МЕКТЕПТЕРГЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Қызылорда облысындағы жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектептің тәжірибесі негізінде тәрбие моделін әзірлеу бойынша кәсіби көмек алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz зияткерлік мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Назарбаев Зияткерлік мектептердің тәжірибесін жалпы білім беретін ұйымдарға тарату аясында Зияткерлік мектебі педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп кезекті семинар өткізді.Іс-шара білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналды. Семинарда ауылдық және қала мектептері директорларының 20 орынбасары НЗМ-деатқарылып жатқан тәрбиелік бағыттағы жобалардың мақсат-міндеті мен жоспары туралы ақпарат алды. Аралау барысында үйірме жұмыстарыныңоқушылардың танымдық деңгейінің артуына, шығармашылық қабілетінің дамуына, адами құндылықтарды бойына сіңіруіне тигізер әсері жайында талқылау жүргізді.
Зияткерлік мектептің өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы Арайлым Өмірбекова семинарға қатысушыларға оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен, әкімшілік қызметкерлерімен және басқа да ұйымдармен бірлесе атқарылатын жұмыстарды таныстырды.
Ал,педагогикалық шеберлік орталығының тренері жүргізген практикум бөлімінде Зияткерлік мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары фасилитатор ретінде өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, қатысушыларға мектептің тәрбие моделін құруға бағыт-бағдар берді.
Тәжірибе алмасу алаңында тәрбие жұмысының маңыздылығы айқындалып, мектеп директорларының орынбасарлары тәрбиелік жобаларды тиімді жоспарлау бойынша білімдерін жетілдірді.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика