ҚЫЗЫЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНДЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛА БАСТАДЫ
Қызылорда қаласындағы мектептерінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашыла бастады. Оқушылардың тың ізденістеріне серпін беруді көздеген игі бастама Қызылорда қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектепте жалғасын тапты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Енді оқу ошағындағы танымдық шаралар мен үйірме жұмыстары осы жерде өтетін болады. Сондай-ақ түрлі үйірмеге біріккен жастар мектеп мұражайын ашып, оған жәдігерлер жинақтауға кіріскен. Әзірге шағын музейге алғаш болып, мектеп түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі теміржолшы Мешітбай Қаржаубаевтың орден-медальдары мен тұтынған заттары қойылды.
«Біздің өлкеміздің тарихи жәдігерлерін жинақтап, өзіміздің мұражайымызға әкеліп қойып, оны одан әрі нығайта түсеміз. Келген адамғатамсандыратындай көп нәрсе жасаймыз деген үміттемін», – дейді оқушы Айдана Мақсұтқызы.
«Сен білімді бол, сен ақылды бол, бірақ соның барлығы еңбекпен келетінін сол балдарға паш еткізіп, сол балдарға түсіндіріп, солар түсінсін, солар көрсін деген мақсатпен мына іс-шараға көңіліміз толып, рахметімізді айтамыз», – дейді ардагер ұстаз Аршагүл Қаржаубаева.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика