілік» корпоративтік қорының қаржыландыруымен «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мемлекеттік мекемесі ашылды.

         Алдағы уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы бақылауда болатындығын хабарлайды.

                      Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар

Халықаралық ғылыми жоба жарыстары мен олимпиадаларға 77 оқушы қатысып, 30 оқушы жеңімпаз атанды. (І орын-4, ІІ орын-7, ІІІ орын-19)

Республикалық ғылыми жоба жарыстарына 9 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлдегер атанып, 1 оқушы номинация иегері атанды. (І орын-2, ІІ орын-3)

Республикалық пәндік олимпиадаға 54 оқушы қатысып, 21-і жеңімпаз атанса, 3 оқушы грамоталармен марапатталды. (І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын-17)

Халықаралық олимпиадаларға іріктеуде Қазақстан республикасының құрамына Қызылорда облысы бойынша 3 оқушы ұсынылып, оқу-жаттығу жиынына қатыстырылуда.

Осы оқу жылында ҮІІІ Президенттік олимпиадаға 3 оқушы қатысып, бір оқушы жүлделі қола медаль иеленді.

1-7 сынып оқушыларға арналған Республикалық «Зерде»  ғылыми зерттеу конкурсына  облысымыздан 18 оқушы қатысып, 15 оқушы жүлделі орындарды, 2 оқушы алғыс хатты иеленді.

Педагогтар арасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына 4 мұғалім қатысып, 1 мұғалім жүлделі І орынды қанжығасына байлап, 1 мұғалім грамотамен марапатталды. 

Болгарияның (Бургас) қаласында өткен «Кенгуру лингвист-2015» интеллектуалды сайысының жеңімпаздарына арналған бейінді ауысымға 1 оқушы жолдама алып, қатыстырылды.

Республикалық түрлі байқаулар мен конкурстарға облысымыздан 1000-нан аса оқушыларымыз қатысып, 100-ден астам оқушы жүлделі орындар, алғыс хаттар мен  грамоталарға қол жеткізсе, бірнеше оқушымыз түрлі жоғары оқу орындарының грантына ие болды.      

Техникалық және кәсіптік білім беру

Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30-қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты дәстүрлі жолдауында Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын деген болатын.

Қазіргі таңда, облысымызда 2015-2016 оқу жылында 31 колледжде аймақтың еңбек нарығына қажетті 97 мамандықтың 160 біліктілігі бойынша барлығы 22527 студент білім алуда.

Облыстың еңбек ресурстары балансына және жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға қажетті кадрларға деген сұранысқа сәйкес және соңғы екі жылда колледждердегі жүргізілген салаландыру жұмыстарының нәтижесінде 23 жаңа мамандық ашылып, 17 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыру тоқтатылды.

Қазіргі таңда, оқу орындары мен кәсіпорындар арасында әлеуметтік-әріптестік бағытында және дуалды оқытуға негізделіп жасалған келісім-шарттар бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуына өз ықпалын тигізуде.

Мәселен, 2015 жылдың 31-ші желтоқсанына жалпы 7884 бітірушінің 5361 жұмысқа орналасып 68,0 пайыз болса, ал мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірген 4359 студенттің 2778 жұмыспен қамтылып, 60,4 пайызды құрады.

Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беруге «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, тәжірибе ретінде дуалды оқыту технологиясының элементтерін енгізу бағытындағы жұмыстар атқарылуда.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген «Дуалды оқыту Жол картасына» 2 жылда енгізілген облыстағы 18 колледжде 27 мамандық сынақ алаңы ретінде белгіленіп, оқу процесіне дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу мақсатында облыстық білім басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, оқу орны мен әлеуметтік әріптес кәсіпорын арасында 4 жақты келісім-шарттар жасалынды.

Жұмысшы және орта буын мамандарын дуальды білім беру жүйесінде даярлау әрбір мамандықтың кәсіптік стандартын әзірлеуден басталады. Бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттау және оларға берілетін біліктілікті тәуелсіз сертификаттау білім беру мекемесі мен кәсіпорынның, яғни жұмыс берушінің бірлескен іс-қимылы арқылы ғана жүзеге асырылады. Сондықтан бізге кәсіптік білім беру мен бизнестің интеграциясы қажет.

Мұндай интеграция біріншіден жұмыс беруші мен оқу орнының арасындағы қалыптасқан әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы, екіншіден колледждердегі білім беру қызметін бірлесіп (коорпоративті) басқару және оқу орындарын сенімгерлік басқаруға беру арқылы жүзеге асырылады.

Осы орайда, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін «Қызмет көрсету саласы компаниялары Ассоциациясымен» бірлесіп басқару жөнінде республикада алғаш болып арнайы жоба жасалынып, пилоттық режимде жүзеге асырылуда.

Қазалы көлік-техникалық колледжінде «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу дәнекерлеушісі» мамандығы ашылып, осы мамандықтың  шеберханасын жабдықтауға жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлінді. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен 25,0 млн. теңге және Дүниежүзілік банктың қайтарымсыз 58,0 млн. теңге қаржысы оқу орнының материалды-техникалық базасын жетілдіруге жұмсалды. Алдағы уақытта теміржол саласына білікті кадрлар даярлау мақсатында колледжді жоғары-техникалық мектеп ретінде қайта құрылымдау бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

  Сонымен бірге, «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасының үшінші кезеңінің грант иегерлері 15 колледждің қатарына 16-шы болып Қазалы көлік-техникалық колледжі енгізіліп, колледж жанынан ресурстық оқу орталығын ашу жоспарланып отыр.

  Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары нақты 100 қадам» бағдарламасы бойынша еліміздің негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлайтын 10 алдыңғы қатарлы  колледждің, елімізде жүзеге асырылып жатқан 2015-2019 индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыруға қажетті жұмысшы мамандарын даярлайтын оқу орындарының қатарына облысымыздан ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі 2 мамандық бойынша енгізілді.

Қазіргі таңда, «Кәсіпқор-Холдинг» АҚ-мен келісім-шартқа қол қойылып, жоба аясында 10 инженер-педагог біліктілік арттыру курстарынан өтіп келді.

Сонымен бірге, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына байланысты 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» беру бағдарламасына сәйкес Қызылорда облысында жүргізілетін «Тегін кәсіби-техникалық білім» беру пилоттық бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2016 жылдың I тоқсан бойынша жұмыс туралы есебі

Мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқыту

2016  жылдың  1  cәуіріне  облыс  бойынша  708 (450 балабақша, 258 шағын  орталық)  мектепке  дейінгі  ұйым  жұмыс  жасайды, онда  46899 бала  тәрбиеленуде. 1-6 жастағы  балалардың  мектепке  дейінгі  ұйымға қамтылуы- 54,8 %, 3-6  жастағы  балалардың  қамтылуы -100%  құрады.

Аудандар  мен  қаладағы  балабақшалардағы  орын  тапшылығын  азайту мақсатында  мемлекеттік - жекеменшік әріптестік негізінде  жекеменшік  балабақшалар қарқынды түрде  ашылуда.

Бүгінгі  күні  облыс бойынша  450  балабақша жұмыс жасаса, оның ішінде 293-i  жекеменшік балабақша, ол барлық   балабақшаның  65,1 % құрап отыр.

12 жылдық білім беруге көшу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кезең-кезеңімен 12 білім беруге көшудің эксперименттік бағдарламасына сәйкес облыста 2 мектепте бастауыш білім берудің жаңа мазмұнына байланысты стандарты бойынша  апробациядан өткізілуде яғни 1+11.

Эксперимент Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер» мектебінде және  Жалағаш ауданындағы №31 орта мектебінде жүргізілуде. Аталған эксперимент №31 мектептің даярлық сыныбындағы 17 оқушымен және аталған екі мектептің 1-ші сыныптарындағы 18 сынып комплектісіндегі 450 баламен жүргізілуде.

Барлық эксперименттік сыныптар қажетті оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, жаңа мазмұнға сәйкестендірілген оқу құралдарымен жабдықталған, экспериментке қатысушы 54 мұғалім «НЗМ» ДББҰ-ының ұйымдастырумен өткізілген семинар-кеңестерге қатысты.

Эксперимент сыныптардағы оқушылардың жаңа білім мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін Ы.Алтынсарин атындағы Академияның және «НЗМ» ДББҰ-ының өкілдерінің қатысуымен 22-27 ақпан аралығында  мониторинг жүргізілді.

ҮШ тілде оқыту

Облыста  бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңімен іске асыруда  оқушыларға ағылшын тілін еркін меңгертуді қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін жетік меңгерген пән мұғалімдерін даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Екі жақты қол қойылған меморандумға сәйкес (облыс әкімдігі мен «KATEV» халықаралық қоры арасында) М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж базасында негізгі мектептің ағылшын тілін меңгерген бастауыш сынып мұғалімдерін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін даярлау жоспарлануда.

2016-2017 оқу жылынан бастап іске асырылатын облыстағы 41 мектеп-лицейдің (гимназиялардың)  5 сыныптарында аптасына 5 сағат беріліп, ағылшын тілін  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және қазақ-түрік лицейлерінің методикасымен оқыту бойынша ЖОБА әзірленді.

Сонымен бірге ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша шетелдік мамандар шақырытылып, пән мұғалімдерінің шет елден іс-тәжірибе алмасуы және волонтерлер шақырту жоспарлануда.

Нәтижесінде 2019-2020 оқу жылында 41 мектеп-лицейдің (гимназияның) 11 сыныптарында , 2020-2021 оқу жылында 10-11 сыныптарда  жаратылыстану бағытындағы бір пән ағылшын тілінде оқытылатын болады.

Қосымша білім беру

Оқу  орталығында  5.01.2016 жылы  бөлім мамандары арасында бөлім бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау, анализдеу, перспективалық жоспарларын жасау мақсатында бөлім   отырысы өтті. 

3-5ақпан 2016 жылы   Оқу  орталығында  мектеп директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарларының қатысуымен тәрбие жұмысын  жоспарлау арқылы   дамыту мақсатында   тәрбие мамандарына  арналған  тренингтер«Тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыруды ұйымдастыру»    ұйымдастырылды.

Балаларға  жан-жақты  тәрбие беру, білім мекемелерімен, балалар ұйымдарымен тығыз байланыс орнату  арқылы  дамыту мақсатында «Балаларға  дәстүрлі халық мәдениетін  мен көркем  кәсіп арқылы патриоттық және азаматтық тәрбие беру» тақырыбында мектеп тәлімгерлеріне арналған семинар-тренинг 12 ақпан 2016 жылы   Оқу  орталығында      өткізілді.

17 ақпан 2016 жылы  Оңалту  орталығында оңалту орталығындағы  балалармен   тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру мақсатында балалар мен тәлімгерлерге арналған «Балалар  әлеміндегі  игі  істер» тақырыбында әдістемелік десант ұйымдастырылды.

19 ақпан 2016 жылы  Жалағаш ауданындағы   №201 мектепте озық тәжірибелі тәрбие мамандарының озат тәжірибелерді насихаттау мақсатында «Қазіргі замандағы тәрбие мазмұны-тәрбие беру сапасының негізгі факторы» тақырыбында  тәрбие  мамандарының  шеберлік  алаңын  ұйымдастырылды.

20.03.-1.04. 2016 жылы Аудандық оқушылар Үйінде  үйірме мүшелері мен үйірме жетекшілері арасында қосымша білім педагогтарына  балалардың  бос  уақытын тиімді ұйымдастырудың жолдарын көрсету, әдістемелік көмек беру мақсатында «Қызықты  каникул, көңілді  күндер...» өтті.

29.03.2016 жылы музыка колледжінде озық  тәжірибелі мамандардың  тәжірибесімен бөлісу, кәсіби мамандар

сағаттарын ұйымдастыру мақсатында «Сапалы  музыкалық білім  беруде  педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдау  жолдары» тақырыбында  музыка жетекшілеріне шеберлік сағаттары өткізілді.

14-19 наурызда  білім беру ұйымдарында сынып жетекшісіне және оқушыларға арналған  жасөспірімдерге құқықтық және патриоттық тәрбие беру жолдарын қарастыру,  жан-жақты тәрбие беру арқылы тұлға қалыптастыру шара ларын ұйымдастыру мақұсатында  «Ізденіс және шығармашылық» тақырыбында  апталық ұйымдастырылды.

Облыстық оқу орталығында  бірлестік мүшелерімен бірлесіп  «Тәлімгерге кеңес» әдістемелік нұсқаулықты ұсыну.   Әдістемелік  нұсқаулық   білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбие  мамандарына , тәлімгерлерге  арналған.

 Дарынды балалармен ұйымдастырылған  олимпиадалар мен байқаулар қорытындысы

2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 21 қыркүйегіндегі №565 санды бұйрығына сәйкес 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілген болатын.

Облыстық олимпиадаға жалпы білім беретін пәндер бойынша 212 оқушы қатысып, 97 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 14-19 наурыз аралығында Көкшетау қаласында өткен республикалық кезеңіне 33 оқушы  жаратылыстану-математикалық бағытта қатыстырылып, 12 оқушы жүлделі орындармен (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-10) және 1 оқушы грамотамен марапатталды. 25-30 наурыз аралығында Петропавл қаласында өткен республикалық кезеңге 21 оқушы қоғамдық-гуманитарлық  бағытта қатыстырылып, 9 оқушы жеңімпаз атанып, 2 оқушы грамотаға ие болды (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын -7).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 29 қазанындағы №614 санды бұйрығына сәйкес 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Ғылыми жобаның облыстық кезеңіне 254 оқушы қатысып, 226 жоба қорғалды. 150 оқушы жүлделі орындармен (І орын – 24 жоба, 30 оқушы, ІІ орын – 38 жоба, 47 оқушы, ІІІ орын – 65 жоба, 73 оқушы) марапатталды. Алматы қаласында өткен ғылыми жобаның республикалық кезеңіне 8 жобамен 10 оқушы жолдама алып, нәтижесінде 5 оқушы (І орын –  1 жоба, 2 оқушы, ІІ орын – 2 жоба, 2 оқушы, ІІІ орын – 1 жоба, 1 оқушы, 1 оқушы номинация) жүлделі орындарды иеленді.

13-20 қаңтар аралығында Алматы қаласында өткен математика, физика, информатика пәндері бойынша Халықаралық О.Жәутіков олимпиадасына 3 оқушы қатысып, сертификатталды.

29 ақпан мен 5 наурыз аралығында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы Халықаралық оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының конкурсына 10 оқушы ұсынылып, қатысушы сертификаттарын иеленді.

1-8 наурыз аралығында Оңтүстік Корея, Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми жоба конкурсына 5 оқушы ұсынылып, нәтижесінде 3 оқушы жүлдегер атанды (І орын-2, ІІ орын-1).

2016 жылғы 8-9 наурыз аралығында Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті базасында Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы, Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Аталған олимпиадаларға Қазақстан және Тәжікстан елдерінен жалпы 138 оқушы, соның ішінде Қызылорда облысынан 7 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын-1, ІІІ орын-1). Ақпан айының 10 күні №9 қазақ-түрік лицей интернаты базасында «Жарқын болашақ» VIII республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасының ІІ кезеңі (облыстық) өткізіліп, 70 оқушы қатыстырылды. 34 оқушы жүлделі орындармен марапатталып, 4 оқушы республикалық кезеңге ұсынылған болатын. Қорытында кезеңі (республикалық) Алматы қаласында өткізіліп, 3 оқушы (І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-1) жүлделі орындарға қол жеткізді. 26 ақпан күні 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІ республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп базасында өткізілді. Конкурстың аймақтық кезеңіне 76 жоба, 88 оқушы қатыстырылып, республикалық кезеңге 16 жоба, 18 оқушы ұсынылды. Нәтижесінде 15 оқушы жүлделі орындарға қол жеткізіп, 2 оқушы грамотаға ие болып, Қызылорда облысының командасы ІІ орын және «Үздік команда – 2016» номинациясымен марапатталды (І орын-7, ІІ орын-2, ІІІ орын-6).Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні Қызылорда қаласы №9 мектеп-гимназиясының базасында жоғары сынып оқушылары арасында экономикадан республикалық турнирдің аймақтық кезеңі өткізілді. Аймақтық кезеңіне 25 оқушы қатыстырылып, 2 оқушы республикалық кезеңге ұсынылды. Нәтижесінде 1 оқушы жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

Наурыз айының 16 күні Қызылорда политехникалық колледжі базасында «Балалар бастауы-2016» балалар әлеуметтік жобаларының «Болашақ энергиясы» атты байқау өткізіліп, 19 оқушы қатыстырылып, 6 оқушы жүлделі орындармен марапатталып, 3 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Ақындық пен шешендікке баулитын «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі наурыз айының 30 күні ұйымдастырылып, 47 оқушы қатыстырылып, 25 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 10-12 сәуір аралығында Тараз қаласында өтетін республикалық кезеңге 6 оқушы жолдама алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша мектеп оқушыларының патриоттық сезімін ояту мақсатында «Әскерге шақырылушы -2016», «Мерген ару» (қыз балалар) пневматикалық мылтық ату жарыстарына 14 командадан  90 қатысты.

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттері арасында әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша «Отан қорғаушы-2016» жарысына 6 командадан 40 студент қамтылды.

«Айбын» облыстық мектеп оқушыларының слетін мамыр айында өткізу жоспарлануда.

Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 17 наурыз күні  «Ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі - 2016» облыстық байқауы ұйымдастырылып байқау жеңімпазы болып Қазалы ауданынының денешынықтыру пәнінің мұғалімі Тлеумбетов Алик Қауымбайұлы бас жүлдені жеңіп алды.

Облыстық байқаудан үздік шыққан жеңімпаз 2016 жылдың 11-16 сәуір аралығында "Балдәурен" Республикалық оқу сауықтыру орталығында өткізілетін ІІ Республикалық байқауына қатысады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 24-і наурыз 2-ші сәуір күндері аралығында мектеп оқушыларының облыстық көктемгі спартакиадасы өткізілді. Спартакиаданың басты мақсаты мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық дайындықтарын шыңдау, оқушылардың көктемгі демалысын тиімді пайдалану және үздік командаларды анықтау болып табылады. Спартакиада спорт түрлерінің  тоғыз құмалақ, үстел теннисі, волейбол, футбол,  баскетболдан ұйымдастырылды. Облыстық жарысқа Қызылорда қаласы мен аудан мектептерінен 8 команда  қатысып 528 оқушы бақтарын сынады.  

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 

Облыста 2016 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша 1011 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде отбасы тәрбиесінде  859 бала  болса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 719 бала, патронаттық тәрбиеде 142 бала) 150 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» 10 бала қонақжай отбасында, «Облыстық мамандандырылған сәби үйінде» 5 бала асырап алуға, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілді.

1011 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 29-ның меншік құқығы бойынша және 66-сінің жалпы меншік не үлестік меншік құқығында үйлері бар. 903 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қойылған.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтылуы 2014 жылы – 86 жеткіншек (13-і балалар үйінің түлегі) тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 2015 жылы  56 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді (Сырдария ауданы -2, Шиелі ауданы -2, Қызылорда қаласы -52).

Сонымен қатар, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2015 жылдың 1 маусымында облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда облысының өңірлік дамуына және кәсіпкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігіне ықпал ететін «Игілік» корпоративтік қорының қаржыландыруымен «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мемлекеттік мекемесі ашылды.

Алдағы уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы бақылауда болатындығын хабарлайды.

Ыстық тамақпен қамтамасыз етілу мәселесі

Облыс бойынша жалпы білім беретін 289 мектепте оқушыларға ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. 276 мектепте асханалар (95,5%) және 13 мектепте буфеттер (4,5%) жұмыс жасайды. Оның ішінде, жалпыға міндетті оқу қорынан әлеуметтік күнкөрісі төмен отбасының балалары 27098 тегін ыстық  тамақпен толық 100 % қамтамасыз етілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Елбасының «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспары бойынша еліміздің негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлайтын базалық 10 алдыңғы қатарлы  колледждің, елімізде жүзеге асырылып жатқан 2015-2019 индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыруға қажетті жұмысшы мамандарын даярлайтын оқу орындарының қатарына облысымыздан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі  2 мамандық бойынша енгізілді.

Атап айтқанда, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының «Техник-электрик» біліктілігі және «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының «Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник» біліктілігі.

Қазіргі таңда, «Кәсіпқор-Холдинг» АҚ-мен келісім-шартқа қол қойылып, жоба аясында 10 инженер-педагог біліктілік арттыру курстарынан өтіп келді.  Аталған екі мамандықтың оқу материалдық базасын жаңғырту мақсатында 2016-2018 жылдарға республикалық бюджеттен бөлінетін 200 млн. теңге қаржыға «Кәсіпқор  Холдинг» АҚ-на бюджеттік өтінім берілді.

         Сонымен қатар, ұлт жоспарында мектептердің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуды енгізу тапсырылған болатын. Осы мақсатта, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мен «КАТЕV» халықаралық қоры арасындағы келісім нәтижесінде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту арқылы мектептердегі негізгі пәндер математика, физика, химия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау республикада алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынып отыр. Қызылорда облысы әкімдігі мен «КАТЕV» халықаралық қоры арасындағы екі жақты меморандумға қол қойылды.Қазіргі таңда, «КАТЕV» халықаралық қоры тарапынан оқу орнына жауапты қызметкер бекітіліп,  шет тілі мамандығы бойынша білім алушыларды іріктеу, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш  білім беру», «Физика», «Математика», «Информатика» мамандығы бойынша 93 студентке  оқу жылының І-ші жарты жылдығынан бастап ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылуда. «КАТЕV» Халықаралық  қоғамдық қорының ұсынысына сәйкес 1 658 960 теңге қаржыға  711 дана қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынды. Сонымен қатар, қазіргі таңда, «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар физика пәні мұғалімі» біліктіліктері, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі» біліктілігі, «Бастауыш білім беру» мамандығының «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша мемлекеттік лицензиялары алынды.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 15-02-2018 15:25

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 20 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 31 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика