ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ
2019 жылғы қаңтарда тұтыну тауарлары бағасының индексі 100,4% құрады.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1%, азық-түлік емес тауарларына - 0,5%-ға жоғарылады, ақылы қызметтерге - 0,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
Азық-түлік тауарлар тобында өткен айда бағаның жоғарылауы жаңа жиналған көкөністерге 9,3%, темекі өнімдеріне - 6,1%, жұмыртқаға - 5,7%, жаңа жиналған жемістерге - 2,2%, шикі сүтке - 1,2%, макарон өнімдеріне - 1%, құс етіне - 0,9%, ірімшік және сүзбеге - 0,3%, алкогольді ішімдіктерге - 0,1%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі қызылшаға 0,4%, сәбізге - 0,2%, басты пиязға - 0,1%-ға тіркелді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға 7,1%, автокөлік құралдарын сатып алуға - 3,7%, фармацевтикалық өнімдерге - 2,9%, ұсақ электр-тұрмыстық құралдарға - 1,6%, жеке гигиенаға арналған өзге де тауарларға - 1,7%, ұсақ электр бұйымдарына - 1,1%, киім және аяқ киімдерге - 0,2%-ға тіркелді. Бензин 0,9%, дизель отыны - 0,4%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында құқықтық қызметтер үшін төлем және көлік құралдарын сақтандыруға 5%-дан, табыт дайындауға - 3%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жолаушылардың әуе көлігіне - 12,4%, жолаушылар темір жол көлігіне 8,6%-ға тіркелді.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергияға 3,7%, орталықтан жылытуға - 1,2%-ға төмендеді.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика