ДӘУЛЕТ НИЯЗБЕКОВ ПЕН ҒАЛЫМЖАН ӨСЕРБАЕВ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Шымкент қаласында күрес түрлерінен V жазғы Қазақстан Республикасының Спартакиадасы аясында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Жарыс қорытындысында еркін күрестен өнер көрсеткен жерлестеріміз 2 алтын, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Атап айтсақ, 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дәулет Ниязбеков пен 79 келіде Ғалымжан Өсербаев Қазақстан чемпиондары атанды. Дәулет ақтық сайыста павлодарлық Саятбек Оқасовты 11:7, ал Ғалымжан қарағандылық Шамиль Муртазовты 4:1 есебімен жеңіп, қос алтынды облыс қоржынына салды.
Сондай-ақ, осы спорт түрінен 70 келіде Қанат Мұсабековпен грек-рим күресінен 97 келіде Олжас Сырлыбай қола жүлделерді иеленді.
Спортшылардың барлығы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика